Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет31/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Мәтінді қайта айтып беру

Мәтінді қайта айтып беру мәселесіне көптеген психологиялық эксперименттер арналған. Оқып шыққан мәтінді қайта айтып беру кезінде реципиенттер (репродуциенты) әрқашан бастапқы мәтінді трансформацияға ұшыратыды.
Барлық қайта айтып берлерде кейбір өзгерістердің түрлері әрдайым кездесіп отырады, оларға жататындар: сөздерді ауыстыру, мәліметтерді қалдырып кету және қосу. Трансформацияға жиірек ұшырайтындар етістіктер, ал түсіріліп қалатындар үстеу, сын есім және айқындау конструкциялар. 50 % жағдайда іс-әрекет «қайда», «қашан» және
«қалай» жүзеге асқаны жөніндегі мәлімет қалдырылып кетеді.
Қайта айту барысында қосып айту кейіпкердің іс-әрекет себебіне, мақсатқа жету жөніндегі мәліметтің дамуына қатысты, ішкі реакция жайында бекіту қосылады. 50% -да ырықсыз етіс өздік етіске алмастырылады немесе ішкі реакция белсенді әрекетке айналған түрде сөйлем қайта құрылады.
Мәтінді қайта айтып беру анализі эмоционалды бояуды, индивидтің жеке мәнді білімін табуға көмектеседі – ол қайта айтылып берілген мәтіндегі кейіпкерлердің мотивтері және іс-әрекеттерін толық суреттеуде көрініс табады. Мәтінді туындатудың түп нұсқасына жақын автордың көзқарасына реципиенттің қабылдауына және оның өзінің жеке құндылықтары және ереже қағидаларының сәйкестігіне тәуелді.
Кез келген түсіну өз ішіне анализ жасау, бағалау және салыстыруды енгізеді. Сондықтан тіпті жақсы машықтанған естің өзі келіп жатқан ақпаратты сол күйінде ешқашан сақтай алмайды. Оған бұрынғы білім, жеке мотивтер және перцепция моментінде неге назар аударылғаны әсер етеді. Реципиенттің көңіл-күйі және оның тілектері, бұрынғы білімі есте сақтау және туындау жасау процестерін ұйымдастыруға әсер етеді. Сондықтан істің реалды барысы бағытына сәйкес келеді және оның интерпретациясы не болып табылатыны арасындағы айырмашылықтарды түсіне білу маңызды болып табылады назарға алуымыз қажет. Мұнда мәтіндегі сөздің семантикасы жеке, бөлек тұрған сөздердің семантикасынан көп ерекшеленуі мүмкін, өйткені сөз тек мәтінде ғана өзінің негізгі мәнін табады.
Осылайша тілдік қатынастың анализі барысында мәтін семантикасына назар аудару объективті және заңды құбылыс болып табылады. Себебі ол тілдік бірліктердің қызметтерін атқару процесінде жалпы байланысы мен өзара әрекеттестігіне негізделген. Бір деңгейдегі тілдік бірліктердің мағыналық жақтарын анықтауда жоғары деңгейдегі мәтінге дейінгі тілдік бірліктерге көңіл бөлу жағдайы тілдік бірліктердің мынадай өзара әрекеттестіктерінің нәтижесі болып табылады. Ал мәтін бұл жағдайда таңбалық деңгейдегі тілдік қарым-қатынастың ең шегіндегі бірлігі болып табылады. Мұның бәрі сөйлеудің мәнін анықтауда қолданыс сферасын, тілдік бірліктердің қызметін, яғни мәтінді есепке алуды қажет етеді. Сонымен қатар, ғалымдардың мәтінді зерттеуге қызығушылығының ар жағында тілдік сана мәселесіне қызығушылығы жасырын тұр. Тілдік сана Ресей психолингвистикасында тілдік таңбалар көмегімен сыртқы қызметті жоспарлау және регуляциясының ішкі процесі ретінде түсініледі. Тілдік таңбалар және сәйкесінше мәтінге қызығушылықтарда тілдік тұлға және адам әлемінің бейнесі деген қызығушылық жатыр, өйткені әрбір мәтінде тіл жүйесін меңгерген тілдік тұлға байқалады.
Қазіргі таңда лингвистикада мәтіннің 300-ден астам анықтамасы бар деп есептеледі. Олардың арасында мәтін және сөз арасы, мәтін және сөйлем арасындағы мәнді айырмашылықты көрсеткен анықтамалары да бар: «Мәтін – бұл сызықтық және шектеулі сипатқа ие тілдік компоненттердің бірізділігі». Негізі, сөз де – тілдік компоненттер бірізділігі, және сөйлем де «сызықтық және шектеулі сипатқа ие».
Мәтіннің анықтамалары ішінде семантикалық толық мәнді емес (семантически неполнозначные) анықтамалар бар, мысалы: «Мәтін – бірыңғай жеке маңыздылыққа ие эмпирикалық құбылыс. Біз оны сөйлеген кезде немесе жазған кезде жасаймыз». Мұнда мәтіннің семантикалық бірлігіне ерекше көңіл аудара айтылғанымен, бұл анықтамада мәтіннің адам қызметінің құрылымын қамтамасыз ететін функциясына нұсқау жоқ.
Мәтін жайында сәтті шыққан анықтамалардың бірі ресей филологы И.Р.Гальперинге тиісті: «Мәтін жазбаша құжат түрінде объективтендірілген, аяқталған түрге ие сөйлеу-шығармашылық үдеріс туындысы, тақырыптан және лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың түрлі типтерімен біріктірілген, белгілі бір бағыттылық және прагматикалық мақсатқа ие ерекше бірліктердің қатарынан (аса жоғары фразалық бірліктерден) тұратын туынды».
Лингвистикада аса жоғары фразалық бірліктердің (сверх фразовами единицами) дегеннен, шамамен абзацқа сәйкес келетін мәтін бөлігі деп түсініледі. Бұл анықтамада да мәтіннің тұтастылығы, оның элементтерінің байланыстылығы және функциялық бағыттылығы ескерілген (Дегенмен, мәтін тек жазба формада ғана болады деп есептеледі).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет