Пәннің мақсаты мен міндеттері


Дәріс №1. Психолингвистика



бет11/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Дәріс №1. Психолингвистиканың теориялық негіздері


Тірек сөздер: зерттеу нысаны, зерттеу пәні (предмет), таңба, сөйлеудің туындауы (производство речи), сөйлеуді қабылдау (восприятие речи), тілдік қызмет, тілдік жүйе, тілдік материал
1. Психолингвистиканың зерттеу нысаны және пәні
Психолингвистика (фр. linguistigue — лат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеуметтік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алынды. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.
Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.
Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты.
Адам баласы тілді толық меңгеру мүмкіндігіне ие болып туады. Дегенмен, бұл мүмкіндікті әлі шыңдау керек. Бұның қалай жүзеге асуын түсіну үшін психолингвистика бала тілінің дамуын қарастырады. Психолингвистика сондай-ақ сөйлеу процесінің дамуы мен қызметінің нормадан ауытқу принциптерін де зерттейді. «Нормада жоқ нәрсе – нормадан ауытқу» принципін ұстана отырып, психолингвистика балалар мен ересектердің сөйлеу ақауларын да зерттейді. Бұл келесідегідей ақаулар: өмірдің бастапқы кезеңінде тілді меңгеру процесінде пайда болған, сондай-ақ, кеш байқалған – ми жарақаты. Мүкістік, психикалық аурулардан болған ақаулар.


Психолингвистерді толғандыратын дәстүрлі сұрақтар келесідей:

  1. Дыбыстық тілді айқындау процесі мен оның туу процесі симметриялы құрылған ба?

  2. Ана тілді меңгеру механизмі мен шет тілді меңгеру механизмінің ерекшелігі неде?

  3. Оқу механизмін қандай механизмдер қамтамасыз етеді?

  4. Неліктен мидың белгілі бір бөлігінің зақымдануынан белгілі бір тілдік ақаулар пайда болады?

  5. Сөйлеу әрекетінің белгілі бір аспектілерін қарастыру арқылы сөйлеуші тұлғасы жайында қандай мәлімет алуға болады?

Психолингвистика шамамен 40 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды деп саналады. Шынында, 1950 жылдары АҚШ-та қалыптасып қойған ғылыми бағытқа қағаз жүзінде мәртебе (статус) беру мақсатымен американдық психолог «психолингвистика» терминін ұсынған. Дегенмен, қазіргі уақыттың өзінде де психолингвистика нақты белгіленген шекарасы бар ғылыми дәрежесіне көтерілген жоқ, сондықтан бұл ғылым тіл мен сөйлеудің қай аспектілерін зерттейтінін және осы мақсатта қандай әдістерді қолданатынын нақты көрсету екіталай. Бұған дәлел – кез келген психолингвистикалық оқу құралдарының мазмұны. Лингвистикалық еңбектерде міндетті түрде фонетика, лексика, грамматика жайында, психология оқулықтарында түйсіну, ес, сезім жөнінде сөз етсе, психолингвистикалық оқу құралдарының мазмұны сол еңбектің қандай ғылыми және мәдени дәстүрде жазылғанына байланысты.


Көптеген американдық және ағылшын тілді психолингвистер үшін (негізінен, білімі бойынша психологтар) тіл туралы ғылымның эталоны болған АҚШ-тағы беделді лингвистикалық теориялардың бірі – бірнеше нұсқалы Н.Хомскийдің генеративтік грамматикасы. Генеративтік лингвистика ( лат. generativus – туындаушы ) ( орыс. генеративная лингвистика) - 20 ғасыр 50 - 60 жылдарында Н. Хомский (АҚШ) идеяларының ықпалымен тіл білімінде пайда болған формалды бағыттардың бір тармағы. Генеративтік лингвистика тілдегі белгілі бір типтің формалды үлгісін жасауға негізделген. Генеративтік лингвистика үшін типтің формалды үлгісінің негізі трансформациялық туындаушы грамматика, яғни генеративті грамматика болып табылады. Бұл теория американдық дескриптивизмге және сөйлемді құрамына қарай талдау тәсіліне жауап ретінде АҚШ-та туған. Бұл грамматиканың құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады: синтаксистік, семантикалық және фонологиялық, бұлардын ішінде негізгісі - синтаксистік, ал қалғандары синтаксисті түсіндіру қызметін атқарады. Генеративтік лингвистика 20 ғасыр 60 жылдарында АҚШ-та және басқа жерлерде кең өріс алды. Ол синтаксисті сипаттау аппаратың жетілдіруге, тіл білімінде формалды зерттеуді жеңілдету техникасын, мәселен, ЭЕМ (ЭВМ) көмегімен тіл процестерін автоматтандыруды енгізуге себеп болды. Бірақ Хомскийдің "Синтаксис теорияларының аспектілері" (1965) еңбегі шыққан соң, әр түрлі оппозициялык ағымдар туды, мысалы, туындаушы семантика, септік грамматикасы. 70-жылдарда Генеративтік лингвистиканың бір қатар әлсіз жақтары ашылып, оның идеяларының ықпалы әлсіреді.Осы ретте, американдық дәстүрдегі психолингвистика Хомский идеясының негізінде қалыптасқан психологиялық болжаммен бақылаудағы сөйлеу әрекеті қаншалықты сәйкес келетінін тексеруге бағытталған.
Осы тұрғыдан келіп бір авторлар – баланың сөйлеу тілін, екіншілері – әлеуметтік қарым-қатынастағы тілдің орнын, үшіншілері тіл мен тану процесінің өзара байланысын қарастырады. Француз психолингвистері негізінен швейцар психологы Жан Пиаженің (1896-1980) ізбасарлары болып табылады. Сондықтан оларды қызықтыратыны негізінен: бала тілінің қалыптасуы және таным процестері мен интеллекттің дамуындағы тілдің рөлі. Еуропалық (сондай-ақ отандық)гуманитарлы дәстүр бойынша психолингвистиканың қызығушылығын,ең алдымен келу жолын(подход) (бұл психиканы оқудан әрі жатқан дүние) белгілеуден бастауға болады. Бұл тілді «таза қатынас жүйесі» деп (lanque – ХХ ғасыр басындағы структуралық лингвистиканың негізін салушы швейцар лингвисі Ф. де Соссюрдің терминінде) түсіну, бұнда тіл зерттеу мақсатында сөйлеуші психикасынан алыстатылған құрылым (конструкт) ретінде көрініс береді.
Психолингвистика бастапқыда реалды сөйлеу, түсіну үрдістерін (процесс) «тілдегі адамды» зерттеуге бағытталған (Француз лингвисі Э.Бенвенистің (1902-1976).
Психолингвистиканы жеке пәні мен әдістері бар ғылым ретінде емес, сөйлеуді, қарым-қатынасты, таным үрдістерін зерттейтін ерекше ракурс деп тану өнімді деп қарастырылады. Ракурс, раккурс (фр. raccourcіr — қысқарту) — бейнелейтін денені, затты немесе архитектуралық пошымды перспективалық тұрғыдан қысқарту. Бұл ракурс көптеген зерттеу бағдарламаларын, әр түрлі мақсаттағы теориялық сілтемелер мен әдістерді тудырды. Бұл бағдарламаларға үш фактор тобы ортақ болып табылады:
1.Сөйлеу әрекетінің таза функционалдық, кибернетикалық үлгілермен (модель) қанағаттанбаушылық. Зерттеуші ой қорытындысын «кірудегі» мәліметтерді «шығудағы» мәліметтермен салыстыра отырып функционалды үлгілер сөйлеуді «қара жәшік» әдісімен зерттеуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, «анығында» не болып жатқаны жайында сұрақ қоюдан бас тартады.
2.Осы қанағаттанбаушылықтан туған құндылық бағдарының ауысуы. Жаңа құндылық бағдарларына сәйкес зерттеудегі қызығушылық негізінен сөйлеуші мен тыңдаушының психикасында өтетін нақты үрдістерді түсінуге бағытталған.
3.Зерттеу әдістерінің ішінде ерекше көңіл экспериментке, сондай-ақ, пайда болу үрдістерін тыңғылықты жоспарлы бақылауға және шындық кезеңдегі сөйлеуді тәрбиелеуге бөлінген.
Тіл мен сөйлеуді зерттеудің психологиялық ракурсын шартты түрде американ ғалымдарының «психолингвистика» терминін айналымға енгізгенге дейін өмір сүрді деп есептеуге болады. ХІХ ғасырда неміс философы әрі лингвисі В.Фон Гумбольдт «дүниетанымдағы» тілдің маңызды қызметін атаған, қазіргі таңда біз оны сыртқы ортадан түсетін информацияның субъектті құруы деп айтар едік.
Тіл құбылысын психологиялық қатыста қарастырудың отандық дәстүрі орыс әрі поляк лингвисі, Қазан лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы И.А.Бодуэн де Куртенэден (1845-1929) шығады.
Тілді «психо-әлеуметтік негіз» ретінде, ал лингвистиканы «психо-әлеуметтік» ғылымдардың ішінде қарастыруды ұсынған. Тілдің дыбыстық құрылысын зерттей отырып, Бодуэн тілдің ең кішкене бірлігін – фонема- «дыбыстық көрінісі» деген, себебі, фонеманың мағына ерекшелейтін қызметі тек белгілі бір психикалық үрдісте көрініс береді. Бодуэннің шәкірттері В.А.Богородицкий (1857-1941) және Я.В.Щерба (1880-1944) сөйлеу қызметін зерттеуде экспериментальды әдісті жиі қолданған.
Щерба психолингвистика жайында айтпаған, бұл терминнің өзі отандық лингвистикада тек А.А.Леонтьевтың осы аттас (1967) монографиясынан кейін бекітілді. Дегенмен Щербаның әйгілі «Тіл біліміндегі эксперименттегі тілдік құбылыстардың тілдің үштік аспектісі» мақаласында (1927 жылы ауызша баяндалған) жаңа психолингвистиканың басқы идеялары қамтылған: бұл сөйлеу мен тыңдаудың нақты үрдістерін ерекше зерттеуге көңіл бөлу, сөйлеу тілін ерекше жүйе ретінде түсіну «болымсыз тілдік деректерді» - зерттеу (терминде Щерба «былай сөйлемейді» ескертпесін айтуда енген) және соңғы Щербаның ерекше орын, беретіні – лингвистикалық эксперимент.
Щерба ерекше бағалаған лингвистикалық эксперименттің мәдениеті Л.В. Щербаның тікелей шәкірті, Ленинград фонологиялық мектебінің негізін қалаушы Л.Р. Зиндердің (1910-1995) еңбектерінде және Зиндердің қызметкерлері (Л.В.Бондарконың және т.б.) еңбектерінде жемісті жалғасын тапты.
Дегенмен, ХХ ғасыр лингвистиканың магистральды жолдары және оның жетістіктері тілді психикалық құбылыс деп танумен емес, оны белгілер жүйесі деп түсінумен байланысты болды. Сондықтан психолингвистикалық ракурс және оны қамтитын көптеген зерттеу бағдарламалары лингвистиканың структуралық бағытымен салыстырғанда көп уақыт маргинальды орын алып келді. Маргинал өз мемлекетінің мәдениетінен үзіліп (класс, топ) және өзгенің құнды өмірінің бейнесіне косылмаумен ерекшеленетін адам.
Психолингвистиканың зерттеу бағдарламалары белгілі бір кезеңде қандай да бір ғылыми бағыт лингвистика мен психология үшін ғана емес, сондай-ақ, жалпы гуманитарлық циклдағы ғылымдар үшін «эталон» немесе шектестік («смежность») болып табылатын. «Эталонность» және «смежность» қатынастары белгілі бір тарихи кезеңде тығыз байланыста болғанда ғана мәнді болады: лайықты қатынас және бағалануы нақ сол кезең бөлігіндегі ғылыми танымдық стилі мен жалпы ғылым картасының жағдайына қарай өзгеріп отырады. Психология үшін оның қалыптасу кезеңінің эталоны – асқақ эксперименталды зерттеуі бар физика болды. Осы ретте экспериментальды анализға бағынбайтын рухани құбылыстар философияның еншісіне берілді.
Құрылымдық лингвистика үшін ең алдымен қаталдық пен мазмұндауды қалыптастыратын эталон ретінде математика мен математикалық логика қызмет атқарады. Өз кезегінде 1970 жылдардың ортасында психолингвистика үшін экспериментальды психология (ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты) сөзсіз эталон болып және ең жақын кезектес (смежный) болып қалды. Осы кезде психолингвистиканың өзі (дәлірек айтсақ, европалық нұсқасы) психологиялық емес (бұнымен келіспейді де) лингвистиканың бағыты болып саналады.
Тілді сөйлеуші тұлғасының психикалық құбылысы ретінде зерттеу тапсырмасы зерттеушіні мүлдем табиғаты өзгеше жағдайға әкеп соқтырады, немесе физикалық космос тым кеш меңгерілген. Шарттылық «жанды космостың» физикалық космосқа қарағандағы күрделігінің негізінде туындайды, ал психикалық үрдіс (процесс) рухани құбылыстан айырып алуға келмейді, лингвистикалық ортада әйгілі бола қоймаған.
Бұдан соң сөйлеуші мен түсінушіні суреттеуге бағытталған психологиялық теорияларда жарылыс пайда болады. Бұндай жарылыс Н.Хомскийдің «абсурд болмаса, қызық болуы еді» деген сөзімен айтқандай, формальды теориясының негізгі түсініктері үшін экспериментальды аналогияны іздеп табу талпынысы негізінде американдық психолингвистерге тән.
Дегенмен, 1970 жылдардың соңында психолингвистикалық мәселелер дамыды, психолингвистиканың ішкі жағдайы да ғылымда да лингвистика үшін, нақтыласақ, психолингвистика үшін «смежный» болды. Бұл негіінен ғылымдар кешені және танымдық үрдістердің мінезі мен қозғалысы.
Нағыз тіл біздің дүние туралы біліміміздің айнасы іспетттес негізгі форма, бірақ ол, сондай-ақ адам баласының білім қабылдау, бекіту және әлеуметке жеткізуді жүзеге асыратын негізгі құрал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет