Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет32/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Мәтіннің тілдік емес қызмет құрамына енгізілуі

Сөйлеудің психолингвистикалық анализінде оны коммуникаторлардың қызметінің құрылымдық құралы ретінде түсіну маңызды болып табылады. Мәтін коммуникацияның негізгі бірлігі ретінде сөйлесушілер арасындағы қарым-қатынасқа кірістірілген, ол қызметті құрылымды етеді, сөйлесушілер арасындағы қатынасты реттейді және жоспарлайды. Ал коммуникаторлардың қарым-қатынастары өз кезегінде мәтінге біріктірілген айтылған пікірге арналған өзіндік контекст болып саналады. Қарым-қатынастың дәл өзінде мәтін өз мәніне ие болады және осы тілдік қарым- қатынастың негізінде ол түсінікті болады және автордың түпкі ойына барабар түсіндірілуі мүмкін. Егер мәтінде суреттелген қызметке тыңдаушы енгізілмесе, сөйлеуші бұл қызметке толығырақ суреттеме беруі тиіс. Шындық болмыстың құрылымы дегеннен оның тілдік құралдарымен суреттеу дегенді түсінуге болады. Бір жағынан, мәтін өзінің туындауынан бұрын болып өтетін қызметті бейнелеуде жеткілікті түрде толық болуы тиіс. Екінші жағынан, ол бұл ол бұл қызметтен әдейі шеттетілуі мүмкін (мысалы, көптеген жыл бұрын жазылған) және тек оның таңбалақы формасының негізінде ғана оқырман оқиғалар және қызмет иелерінің ой-пікірлер барысының жүйелілігін қалпына келтіре білуі тиіс.
Мәтін реалды оқиғаларды бейнелей алмауы мүмкін. Көркем мәтінде шындық болмыс жайындағы автордың елестету нәтижесі болып табылатын мүлдем жоқ әлемдерді тілдік құралдармен бейнелейді. Бұл жағдайда «болуы мүмкін әлемнің» когнитивті және эмоциональды құрылымы (структурациясы) авторлық санаға, сонымен қатар тілдік сананың заңдылықтарына бағынышты.



  1. Мәтіннің жасалымы (туындауы).

Мәтіннің туындау моделіне қызметтің үшфазалық құрылымы қолданылады – бағдарлау, орындау, бақылау. Ескере кететін жай, мәтін сыртқы орта факторларының өте көп мөлшерін мүмкін, ықтимал ауқымда қамтиды және реципиенттің тарапынан тиісті интерпретацияның өзінің бірмағыналық еместігіне қарай күрделі таңба, белгі болып есептеледі.
Бағдарлау қарым-қатынастың проблемалық ситуациясын және коммуникацияның мақсат-мәнін түсіну бойынша интеллектуалды-ой белсенділігін болып көрініс береді. Бағдарлау фазасында продуциентте (мәтін авторы) мәтіннің түпкі ойы түрінде коммуникативті ниеті пайда болады. Бұл түпкі ойы мәтіннің туындауына мотив болып қызмет етеді, ол оның мазмұнын және кең жайылған хабарлардың жоспарланған коммуникативті-танымдық бағдарламаларының құрылымын айтып береді (баяндайды).
Автордың ситуацияға кірістірілуі оның белгілі бір қатынас негізінде оның мәнін түсінуі жормалданады. Мәтінде бұл істің реалды жай-күйінің қандай да бір структуациясы мәтін авторының көзқарасынан байқалады: шындық болмыстан өзгешелеу оқиғалар бірізділігінің көрінісі; аргументация ендіріп қою; оқиғаларға түсінік беру, сондай-ақ бүркемеленген, жасырын формада да. Барлық кез-келген мәтінде интеллектуалды және эмоционалды бағалау қатысады.
Мәтіндік қызметтің объектісі жалпы мағыналық информация емес, сөйлеушінің түпкі ойы және позициясымен біріктірілген мағыналық информация объектісі болып табылады, мәтінді туындау моделінің түпкі ойы этапында маңызды орын ситуацияны суреттеудің толық есебі қалай орын алса, солай мәтіннің оптималды семантикалық толыққандығы, оның тиелмеген есебі орын алады.
Мәтіннің жүзеге асу фазасы тілдік қарым-қатынастың түпкі ойын тілдік құралдар қатыстыру арқылы материалдандырудан тұрады. Мәтін үшін арнайы тілдік құралдар болып фраза аралық (межфразовой связаности) байланыстың құралы (формалды емес, семантикалық) және тұтастылық көрсеткіштері (кӛбінесе, басы мен соңының сигналдары) қызмет атқарады. Негізі, мәтінің түпкі ойы автор санасында иін тірескен түрде өмір сүрсе, ол автор тарапынан саналы түрде толық сезілмеуі мүмкін, бұл жерде де хабарлау, пікір айтуға қатысты заңдылық іске қосылады: ой мәтінде жасалады. Ал түпкі ой релизациямен сәйкес келмейді.
Мәтіннің туындау барысында бақылау фазасы мәтіннің түпкі ойын өңдеу ретінде де, сонымен қатар түпкі ойды вербализациялауының түзетуші ретінде қарастырылады. Бұл кезде мәтіннің тұтас болуы тиіс деген факт ерекше роль атқарады, себебі ойлаудың ассоциациялығы мәтінде бірегей ортақ семантикалық құрылымда тұрмайтын сырттай бір- бірімен байланысты хабарлаудың жиынтығына айналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет