Пәннің мақсаты мен міндеттері


Дәріс №3. Сөйлеудің онтогенезі



бет19/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Дәріс №3. Сөйлеудің онтогенезі


Тірек сөздер: белгі (знак), символ, тілдесу, гуілдеу (гуление), сыбызғы (свирель), былдыр (лепет), еліктеуіш сөздер, сөз шығармашылығы, жоғарғы генерализация (сверхгенерелизация), екі құрамды сөйлем, сенсомоторлы интелект, концептуалды логика, мидың маманданбаған аумағы (неспециализированность мозга).
Қазіргі таңда тілді игеру теориясы (сөйлеу онтогенезі) кең ауқымда қарастырылатын дисциплина болып табылады. Психолингвистика аясында пайда болғанымен, ол ертеден-ақ өзіндік ерекше, дербес статусқа ие.
Адамды адам қылған, ары қарай дамытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл - адам ойын жетілдіру үшін, әлемді қоғамды танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым- қатынысқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорының және оны орынды қолдануына байланысты.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде қалыптасқандай баланың психикалық дамуының толықтығы ең маңызды мәелелерінің бірі- баланың сөйлеу тілі жағдайы.
Бәрімізге белгілі болғандай қалыпты сөйлеу тілінің даму кезеңі баланың мектептегі келешекте оқушының сөздік қорының және тілдің грамматикалық формалары сауаттылықты меңгеруде дайындығының міндетті түрде қажет екені белгілі.
Фонетика - фонематикалық және ерекше сөйлеу тілінің лексика грамматикалық жағының жетіспеушілігі, басқа психикалық процестердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарында зияты бұзылған балалардың арнайы мүмкіншіліктерін дағдылары ғана емес сонымен бірге коорекциялық тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі. Осы сөйлеу тілін дамыту мәелелерінің аспектілерін зерттеу барысында фонематикалық қатарын, сөздік қорының құрамын, сөйлеу құрауын т.б. процестердің параметрі мен ( А.К. Аксенова, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, М.В. Занков, Г.В. Петрова) айналысқан.
Белгілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесінің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілетін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер мен сөз тірекстері бір-бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлелденген бірсыпыра құнды пікірлері бар.
Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, оқушы, мұғалім оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.
Диссертацияда ғалым дәлелденген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілді саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздрдің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамуындағы түсіндермелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қлып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды. С. Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттыратын, ойлағанын дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландыратын, дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушылардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс- тәсілдеріне мән берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет