Пәннің мақсаты мен міндеттері


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ



бет62/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ



ПСИХОЛИНГВИСТИКА ПӘНІ БОЙЫНША
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ МЕН ЖОСПАРЫ

ҚЫЗЫЛОРДА, 2023
Білім алушының өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау


Білім алушының өз бетінше жұмысы. Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы – даярлаудың мамандандыруылында ғана емес, ең бастысы, оқу жұмыстарының әдістемелеріне, Білім алушының дербестік деңгейіне байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады, ал танымды білім алушы өзі жүзеге асырады.
Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады.
Білім алушының пәнде оқылатын материалды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау – сонымен қатар рефераттар жазу және Білім алушылардың ғылыми жұмыстардың тақырыбын зерттеу жөніндегі өз бетінше жұмысы да. Дәрісханадан тыс практикалық сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік сыныптарда және үй жағдайларында орындалатын практикалық жұмыстар жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімді басылым әдебиеттерін қажет етеді. Дербестік тұлғаның сапасы ретінде оқытудағы негізгі көрсеткіш болып табылады және оның дамуы белгілі бір дидактикалық әдістерді талап етеді. Егер білім алушы танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны.
Ал егер ол танымдық қызметті оған бұйырылған әрбір әрекетін қадағалайтын және оның дұрыстығына бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда бұл дербестік емес, бұл оның белсенділігі. Білім алушы танымдық қызметті материалды меңгерудің шарты ретінде әрқашан өзі жүзеге асырады, бірақ ол барлық уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда, танымдық қызметтегі белсенділікті, ал ғылыми жұмыстарды орындағанда – танымдық дербестікті талап ету керек.
Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек білім алушылардың өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады.
Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – студенттерді өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Білім алушылар орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері білім алушымен әңгімелесу кезінде талқыланады.
Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, білім алушының алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында білім алушылар өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады – талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдістер ұсынылады.
Лекцияға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет