Пәннің мақсаты мен міндеттері


Мәтіннен тыс (затекст) – мәтін – мәтін астары (подтекст)



бет30/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

Мәтіннен тыс (затекст) – мәтін – мәтін астары (подтекст)

Шындық болмыстың мәтінде көрініс табуы мәтінен тыс (затекст) әлем, мәтінде суреттелген шындық болмыстың фрагментінің болуын жорамалдайды. Мәтіннен тыс әлем
– мәтінде шындық оқиғаларға немесе құбылыстарға нұсқама ретінде табатыны анық. Шын мәнінде, мәтіннің мақсаты мәтіннен тыс әлемді автор қандай түрде көрсе, сол ракурста бейнелеу болып табылады. Ереже бойынша, мәтіннен тыс әлем – шын реалды оқиғалар. Көркем әдебиетте мәтіннен тыс әлем ойдан шығарылған.
Мәтін астары – мәтіннен алынатын жасырын ақпарат, мәлімет. Бұл негізінен оның бірліктерінің ассоцтаивтілігнен және мағыналарының жетілдіру қабілетінің арқасында жүзеге асады. Ғылыми әдебиеттерде ереже бойынша мәтін астарына ие емес. Себебі ғылыми мәтіннің ақпараттылығы ойды білдіруде белгілілікті, анықтылықты және аргументтердің толықтылығын талап етеді. Көркем мәтіндегі мәтін астары автордың шындық болмыстың барлық бейнелеген аспектілеріне жеке қатынасын мәтіннің толық өз ішіне енгізу принципиалды мүмкін еместігіне негізделген. Көркем мәтін көбінесе, емеурін білдіреді және басқа бағалауларға сілтеп отырады. Егер оқырман автордың мәтіндегі анық емес бүркемеленген бағалауларына сілтеме ретіндегі сигналдарды тани алмаса, онда мәтін астары байқалмауы мүмкін.

  1. Мәтінді қабылдау

Мәтінді қабылдауға пікір айту, сөйлеуді қабылдаудағы заңдылықтар да тән. Мәтінді қабылдау барысында ықтимал болжау механизмі әрекет етеді, авторда пресуппозиция болады, оқырман мәтінді апперцепция негізінде түсінеді және т.с.с.
Дегенмен, сөйлемді, айтылған бір фразаны қабылдаудан гөрі мәтінді қабылдау әлдеқайда қиындырақ. Мәтінді қабылдау кезінде адам санасында бірінен соң бірі ауыстырылып жатқан кесінділер мағыналық тұрғыдан аяқталған қатынаста құрастырылады. Соңынан мәтіннің элементтерін салыстыру жүзеге асады. Бұдан кейін мәтін мазмұнының құрылымын тұтас түрде сезіну процесінде оны алғашқы арақатынаста қайта құру мүмкін (айталық, детективті оқу барысында оқырман суреттелген оқиғалардағы кейіпкерлердің рӛлі жӛніндегі алғашқы пікірін қайта қарауы мүмкін). Болуы мүмкін мәтін астарын тану үдерісінде айтарлықтай деңгейде қалыптасқан мәтіннің кейбір жалпы мәнін (концептісін) түсіну паралельді түрде жүзеге асады. Оқырманда пайда болатын мәтін проекциясы (ресейдің белгілі психологы А.Рубакинаның термині) реципиенттің мағыналық алаңына (смысловое поле) мәтін мазмұнын енгізу нәтижесі болып табылады.
Көркем мәтіннің мағынасын қабылдауға қатысты 1892 жылы Эмил Геннекен тарапынан айтылған гипотеза әділ болып табылады. Ол былай еді: «Көркем әдебиетті сүйіп оқитындар суреткердің рухани жан дүниесінің құрылымына ұқсас рухани жан дүние құрылымына ие, егер бұл анализдің арқасында белгілі болып отырса, демек көркем әдебиет сүйер қауымға суреткердің рухани жан дүниесінің құрамына кіретін қабілеттер, жетістікрге, кемшіліктер таңу заңды болып табылады». Басқаша айтқанда, оқырман жазған шығармалары өзіне ұнайтын жазушыға өзінің психологиялық сипаты жағынан ұқсас деп жоармалдауға болады.
Бұл гипотезаны тексеру бойынша жүргізілген эксперименттер бұл мәселені екі түрлі гипотезада нақтылауға және қайта құруға мүмкіндік берді:
Белгілі бір әдеби жанрдың жазушылары мен оқырмандары басқа әдеби жанрдың жазушылары мен оқырмандарынан ерекшелейтін психикалық бірқатар ұқсас белгілерге ие болады.
Жалпы оқырман тұтасымен жазушыдан айыратын психикалық ерекшеліктері болады. Геннекеннің терминін қолдана отырып, «шығармашылық қабілет» «қабылдаушы қабілеттен» сапалық өзгешеліктерге ие деп айтуға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет