Семинар № 11 Түркияның қол астындағы Сирия мен Египет. 1 сағат.
Жоспары:
1.
Сирия мен Египеттің Түркияның қол астына өтуі.
2.
Түріктер қол астындағы Сирияның экономикасы мен мәдениеті.
3.
Түріктер қол астындағы Египеттің қол өнері мен саудасы.
Семинар № 12 Ұлы Моғол империясының құрылуы мен дамуы. 1 сағат.
Жоспары:
1.
Ұлы Моғол империясының құрылуы.
2.
Моғол империясының саяси экономикалық жағдайы.
3.
Моғол империясының ыдырауы.
Семинар № 13 XVI-XVII ғғ. Батыс Судан мемлекеттер. 1 сағат.
Жоспары:
1.
Мали мемлекеті
2.
Сонгай мемлекеті.
Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы пәні бойынша
ОЖСӨЖ тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
Тапсырма
тақырыбы
Мазмұны
Әдебиеттер
Бақы
лау
түрі
Орындал
у
мерз
імі
Мак балл
1
Азия
және
Африка
елдерінің
ортағасырлар
тарихы курсы
бойынша
глоссарий
құрау.
1.
Азия
және
Африка
елдерінің
ортағасырлар
тарихы курсы бойынша 30
термин сөздерге анықтама
беру.
Васильев Л.С. История
Востока. М.,В 2-х т.-М,
1998.т.1
История Востока. В 6-т.
–М., 1995.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
История
стрна
зарубежной
Азии
в
средние века. –М., 1970
Глоссар
ий
2
-апта
4
2
Орталық Азия
мемлекетінің
құрылуы мен
феодалдық
қатынастардың
дамуы.
1.
Орта Азия мемлекеттерінің
құрылуы.
2.
Орта Азиядағы феодалдық
қатынастардың
даму
ерекшелігі.
3.
Орта Азия мемлекетінің
әлеуметтік – экономикалық
жағдайы.
Васильев Л.С. История
Востока. М.,В 2-х т.-М,
1998.т.1
История Востока. В 6-т.
–М., 1995.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
История стрна
зарубежной Азии в
средние века. –М., 1970.
Коллокв
иу
м
3
-апта
4
3
Құл
иеленушілікте
н
орта
ғасырларға өту
дәуіріндегі
Иран.
1.
Сасанилер
билігінің
орнауы.
2.
Мемлекеттің
этникалық
құрамы, территорясы.
3.
IV-VII ғғ. Иранның сыртқы
саясаты.
4.
III-VI ғғ. Иран мәдениеті.
Всемирная исторя. В 12-
т. –М.,1957.
Всемирная мстория. В
24-т. Минск, 2000.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Коллокв
иу
м
4
-апта
4
4
Солтүстік
А
фрика
мемлекеттері
монғол
шапқыншылығ
ы дәуірінде.
1.
Мамлюктердің
монғолдармен күресі.
2.
Мамлюк мемлекетінің XVғ.
Екінші жартысында
әлсіреуі.
3.
Моңғол шапқыншылығы
және оның салдары.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Хрестоматия по истрии
средних веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы Азия және
Африка тарихы. Алматы
2009.
Коллокв
иу
м
5
-апта
4
5
Ерте ортағасыр
кезеніңдегі
әдебиеттің,
өнердің дамуы.
1.
Ерте ортағасырдағы
әдебиет.
2.
Ерте ортағасырдағы
өнердің дамуы.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Хрестоматия по истрии
средних веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы Азия және
Африка тарихы. Алматы
2009.
Коллокв
иу
м
6
-апта
4
6
Ерте
ортағасырдағы
Индияның
мәдениеті.
1.
Діндері.
2.
Өнері.(музыка,театр,ән,би)
3.
Әдебиеті.
4.
Сәулет өнері. (Тәж Махал
кесенесі).
5.
Сәлт дәстүрі.
История Индии в
средние века М.,1967.
Касты в Индии М.,1965.
Медведев Е.М. Очерки
истории Индии до ХІІІ
в. М.,1990.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы Азия және
Африка тарихы. Алматы
2009.
Коллокв
иу
м
7
-апта
4
7
X-XII ғғ.
Жапониядағы
қолөнері мен
сауданың
дамуы.
1.
Қолөнері.
2.
Сауда қатынастары.
3.
Сәулет өнері.
История Японии.
М,1990.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
История стрна
зарубежной Азии в
средние века. –М., 1970
Презентация
8
-9
апта
4
8
Мамлюк
мемлекеттері.
1.
Мамлюктердің
моңғолдармен күресі.
2.
Мамлюк мемлекетінің XV
ғ. екінші жартысындағы
әлсіреуі.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Хрестоматия по истрии
средних веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы Азия және
Африка тарихы. Алматы
2009.
Коллокв
иу
м
10
-апта
4
9
X-XV ғғ. Иран
мәдениеті.
1.
Әдебиеті.
2.
Өнері, тілі, діні.
3.
Сәулет өнері.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Хрестоматия по истрии
средних веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы Азия және
Африка тарихы. Алматы
2009.
Презентация
11
-12
апта
4
10
XIV-XVI ғғ.
Түркия.
1.
Түркиядағы
феодалдық
қатынастар.
2.
Түріктердің
Византияны,
Альбанияны жаулап алуы.
3.
Ішкі және сыртқы саясаты.
4.
Мәдениеті мен өркениеті.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Хрестоматия по истрии
средних веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы Азия және
Африка тарихы. Алматы
2009.
Конспект
13
-апта
4
11
Селжүк
сұлтанатындағ
ы мәдениеті.
1.
Діні.
2.
Қолөнері.
3.
Сәулет өнері.
История Азии и Африки
в средние века. В 2 ч.
Ред. Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы шығыс
елдерінің тарихы.-
Алматы, 1998.
Хрестоматия по истрии
средних веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы Азия және
Африка тарихы. Алматы
2009.
Презентация.
1
4
-15
-апта
4
4.
СӨЖ бойыншатапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
Тақырыптары
Тапсырма мазмұны
Әдебиеттер
Бақылау
түрі
Орын
мерзі
мі
Мак
балл
1.
X-XIII
ғғ.
Орталық
Азия
мемлекеттері.
1.
Тахаридттер,
Саффаридтер,
Саманидтер
мемлекеті.
2.
Саманидтер
мемлекетіндегі
дағдарыс.
История Азии и
Африки в средние
века. В 2 ч. Ред.
Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы
шығыс елдерінің
тарихы.-Алматы,
1998.
Хрестоматия по
истрии средних
веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы
Азия және
Африка тарихы.
Алматы 2009.
коллоквиум
2-3
апта
4
2.
Газневиттер
құрамындағы
Шығыс Иран.
1.
Шығыс Иранның
Газневидттер
мемлекетіне
бағынуы.
2.
Махмуд Газневидтің
ішкі саясаты.
История Азии и
Африки в средние
века. В 2 ч. Ред.
Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы
шығыс елдерінің
тарихы.-Алматы,
1998.
конспект
4-6
апта
4
3.
Шығыс Иранның
әлеуметтік
экономикалық
жағдайы.
Хрестоматия по
истрии средних
веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы
Азия және
Африка тарихы.
Алматы 2009.
3.
Орталық
Азиядағы
Моңғолдардың
жаулап
алушылығы.
1.
Көрші халықтарының
жаулап алуы.
2.
Махмуд Табаридің
көтерілісі.
3.
Самарқандтағы
сербедарлар
көтерілісі.
4.
Монғолдардың
Закавказьен басып
алу.
История Азии и
Африки в средние
века. В 2 ч. Ред.
Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы
шығыс елдерінің
тарихы.-Алматы,
1998.
Хрестоматия по
истрии средних
веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы
Азия және
Африка тарихы.
Алматы 2009.
Реферат
7-8
апта
4
4.
XI-XV ғғ. Индия
мәдениеті.
1.Діндері.
2.Өнері.(музыка,театр,ә
н,би
3.Әдебиеті.
4.Салт-дәстүрі
История Азии и
Африки в средние
века. В 2 ч. Ред.
Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы
шығыс елдерінің
тарихы.-Алматы,
1998.
Хрестоматия по
истрии средних
веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы
Азия және
Африка тарихы.
9-12
апта
9
презентац
ия
Алматы 2009.
5.
XVI-XVII ғғ.
Араб
мемлекеттерінде
гі діни ағымдағы
мәдениет.
1.
Діни ғибадатханалар
құрлысы.
2.
Діни мектептер.
3.
Діни
құрылыстағы
(сәулет өнері)
История Азии и
Африки в средние
века. В 2 ч. Ред.
Кол. Ф.М.Ацамба.
и др. М., 1987.
Тортаев С.А. Орта
ғасырлардағы
шығыс елдерінің
тарихы.-Алматы,
1998.
Хрестоматия по
истрии средних
веков. Под.ред.
Сказкина.М 1978.
Тортаев С.Ә Орта
ғасырлардағы
Азия және
Африка тарихы.
Алматы 2009.
коллокви
ум
13-15
апта
4
9. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәні оқу емтихан
тапсырумен аяқталады, ол барлық оқылған материалдарды қамтиды.
Емтиханға
кіру
үшін
міндетті
талап
бағдарламада
көрсетілген
тапсырмаларды орындау болып табылады.
Рейтингілік бақылау (аралық) -60 %
Емтихан (қорытынды) -40%
Емтиханда студенттің білімін бағалау критерийі
(пәннің типтік бағдарламасы бойынша жасалған ауызша емтиханды
кафедрада жасалған)
Әріптік
бағалау
жүйесі
бойынша
бағалау
Сандық
эквивалент
Балл
Пайыздық
мазмұны
Дәстүрлі
жүйе
бойынша бағалау
А
4,0
95-100
өте жақсы
А-
3,67
90-94
В+
3,33
85-89
Жақсы
В
3,0
80-84
В-
2,67
75-79
С+
2,33
70-74
Қанағаттанарлық
С
2,0
65-69
С-
1,67
60-64
Д+
1,33
55-59
Д
1,0
50-54
Ғ
0,00
0-49
Қанағаттанғысыз
Рейтинг есебі
№ Жұмыс түрлері
Баллдардың саны
1
2
3
Аралық бақылау
ОЖСӨЖ және СӨЖ
Рубеждік бақылау жұмысы
60
%
(пәннің
көлемі
мен
ерекшеліктеріне
байланысты
бөлінеді)
1 аралық бақылау
Семинар 7*4=28
ОСӨЖ 5*4=20
СӨЖ 2*4=8
1 аралық аралық бақылау жұмысы 4
балл
Барлығы: 60 балл
2 аралық бақылау
Семинар 8*4=32
ОСӨЖ 5 *4=20
СӨЖ 3*4=12
2 аралық аралық бақылау жұмысы 4
балл
Барлығы: 68 балл
Қорытынды
рубеждік
бақылау
жұмысы 4 балл
Жиыны: 132 балл
Емтихан
40 %
Қорытынды
100 %
Пән бойынша қорытынды бағалаудың есебі
Пән бойынша қорытынды баға төмендегі формула негізінде есептелінеді:
ИО = Ри . 0,6 + Э. 0,4
Р 1 -бірінші рейтингтің сандық эквиваленті- 60 балл-4,0
Р 2 - екінші рейтингтің сандық эквиваленті- 68 балл-4,0
Э - емтихандағы сандық эквивалент-4,0
10. Курстың саясаты мен процедурасын оқытушының талаптары анықтайды
- студенттердің сабаққа қатысуы (кешігіп келу, сабақ босату);
- оқу сабақтарында студенттердің өзін-өзі ұстау ережелері;
- 1,2 және қорытынды рубеждік бақылауды өткізуде студенттің оқу
үлгерімін балл бойынша есептеу қорытындысының ережесі;
- 1,2 және қорытынды аралық бақылауды шығарғанда оқу үлгерімін балл
бойынша есептеудің ережелері;
Пәнге әдістемелік нұсқау.
Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы оқытудағы негізгі
мақсаты қазіргі Азия және Африка елдерінің тарихи дамуының негізгі
мәселелері, құбылыстары, заңдылықтарын оқыту.
Тарихшы мамандығын игеруші студенттер университеттегі оқу процесі
барысында мамандықты жан-жақты игеру үшін аса қажетті де міндетті
болып табылатын түрліші пәндермен танысып, толық игеріп шығарылуы
қажет. Әрі бұл пәндер қарапайымнан күрделіге қарай және тарихи кезең-
кезеңге саралана отырып, игерілуі керек. «Адамзат тарихы» да осындай көп
салалы, көп кезеңді пәндерден тұрады, олардың аса маңызды да, құнды
бөлігінің бірі-Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы пәні.
Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы әлем тарихының
бөлінбес бір бөлшегі ретінде қарастырылады.
Өркениеттілік, формациялық таным жолдары жоққа шығарылмайды,
олардың тиімді жақтары ескеріліп, студенттердің өзіндік көзқарасын
қалыптастыру жүзеге асырылады.
Студенттерді: Азия және Африка елдерінің қоғамдық дамуының негізгі
процесстерімен, заңдылықтарымен таныстыру, жеке елдер мен аймақтардың
даму ерекшеліктерін көрсету. Шығыс қоғамының адамзат тарихында алатын
орнын, маңызын, ерекшелігін ашып көрсету.
Курс теориялық біліммен қатар практикалық іскерлік, дағдыларды
қалыптастыруға, студенттердің тіл деректерін нақты танып, сөйлеу, жазу
мәдениетін жетілдіру, олардың ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімделуіне
де баса назар аударады.
Глосарий
1.
Аборигендер-елдің немесе бір жердің ежелден мекендеп келе жатқан жергілікті
тұрғындар
2.
Даймё- Жапониядағы ірі ықпалды княздықтарды
1 Дәріс. Ерте орта ғасырдағы Жапония.
Негізгі сұрақтары:
1. III—IX ғасырдағы Жапонияның әлеуметтік құрылымы.
2. Ерте феодалдық жапон мемлекетінің құрылуы. Сога әулетінің билігі.
3. «Тайк төңкерісі» және үлестік жүйенің қалыптасуы.
4. Мемлекеттік құрылыс.
Жапон аралдарының ең ежелгі тұрғындары — қазіргі айнулардың арғы
атасы — эбисулер болып есептеледі. Біздің заманымызға дейінгі кезде жапон
аралдарына Азия материгінен маньчжур-тунгус тайпалары бірнеше рет
қоныс аударған. Олар Корея арқылы Кюсю аралына жетті, онан әрі Хонсю
аралының оңтүстігі мен орталығына тарап, эбисулерді солтүстікке
ығыстырды.
Жапон халқының қалыптасуында қазіргі Индонезия мен Үнді-Қытай
жарты аралын мекендеген малаялықтар мен т.б. тайпалар маңызды рөл
атқарды. Жапон аралдарына жан-жақтан қоныс аударушылар арасында күрес
болып тұрды, тіпті бара-бара бір-бірімен араласып та кетті. III ғасырдың аяғы
мен VI ғасырдың ортасында барлық тайпалардың ішіндегі ең күштісі ямато
болды. Ол Хонсю аралының орталығына орналасты. Алғаш Жапония осы
тайпаның атымен Ямато деп аталған. Қазіргі «Жапония» деген аты VІ—VII
ғасырларда қалыптасқан. “Нихон” немесе “Ниппон” деген сөз “Күн шығатын
ел” дегенді білдіреді. Ағылшын-неміс-француздар “Япан” деп атап кетті.
Жапонияда егіншілік ерте дамыды. Аңыздар мен дәстүрлер, ғұрыптар
бойынша өңделген егістікке зиян келтіру өте ауыр қылмыс деп есептелді.
Қазіргі жапондықтардың ертедегі ата-бабалары егін егуге қолайлы жерлерге
ғана орналасатын.
Сонау III—VI ғасырларда-ақ басты ауыл шаруашылық дақылы күріш
болды. Ол суғарылатын жерлерге ғана емес, қуаң далаға да егілетін. Тарихи
деректер егістік алқаптарды суаратын каналдар мен байламалар
тұрғызылғандығын хабарлайды.
Археологиялық қазба материалдары бұл кезде Жапонияда қолөнерінің
өмірге келгендігін байқатады. Тарихи деректер тоқымашылар, ұсталар,
зергерлер туралы баяндайды. III—VI ғасырлардағы ауыл шарушылығының,
әсіресе, қолөнерінің дамуына Қытай мен Кореядан қоныс аударғандар зор
ықпал етті. Жапониядағы ерте феодалдық мемлекеттің қалыптаса бастауы VI
ғасырдың екінші жартысына жатады. Ол тайпалар одағының басшысы —
Ямато патшалары мен жергілікті көсемдердің арақатынасынан өз көрінісін
тапты: соңғылары орталық өкіметтің өкілдері ретінде қарастырылды.
Көсемдер мен қауым мүшелерінің арақатынастары да өзгерді: бұрынғы
құрбандықтың (ауланған аңнан беретін үлес, үйде жасалған бұйымдарды
сыйлау) орнын астық салығы — «татикара» басты. Сондай-ақ, қолөнер
салығы да болды. Ол «мицуги» деп аталды. Құрылыс жұмыстарындағы
міндеткерлік енгізілді. Ол «этати» деп аталды. Феодалдық өндірістік
қатынастардың қалыптасуы қауымдық жерден «ата» деп аталған ақсүйек
жерінің бөлініп шығуынан да көрінеді. Бұл бөлініп шыққан жердің иесі
феодалға айналды. Ол өз жеріндегі жұмысқа «табэ» деп аталған кедейленген
қауым мүшелерін жалдады. «Бэ» деген сөз «құл» деген мағынаны білдіреді.
Бұрынғы үй шаруашылығында пайдаланатын «яцуке» деп аталатын құлдан
«табэнің» айырмашылығы — оның өз мүлкі болды, оны қожасы өлтіре
алмады, сата да алмады. Сондықтан да оларды көптеген тарихшылар
жартылай ерікті егіншілер дейді. Бұл жартылай еріктілер Жапон
мемлекетінің құрылуында үлкен рөл атқарды. Себебі, олардың еңбегі
өндіргіш күштерін дамытты. Мұндай жартылай еріктілер қатарын қоныс
аударған немесе күштеп әкелінген қытайлықтар мен кәрістер толықтырып
отырды.
Бұл Корея мен Қытайдан келгендер мәдениеті, әсіресе жер өңдеу,
егіншілік техникасы жағынан әлдеқайда жоғарылар еді. Қытай мен Кореядан
келгендердің едәуір бөлігі қолөнершілер — тігінші, тоқымашы, зергер,
ұсталар болатын. Үстінен қарап, билік жүргізетін жергілікті тайпа көсемдері
келімсектерге өз мүлкін, құрал-сайманын иемденуге рұқсат беретін, бірақ
олардың азық-түлігін сыпырып алып, өздерін топ-топ болып, белгілі бір
жерде ғана тұруға міндеттейтін. Сөйтіп, өздерінің жағдайы жағынан бұл
келімсектер құлдарға жақын тұратын. Бұл жартылай еріктілерді жапон
деректері «томобэ», «какибэ» деп те атайды. Сөйтіп, феодалдық
қатынастардың қалыптасуымен қатар Жапонияда құл иеленушілік
қатынастар да орын алды. Бірақ, құл иеленушілік қатынастардың онан әрі
дамып жетілуіне бірнеше факторлар кедергі болды. Шаруашылықтың басты
саласы егіншілік негізінен қауым мүшелерінің қолында болды. Жапония
сияқты таулы елде құлдар еңбегін пайдалануға тиімді мүмкіндік туғызатын
ірі латифундияларға орын болмады.
Оның үстіне жұмысшы күшін толықтыру көзі де шектеулі болды.
Құлдарды негізінен Кореяға шабуыл кезінде қолға түсіретін. VI ғасырда
Корея жарты аралында жеке корей патшалықтарын біріктірген күшті Силла
мемлекеті құрылды. Ол тек жапон шабуылына тойтарыс беріп қойған жоқ,
сонымен қатар 562 жылы жапондарды Миманыдан да ығыстырды.
Сондықтан VI ғасырда дамудың құл иеленушілік жолы жойылды, Жапония
құл иеленуші мемлекет болмай, феодализм жолымен дамуға көшті.
Жапониядағы феодалдық қатынастар үстемдігі VII ғасырдың ортасында
орнай бастады. Бұл орнығу үстем таптың жеке топтары арасындағы билік
үшін күреспен қатар жүрді. Сонау VII ғасырдың басында-ақ Ямато
патшалары өз биліктерін басқа ру-тайпалар көсемдерінің биліктерінен
ерекше екендігін дәлелдеуге тырысты. Ямато тайпалық одағының бетке
ұстары Киммэйді таққа 539 ж. Сога әулеті отырғызған еді. 571 ж. Киммэй
қайтыс болған соң таққа отырған оның баласы Мононобэні Согалар өлтіріп,
билікті өз қолдарына алды. Таққа Суйко деген әйелді отырғызып, ханзада
Умаядоны регент деп жариялады. Ол тарихқа Сетоку-Тайси деген атпен енді
(Сетоку — конфунциандықтағы ең асыл қасиет, ал тайси — ханзаданың
атағы).
Сетоку Тайси 605 ж. Ямато патшалығының мәлімдемесін (декларациясын)
жариялады. Ол «14 бап» деп аталды. С.Тайси бұл заңға теңелген мәлімдеме
арқылы орталықтандырылған билікті нығайтуды көздеді. Ол мәлімдемеде:
«патша — аспан, оның пенделері — жер. Күн жерге сәуле төгіп тұрғанда
тыныштық болып, жылдың төрт мезгілі бірінен соң бірі ауысып тұрады. Егер
күн жерді жапқысы келсе, онда дүние күйрейді. Сондықтан патшаның
айтқанын пенделері тыңдауы керек. Жоғарыдағыға төмендегі бас июі керек,
мемлекетте екі басшы жоқ. Мемлекеттегі барлық халықтың қожасы —
патша. Барлық әкім-қызметкерлер — патшаның малайы»,— делінген.
Сол кезде Қытайда 581 жылы құрылған Суй империясына арқа сүйеуге
қадам жасалды. Суй сарайына бірінен соң бірі елшіліктер жіберілді. Ол
елшіліктердің жеткізіп жататын сәлемдемелерінде ең алғаш «тэнно» деген
сөз қолданыла бастады. Бұл сөзбен жапон мемлекет басшысы басқа елдермен
қатынасында өзін осылай атай бастады. Бұл сөз қазір де сақталған. Ол
«император» дегенді білдіреді. Бұдан кейінгі оқиғаларда сыртқы факторлар
үлкен рөл атқарды: Қытайдың саяси ықпалы, ғылым-білімнің, буддизмнің
ықпалы.Ежелгі Жапония синтоизм дінін («синто» — сөзбе-сөз «құдай
жолы») ұстанды. Жапонияда буддизм VI ғасырдың ортасында тарай бастады.
552 жылы Кореяның Пекчэ мемлекетінен елші келді. Ол будда дінін
таратуды ұсынды. Бірінші будда монастыры Хорюдзэ 608 жылы Нарада
тұрғызылды. Баспалдақ үлгісімен ұйымдастырылып, бір орталыққа
бағындырылған будда шіркеуі феодалдық мемлекеттің үлгісі болды. Буддаға
табынушылық
бұрынғы
ру-тайпалық
алауыздықтардың
жойылуын
қамтамасыз етті. 624 жылы Жапонияда 46 будда храмы, 816 монах (сопы),
569 әйел-монахинялар болды. Монастырлардың жерлері, шаруалары
болды.
Умаядо (Сетоку тайси) өле-өлгенше, яғни 622 жылға дейін билік құрды.
Ол өзін қытай императорымен тең ұстауға тырысты. Қытай императоры
менсінбегенімен, шыдамдылық танытты. Сетоку Тайси (Умаядо) жапон
жастарын Қытайға оқуға жіберіп отырды. Қытайда білім алған
жапондықтардың көпшілігі кейін Тайк төңкерісінде үлкен рөл атқарды.
Міне, осындай жағдайда 645 жылы «тайк төңкерісі» болды. Тайк жылдың
аты. Осы жылғы патша сарайындағы кәріс елшілігін қабылдау кезінде принц
Наканоэ мен сол кездегі патшалық құрып тұрған Сога Ирук тұқымының ата
жауы Накатоми Каматари өз жақтастарымен патшаны өлтіріп, билікті
бұрынғы патша әулетіне қайтарды. Сога тұқымы заңды патша әулетін
биліктен тайдырып, 50 жылға жуық мемлекеттік билік тізгінін ұстап тұрған
болатын. Таққа «патша үйінің» ең үлкен өкілі — Кару отырғызылды.
Наканоэ тақтың мұрагері деп жарияланды. Ал Накатоми Каматари
Фудзивара деген фамилияны алып, «сарай министрі» болып тағайындалды.
Наканоэ Сога тұқымын құртып жіберді. 646 жылғы жарлық бойынша барлық
жер жеке меншіктіктен алынып, мемлекет қарамағына өтті. Халық
мемлекеттің үлесін иемденушілер болып есептелді.
Халықтың басым көпшілігі — шаруалар — әр жеке басына 2 таннан (бір
тан — 0,12 га) жер (үлес) алды. Әйелдер сол 2 танның үштен екі бөлігін
алды. Әр алты жылда бір рет отбасындағы өзгерістерге қарай жер үлестері
қайта бөлініп тұратын. Шаруалар отбасына үйінің төңірегіндегі бау-
бақшалық, усадьбалық учаскелері жеке меншіктікке берілді.
Адам басына үлес алған шаруалар мемлекетке астық салығын және үйде
өндірілетін өнімдерден: матадан, қолөнер бұйымдарынан салық төлеуге тиіс
болды. Азық-түлік рентасынан басқа шаруалар барщина өтеді. Жылына жүз,
тіпті одан да көп күн мемлекет пайдасына тегін жұмыс істеуге тиіс болды.
Шаруаның үлестен бас тартуы немесе үлесті тастап кетуі қатаң жазаланды.
Бұл ерте феодалдық құрылыстың негізгі принциптері 701 жылы
құрастырылған Тайхоре кодексінде бекітілді. Үстем таптың өкілдері де жер
үлестерін алды. Бірақ олардың үлестері шаруа үлестерінен әлдеқайда көп еді
(40 еседен 1000 есеге дейін: қызметіне, пайдасына қарай), бірақ қызметіне
қарай берілетін үлес уақытша болды: қызметінен кетсе, мемлекет қайтарып
алып қойды.
Жапониядағы феодализмнің орнығуы қүл иеленушілікті толық жойған
жоқ. Жартылай құл, жартылай ерікті томобэ мен какибэлер жойылды.
«Яцуко» деген үй шарушылығындағы жекеменшік малай-құлдар сақталып
қалды. Мемлекеттік құлдардың жаңа категориясы — үкімет мекемелеріндегі
малайлар пайда болды. Құл иелену ол кезде жер алу жолдарының бірі болды.
Әр құл үшін оның иесі үкіметтен үлестің үштен бірін алатын. Құл табу
барған сайын қиындай түсті. Кейбіреулер кедейлердің балаларын құлдыққа
сатып алды, кейбіреулер ұрлап немесе тартып алды. Сондай-ақ, қылмысы
үшін жазаланғандар мен қарызын өтей алмағандар құлға айналатын. Өмір
сүруге қаражаты жоқ адамдардың өзін-өзі құлдыққа сатуы да кездесетін.
VII—VIII ғасырларда жапон халқының 10—20 % жуығын құлдар құрады.
Олардың еңбектері негізінен құрылыстарда пайдаланылды. VIII ғасырдың
аяғына қарай құлдар еңбегі жойыла бастады. Егіншілікте құлдар еңбегі толық
жойылды.Наканоэ (Тэнти) (662—671) 662 ж. Кореяға 27 мыңдық әскер
жіберді. 663 ж. Пэккан өзеніндегі шайқаста бірлескен тан-силландық әскер
жапондық әскерді жеңді. 671 ж. Наканоэ өлген соң оның баласы Кобун мен
бауыры Оаманың арасындағы тақ үшін талас басталды. Кобун небәрі 8 ай
билік құрды. Әкесінің інісінен жеңілген соң өзін-өзі өлтірді. Жеңіске жеткен
ағасы (Оаман) өзін Тэмму деген атпен император деп жариялап, 673—686
жж. билік құрды. 678 ж. Таққа оның әйелі Дзито отырды. 696 ж. Дзито тақтан
бас тартып, өзінің 14 жасар немересі Моммуды император деп жариялады.
Ол 707 жылға дейін билік құрды.729 ж. Фудзиварлар императордың әулетін
тек өз қыздарына үйленіп тұруға міндеттеді. 784 ж. Фудзиваралар әулеті
императорды солтүстіктегі Ямасиро провинциясына алып барды. Сол жерде
Хэйан («Бейбітшілік») деп аталған жаңа астана сала бастады. 858 ж.
Фудзиварлар жас императордың регенті болып тағайындалды, ал 887 ж.
канцлерлік лауазымды иемденіп алды. Жапон тарихындағы 866—1068 жж.
аралығы Фудзиварлардың регенттік билігінің кезеңі деп аталады. 895 ж.
елдің сыртқы әлеммен байланысына тыйым салынды. Қытаймен, Кореямен
қатынас үзілді. Елге рұқсатсыз кіруге, елден рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым
салынды. Бұл талапты бұзушылар өлім жазасына кесілетін болды.
969 ж. «тэнно», яғни «император» деген термин «ин», яғни «бас тартқан»
деген терминмен ауыстырылды. Император өзінің жас баласының пайдасына
тақтан бас тартып, шашын алғызып, монастырға кетіп отырды. Мемлекетті
басқару үшін үлкен аппарат құрылды. Оны жоғарғы мемлекеттік Кеңес-
додзекан басқарды. Ол Кеңеске 8 министрлік бағынды. Ел провинцияға (кун)
және уездерге (кор) бөлінді. Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді.
Білім беру жүйесі Қытай үлгісімен құрылды. Қытай тілі өкімет
басшыларының тілі болды. Ел басшылары, зиялылар қытай тілінде сөйледі.
V ғасырда Жапонияға иероглифтік жазу ене бастады. Ол Корея арқылы
Қытайдан келді. Әдетте ол жазудың келуін 404 ж. Пэкче деген корея
мемлекетінен Атика деген тәрбиешінің келуімен байланыстырады. Ол
тайпалық одақ көсемінің мұрагерін тәрбиелеу үшін шақырылды. Келесі
жылы Атиканың кеңесі бойынша Кореядан Вани деген оқымысты
шақырылды. Ол өзімен бірге конфуциандық кітаптар ала келді. Сүйтіп
Жапонияға иероглифтік жазу, кітаптық білім ене бастады. Сауаттылықты
әдетте монахтар таратты. Алғашқы жапонның буындық әліпбиі IX ғасырда
жасалып, ол «Катакана» деп аталды. Жапониядағы кітап басу ісін 770 жылға
жатқызады. Оның өте қауырт дамуы XI ғасырдан басталды.
710—784 жылдар — жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп аталады.
Себебі, бұл кезде Жапонияның астанасы Нара қаласы болды. Бұл кезең елдің
материалдық және рухани байлықтарының гүлдене түсуімен сипатталады. Ең
алдымен Нара қаласының салынуы соған дәлел. Бұл қала Қытайдың астанасы
Чань-ань қаласының үлгісімен қытай құрылысшыларының басшылығымен
салынды. Нара қаласында 720 жылы салынған Тодайдзи монастырында
«Дайбуцу» немесе «үлкен Будда» деп аталатын биіктігі 16 м. қола мүсін
тұрғызылды. Астана маңында 607 жылы тұрғызылған алты қабат Хорюдзи
монастыры болды. Ол тек сыртынан ғана әдемі, таңғажайып болған жоқ, ішкі
суреттері де көргенді таңдандырады.Нара қаласының сарайлары мен
храмдарында жапон, корей, қытай шеберлерінің алтыннан, күмістен, қоладан
жасаған әсем бұйымдары сақталды.
Жапонияда алғашқы тарихнамалар пайда болды: 710 жылы «Кодзики»
(ежелгі тарих), 720 жылы «Нихонги» (жапон анналдары) жазылды. Бұл
шығармаларда ежелгі мифтер, ертегілер, тарихи мұралар, жылнамалар
жиналған. Сарай маңындағы ақсүйектер қатарынан шыққан бұл
шығармалардың авторлары император билігінің құдайдан тарайтынын
уағыздады.
VIII ғасырдың екінші жартысында «Маньесю» (мириад гүлдерінің
жиынтығы) жинағы өмірге келді. Ол жапонның халық өлеңдерімен гүлдене
бастаған әдеби поэзияның алғашқы жинағы еді. Жапонияның көрнекті
ақындары Хитомара мен Якомоти болды. Хитомара әсерлі элегиялардың
авторы болса, Якомоти махаббат жайлы лириканың көрнекті өкілі болды.
Сондай-ақ, жапон әдебиетінде ақын Окура айтарлықтай із қалдырды. Оның
өлеңдерінде феодалдар езгісінен қалжыраған халықтың ащы тағдыры көрініс
тапты.
Сөйтіп, VIII ғасырдың аяғына қарай Жапонияда феодалдық қоғам
орнығып, мәдениеті гүлдене түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |