Пәннің мақсаты: білім алушылар әлемдік мәдениет пен өркениет контекстінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігін түсінуді



бет32/49
Дата08.03.2023
өлшемі408,27 Kb.
#72556
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Байланысты:
umkd madeniettanu 2022-2023

Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі

  1. Спенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. — Алматы,

  2. Торайғыров С. Шығармалар жинағы. — 2 т. — Алматы,

  3. Ысқақұлы Д. Əдеби алыптар. — Астана,2004.

Дәріс 12. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті.
12.1. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер.
12.2. Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы гуманитарлық зиялы қауымның рөлі.
Дәріс мақсаты: Қазақ халқының мәдени бірегейлігін сақтау мен қазіргі қазақстандықтың мәдени-рухани келбетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, өз Отанына, ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақ халқының рухани мұрасы, рухани құндылықтарын, қазақ халқының мәдени кодын сақтау, әлемдік мәдениет құндылықтарына қосудағы отандық өнердің рөлі.
Әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.
Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы­ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жал­пы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте бо­лып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланыс­ты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туа­ды. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейне­леу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әде­биетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін.
Әдебиеттанушылар əдеби үдерісті зерттеу барысында суреткер шығармаларының көркемдік деңгейіне, сапалық дамуына жіті назар аударады. Дəуірдің əдеби процесін тұтастықта зерттеудің маңызды болатыны үлкен суреткерлер өзіне дейін танылған суреткерлермен ғана емес, «қосалқы» авторлармен де, көпшілік əдебиетпен де шығармашылық «диалогқа» түседі. Тамырсыз ештеңе өнбейді. Жеке суреткерлер, яғни тұлғалар əдеби үдерісте дəстүрге сүйене отырып, өзіне дейінгі құндылықтарды өзгерте, дамыта келіп, өздері де əдебиетке көркемдік жаңалық, ізденістерін əкеледі жəне əдеби үдеріс ағынында жалғастырушы, жаңартушы қызметін атқарады. Мысалы, ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1970-90 жылдары қазақ прозасында Ә. Кекілбаев, Д. Исабеков, Р. Тоқтаров, О. Бөкеев, Т. Әбдіков, С. Санбаев, М. Ысқақбаев, Д. Досжанов т.б. жаңашыл жазушылар ұлттық дəстүрді сақтай отырып, əдебиеттегі социалистік реализмнің «қатқан қалыбын» бұзуға ұмтылды, дүние мен адам сырын жаңаша құрылымдық ажармен бейнелеуге тырысты. Қазақ жазушылары əдебиетке партия өктем билігін жүргізген тұста халқымыздың басынан өткен келеңсіз құбылыстарды есебін тауып, орайын келтіріп айта білді. Олар өмір шындығын сыңаржақ суреттеуден бас тартып, мүмкіндігінше қоғам дамуының қайшылықтарын көрсетуге тырысты. Әдебиетте өз ортасын олқы санап, көңілі толмаған, қоғамға сын көзімен қарай баста ған кейіпкер бой көрсетті. Көркем шығармада мұндай кейіпкер қоғам шындығына қанағаттанбай, қоршаған ортаны жатсынып, тіпті жан сілкінісін, ішкі наразылығын білдірді.
Әдеби үдеріс бір ғана ұлт əдебиетінің шеңберінде ғана емес, əлемдік əдебиет ауқымында да бір мезетте бір-біріне ұқсас жəне бірін-бірі қайталамайтын əдеби кезеңдерден, дəуірлерден тұрады. Әдеби үдеріс үздіксіз жалғасып, əрбір жаңа дəуір өзіне дейінгі көркемдік жетістіктерге сүйенеді. Мысалы: əлемдік əдебиеттің көркемдік даму тəжірибесінде символизм, экспрессионизм романтизм əдісінің аясында қанат жайды, яғни ХХ ғасыр басындағы модернистік бағыттар романтизмнің көркемдік дəстүрлерімен нығая түсті. Жаңа тарихи тұс дəстүрлі құндылықтарды игере отырып, əдеби үдерісте жаңа дүние тудырады, яғни адамзаттың сан ғасырлар бойы жинақтаған көркемдік қазынасына өз үлесін қосады.
Әдеби үдерістің маңызды құрамдас бөлігінің бірі халықаралық əдеби байланыстар болады. Әдеби үдеріс аясында əдеби бағыттар мен ағымдардың белгілі бір ұлт əдебиетінде орын тебуінің бірнеше факторлары бар екені белгілі. Соның бірі – тарихи-əлеуметтік фактор, бірі – ұлттық дəстүр аясында пісіп жетілген қажеттілік (заңдылық), енді бірі – əдеби байланыстар. ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің əлемдік əдеби процеспен байланысы М. Әуезов, С. Талжанов, Ш. Сəтпаева, Е. Лизунова, Р. Қайшыбаева, С. Тойшыбаева, К. Канафиева, М. Маданова, Ө. Күмісбаев, Б. Мамыраев т.б. зерттеулерінде қарастырылады. Шетел əдебиетіне ықылас қазақ əдебиетінің əлеуметтік-тарихи жəне эстетикалық мақсаттарынан туындады.
Қазақ əдебиетіне əлемдік əдеби үдерістің, Шығыспен қатар Ресейдің жəне Батыстың эстетикалық байланыстарының əсері болды деуге болады жəне қазақ əдеби үдерісін зерттеу барысында осындай əдеби байланыстарды ескеруіміз қажет. Ұлттық əдебиет жүйесінің өзінің көркемдік дəстүрлерін дамытудағы рөлі қаншалықты зор болғанымен, оны өздерінің жеке тəжірибесімен ғана шектеп қою əдебиеттің қарқынды дамуына кері əсерін тигізері хақ. Ұлттық əдебиет жүйесіне əлем əдебиетінің көркемдік тəжірибесі де табиғи түрде кіреді [3, 262].
Әрине, біз осы орайда жай «еліктеу» немесе «шеттен алу» туралы емес, мəдениеттердің өзара əрекеті мен өзара ықпалы туралы ай тып отырмыз. Сырттан орыс, еуропа əдебиеттерінен келген көркемдік тəжірибе өз бойына жаңаны құмарлана сіңіре білген қазақ топырағына механикалық түрде ауысқан жоқ, ол «өзімізге» айналып, ассимиляцияланды, ұлттық əдебиетіміздің бір бөлігіне айналды. Қазіргі қазақ əдеби процесінің ерекшелігі, əдебиеттанушылармыз атап өткендей, сан алуан эстетикалық жүйелердің: романтизмнің, реализмнің, модернистік ағымдардың өзара қатар, параллель, тіпті синхронды дамуында жатыр. Бұл жүйелердің өзара əрекетке түсуі олардың элементтерініңөзаракірігуінеалғышарттаржасады жəне соған сəйкес өз алдына жеке эстетикалық бағыттың əрқайсысын зерттеуде күрделілік туғызады.
Жаһандану дəуірінде қазіргі əдебиеттану ғылымы əдеби байланыстар мен əдеби ықпал объектісінкеңауқымдақарастырады.Олтектақырыпқа, образдарға, сарынға, сюжеттікжелігеғана қатысты емес, сонымен қатар көркемдік идеяларды, түрлік ізденістерді, жанрлар мен олардың жүйесін, шығармашылық бағдарламаларды да қамтиды. Халықаралық байланыстар əдеби процесте шартты түрде дербес болғанымен, өз кезегінде əдеби шығармашылыққа да белсенді əсер етіп отырады.
Әдеби процеске ең алдымен əлеуметтіктарихи құбылыстар əсер ете отырып, екі түрлі факторбастыбағытбереді:ұлттық-мəденидəстүр мен жалпы адамзаттық, əлемдік мəдениеттің əсері. Ұлттық топырақтан сусындап, ұлттық дəстүрден қол үзбеу жəне əлемнің көркемдік даму тəжірибесін өз мүддесі тұрғысынан игеру əрбір ұлт əдебиетінің жемісті дамуының басты шарттарының бірі болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет