Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет27/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

1.Сөйлемдерді қабылдау
Н.Хомскийдің пікірінше, көпмағыналы фразаларды түсіне алу қабілеті адамның тілдік компетенциясының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тыңдаушының (оқырманның) міндеті екі құрылымды сөйлемнің қайсысын (37 және 38) ойға алғанын анықтау болып табылады
(36).Посещение родственников утомительно. Туысқандардың үйіне бару адамды қатты шаршатады.
(37) Когда нас посещают родственники,
это утомительно. Біздің үйге туысқандар қонаққа келгенде,
біз оларды күтеміз деп шаршап кетеміз.
(28) Когда мы посещаем родственников,
это утомительно. Туысқандардың үйіне қыдырып бару, бұл бізді жалықтырады.

Ұқсас жағдайда, (39) фразасы екі мағынаға ие болуы мүмкін (немесе Н.Хомскийдің пікірінше, екі терең құрылым). Реципиенттің міндеті түсіну немесе екі мағынаның қайсысы (40 немесе 41) белгілі контексте жүзеге асырылған.


(39) Қарақшылардың адам өлтіруі – қорқынышты іс (Убийства бандитов были ужасны).
(40) Қарақшылар адам өлтірген кезде, бұл қорқынышты іс болды (Когда бандиты убивали, это было ужасно).
(41) Қарақшыларды өлтірген кезде, бұл қорқынышты іс болды (Когда убивали бандитов, это было ужасно).
Тұтас алғанда, көпмағыналы сөйлемдер өзінің синтаксистік құрылымына байланысты бірнеше типі болуы мүмкін.






Көпмағыналы
сөйлемнің типтері

Мысал

Мүмкін варианттар

(42)

Бірмағыналы

Jack likes soccer.

Дәулет көкпарды
жақсы көреді.




(43)

Глобальды көпмағыналы

Flying planes can be dangerous.

Ұшқан самолеттер қауіпті болуы
мүмкін.

Ұшақпен қауіпті
мүмкін.

ұшу болуы

(44)

Жеңіл көпмағыналы

Студенты из Тюмени поехали в москву.

Тюменде тұрып жатқан студенттер
Москваға келді.

Тюменде болған студенттер Москваға келді.

(45)

Жеңіл көпмағыналы

John knows loves Mary.

Bill

Беріктің Маржанды кӛретінін
біле ме?


жақсы Дәулет

Беріктің Маржанды жақсы кӛретінін Дәулет
біледі.

(46)

Қиын уақытша көпмағыналы

The horse raced past the barn fell.

Жылқы сарайдың қасынан ӛтіп бара жатып құлап
қалды?

Сарайдың жанынан жүгіріп өткен жылқы ...
құлап қалды?

Уақытша көпмағыналы сөйлемдерге (temporarily ambiguous sentences) (46) келетін болсақ, олар оқу барысында белгілі бір орындарға дейін осылайша болуы мүмкін. Көпмағыналық реципиент мүмкін мағынаның қайсысын қабылдайтынын шешкен кезде жоғалады (алынып тасталды).


Сонымен қатар, бір сөз сөйлемде бірнеше мағынаға ие болуы мүмкін (47) немесе контекстен суырып алынған жазба тілдегі фраза ауызекі тілде бар логикалық екпінің ізі болмайды (48).




Мысал

Мүмкін варианттар

(47)

Балапандар түскі асқа
дайын.

Балапандар
тамақтануға даяр.

(тірі)

Балапандар
жеуге даяр.

(қуырылған)

(48)

Ол норвег
үйленетін шешті.

қызына болып

Ол үйленетін болып шешті, әйтеуір.

Ол тек норвег қызына үйленемін деп шешті.

Сөйлеуді қабылдау барысында реципиент үшін әрқашан берілген сөздің синтаксистік формасы маңызды емес екенін ескерте кеткен жөн. Ең бастысы – оның мән- мағынасында.


Тану, айыру (recognition test) эксперименті кезінде сыналушыларға алдымен, үлкен емес мәтіндер, соңынан түрлі фразалар берілді және оладан бұл фразаларды бұрын кездестіргені жайында айтуды сұрады. Егер оларға алдымен (49) фраза берілсе, онда сыналушыларға кейінірек берілген (50) фразадан айырулары қиын болды.

(49)

Мистер Смит заказал кофе.

Мистер Смит кофе әкеліп беруді
тапсырды.

(50)

Кофе был заказан мистером
Смитом.

Кофені әкеліп беру мырза Смит
тарапынан тапсырылған болатын.

Басқа жағдайда сыналушылаарға алдымен, (51) фразаны оқып, соңынан (52) фразаны ұсынса олар оны ажырата алған. Өйткені олар түрлі сұраққа жауап берген. Бұл жағдайда активті және пассивті құрылымдар арасындағы айырмашылық маңызды болып табылады.








Фразалар

Сұрақтар

(51)

Кофе заказал мистер Смит.

Кофе әкеліп беруді Мистер Смит
тапсырды.

Кто кофе?

заказал

Кім кофе тапсырды?

әкелуді




Мистер заказал кофе.

Смит

Мистер кофе
тапсырды.

Смит әкелуді

Что заказал мистер Смит?

Мистер Смит не әкелуді тапсырды?

Бұл фразаларға жауап беретін сұрақтардағы бұл айырмашылық (кофе немесе мистер Смит) қабылдау аяқталғаннан кейін санада сақталатын форманы бейнелейді. Сондай-ақ, сыналушылар фразаларды қабылдауда онда берілген ситуацияларға көңіл бөледі және осының өзі тілдік хабарды есте сақтауға әсер етеді.





  1. Сөйлеудің шындыққа қатынасы

Адам сөйлеуді қабылдай отырып, айтылғандарды шындықпен және өзінің ол жөнінде біліммен ара қатынасын белгілейді.


Айталық, төмендегідей синтаксистік көпмағыналы фразаны (53) кездестіргенде, реципиент шындық әлемнінің физикалық заңдары бойынша бар білім есебінен оны дұрыс түсінеді.






Мысал

Мүмкін варианттар

(53)

Қарындаш үстелге түсіп қалды және ол сынып
қалды.

Қарындаш үстелді сындырды?

Қарындаш үстелге
түскендіктен сынып қалды.

Реципиент әрқашан ойлау операцияларының көмегімен тек жалғыз дұрыс вариантқа қарай ұмтылып отырып өзінің дұрыс емес түсінігін қайта құрады. Мысалы, (54) фраза (56) фразадай емес, қайта (55) фраза секілді түсіндірілуі мүмкін және кейде (57) фразадай түсінік берілсе, бұл жағдай екіталай.





(54)

Мальчик преследует собаку в
автомобиле.

Бала машинада отырып иттің ізіне түсті.

(55)

Мальчик в автомобиле.

Бала машинада отыр.

(56)

Собака в автомобиле.

Ит машинада отыр.

(57)

Карикатура, на которой собака едет в автомобиле и мальчик бежит за
ней.

Карикатурада машинада отырған ит және оның ратынан жүгіріп бара жатқан бала
бейнеленген.

Тіл иелері машинаны баламен байланыстыратыны белгілі. Карикатурада, әрине, иттер машина айдай алады, балар аузына ойыншық машинаны тістеген иттің соңынан жүгіруі мүмкін.


Дегенмен, (54) фраза ақылға қонымдырақ. Тіл иесі сөйлеуді қабылдауда және интерпретациялауда оның шындықпен жанасатын, болуы ықтималдау түсіндірмесін таңдайды.
Сонымен қатар, реципиент тілді қабылдауда фразаларды таза формальды анализ негізінде түсіндіруге қарағанда, текстен тыс ситуацияны толық бейнелеп сипаттап бере алады. Ескерте кететеін жайт, реципиент тілді қабылдауда контекстен бұрын затекст, яғни, шындыққа сүйенеді.
Айталық, Джейн жөніндегі мәтінді (58) оқи отырып, сыналушылар сөйлеудің формальды анализ жолымен ала алмайтын сұрақтарға жауап бере алады.



(58)

Джейн услышала мелодию, которую издавал грузовичок с мороженым. Она побежала доставать свою свинью-копилку и начала трясти ее. Наконец деньги
вывалились.

Джейн балмұздақты машинадан шығып жатқан мелодияны естіді. Ол өзінің шошқа-жинақ сандықшасын алып шайқай бастады. Ақшалар жерге түсті.

Олар мына төмендегі сұрақтарға (59-62) жауап бере алады.





(59)

Сколько лет Джейн?

Джейннің жасы қаншада?

(60)

Почему она стала доставать
деньги?

Неліктен Джейн ақша ала бастады?

(61)

Деньги были в форме монет или
банкнот?

Ақшалар тиын не банкнот формасында
ма?

(62)

Какой величиной была копилка?

Жинақ сандықшасының кӛлемі қандай?

Бұл жөнінде информация мәтінде жоқ, бірақ тілді материалды қабылдау процесінде оқырманның санасында ақпарат алынады.


Егер оқырман мынадай мәліметтерді білетін болса (63-65), қатты таң қалар еді:



(63)

Джейн было 87 лет.

Джейннің жасы 87-де.

(64)

Ее копилька была величиной в
автомобиль.

Оның жинақ сандықшасының көлемі
автомобильдей.

(65)

Джейн вытрясла пригорошню
тысячедолларовых банкнот для того, чтобы купить грузовичок.

Джейн жүк машинасын сатып алу үшін
мың долларлық банкноттарын шайқап түсірді.

Алайда күнделікті тәжірибеміз бұның басқаша болуы қажет екенін бізге еске түсіреді (66-68):





(66)

Джейн было 8-12 лет.

Джейн 8-12 жаста.

(67)

Копилка представляла собой
небольшую коробочку.

Жинақ сандықшаның көлемі кішкене
қораптың көлеміндей ғана.

(68)

Джейн достала несколько монет.

Джейн бірнеше тиынды шайқап түсіріп
алды.

Сөйлеуді қабылдауда арасында «саңылаулары бар» фразалар ерекше проблема туындатады.



  1. Маржан Белботаеваның мазасы кетті, сондықтан үйіне қайтып кетті.

  2. Маржан Белботаеваның мазасы кетті. Ол үйіне қайтып кетті.

  3. Компоненттері «сондықтан» шылауымен байланысқан (69) сөйлемге қарағанда,

(70) фразасындағы компоненттері арасында реципиенттің өз білімінен толықтырылуы тиіс үзіліс бар. Негізінен, мазасы кеткен адам өзінің қызметтік мәіндеттерін толық орындай алмайды, сондықтан үйіне немесе дәрігерге баруы тиіс екені білуіміз қажет. Ал (71) және (72) фразалар арасындағы байланыс кісі өлтіріудің мүмкін амалдары жайындағы білім негізінде қалпына келтіріледі.

    1. Кеше Джонды ӛлітріп кетіпті.

    2. Қасынан пышақ тауып алынды.

Ал (74) және (75) фразалар арасындағы байланысты қалпына келтіру үлкен белсенділікті талап етеді. Себебі «бұл» есімдігінің астарында не жатқаны анық емес.

    1. Мен екі шақырым жер жүгірдім.

    2. Бұл керемет болды.

Демек, тілді қабылдау тек тілдік белгілерді тану және оларға мән-мағына беру ғана емес, реципиенттің шындық жайындағы түсінігімен морфологиялық және синтагмалық қатынаста құрылған тілдік белгілері арасындағы ара қатынасын белгілеу болып табылады.

6 Дәріс. Мәтін психолингвистиканың объектісі ретінде




Тірек сөздер: сөз, айтылған пікір, мәтін, контекст, мәтіннен тыс (затекст), мәтін астары (подтекст), семантика, байланыстылық, тұтастылық, тілдік сана, ғаламның тілдік бейнесі, мәтін проекциясы, продуциент, реципиент.
Мәтін сөзде, сөз тіркесінде және фразаларда кездеспейтін бірқатар психолингвистикалық сипаттарға ие күрделі семантикалық құрылым. Олардың қатарына тұтастылық, байланыстылық, эмоциялылық, шығармашылық (креолизованность), преценденттілік, саңылаулық (скважность). Сонымен қатар, мәтінде коммуникация иелерінің вербальды емес мінез-қылықтың іздері сақталады және ол интерпретациялылықтың (реципиенттер одан көптеген мағына таба алады) үлкен дәрежесіне ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет