Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет28/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

1.Сөз айтылған пікір – мәтін
Лингвистикалық анализдің дәстүрлі объектілері сөз және сөз тіркесі болып табылады. Заттар және оның қасиеттерін, қоршаған ортадағы құбылыстарды, шындық болмысқа қарым-қатынастарына ат беру үшін қызмет ететін сөз тілдің өзіндік негізгі құрылымдық-семантикалық бірліктерін білдіреді.
Сөз тіркесі де заттар, құбылыстарға, процестерге, қасиеттерге атау құралы ретінде қызмет етеді. Лингвистикада сөйлемді тілдік модельдер ретінде қарастыру дәстүрге айналған. Психолингвистикада айтылған пікір тілдік қарым-қатынастың бірлігі бола отырып, ол ситуациямен ара қатынаста болып және сөйлеу иелеріне бағдарланған. Тілдік қарым-қатынастың бірлігі ретінде айтылған пікір коммуникативті ситуацияны есепке алады, онда сөйлеушінің білімдерімен бірге позициясы және тыңдаушының мүмкін реакциясымен бірге баяндалады.
Негізі, біз әдетте жекеленген сөздермен немесе жеке дара фразалармен сөйлемейміз, барлық тіл иелері тек кең жайылған хабарлармен және тіпті мәтінмен Тілдік таңбалар өз бетінше тек мәтінді- байланысты болса ғана, мәтін құрастыруға қатысқанда және оның мәнін жеткізген кезде мағынаға ие болады. Басқаша айтқанда, егер берілген сөздің не екенін және оның өзінің мағынасына қалайша қатысты болады дегенді түсінгіміз келсе, реалды тілдік қарым- қатынаста сөз сөйлемге, мәтінге және ситуация құрамына енгізілгенін міндетті түрде назарға алуымыз қажет. Мұнда мәтіндегі сөздің семантикасы жеке, бөлек тұрған сөздердің семантикасынан көп ерекшеленуі мүмкін, өйткені сөз тек мәтінде ғана өзінің негізгі мәнін табады.
Осылайша тілдік қатынастың анализі барысында мәтін семантикасына назар аудару объективті және заңды құбылыс болып табылады. Себебі ол тілдік бірліктердің қызметтерін атқару процесінде жалпы байланысы мен өзара әрекеттестігіне негізделген. Бір деңгейдегі тілдік бірліктердің мағыналық жақтарын анықтауда жоғары деңгейдегі мәтінге дейінгі тілдік бірліктерге көңіл бөлу жағдайы тілдік бірліктердің мынадай өзара әрекеттестіктерінің нәтижесі болып табылады. Ал мәтін бұл жағдайда таңбалық деңгейдегі тілдік қарым-қатынастың ең шегіндегі бірлігі болып табылады. Мұның бәрі сөйлеудің мәнін анықтауда қолданыс сферасын, тілдік бірліктердің қызметін, яғни мәтінді есепке алуды қажет етеді. Сонымен қатар, ғалымдардың мәтінді зерттеуге қызығушылығының ар жағында тілдік сана мәселесіне қызығушылығы жасырын тұр. Тілдік сана Ресей психолингвистикасында тілдік таңбалар көмегімен сыртқы қызметті жоспарлау және регуляциясының ішкі процесі ретінде түсініледі. Тілдік таңбалар және сәйкесінше мәтінге қызығушылықтарда тілдік тұлға және адам әлемінің бейнесі деген қызығушылық жатыр, өйткені әрбір мәтінде тіл жүйесін меңгерген тілдік тұлға байқалады.
Қазіргі таңда лингвистикада мәтіннің 300-ден астам анықтамасы бар деп есептеледі. Олардың арасында мәтін және сөз арасы, мәтін және сөйлем арасындағы мәнді айырмашылықты көрсеткен анықтамалары да бар: «Мәтін – бұл сызықтық және шектеулі сипатқа ие тілдік компоненттердің бірізділігі». Негізі, сөз де – тілдік компоненттер бірізділігі, және сөйлем де «сызықтық және шектеулі сипатқа ие».
Мәтіннің анықтамалары ішінде семантикалық толық мәнді емес (семантически неполнозначные) анықтамалар бар, мысалы: «Мәтін – бірыңғай жеке маңыздылыққа ие эмпирикалық құбылыс. Біз оны сөйлеген кезде немесе жазған кезде жасаймыз». Мұнда мәтіннің семантикалық бірлігіне ерекше көңіл аудара айтылғанымен, бұл анықтамада мәтіннің адам қызметінің құрылымын қамтамасыз ететін функциясына нұсқау жоқ.
Мәтін жайында сәтті шыққан анықтамалардың бірі ресей филологы И.Р.Гальперинге тиісті: «Мәтін жазбаша құжат түрінде объективтендірілген, аяқталған түрге ие сөйлеу-шығармашылық үдеріс туындысы, тақырыптан және лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың түрлі типтерімен біріктірілген, белгілі бір бағыттылық және прагматикалық мақсатқа ие ерекше бірліктердің қатарынан (аса жоғары фразалық бірліктерден) тұратын туынды».
Лингвистикада аса жоғары фразалық бірліктердің (сверх фразовами единицами) дегеннен, шамамен абзацқа сәйкес келетін мәтін бөлігі деп түсініледі. Бұл анықтамада да мәтіннің тұтастылығы, оның элементтерінің байланыстылығы және функциялық бағыттылығы ескерілген (Дегенмен, мәтін тек жазба формада ғана болады деп есептеледі).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет