Пәннің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,5 Mb.
#161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
Деканның саяси тарихы. Ерте орта ғасырлардың басында Деканда да 
бірнеше ұсақ Феодалдық князьдықтар пайда болды. 
Олардың  ішіндегі  үлкен  рөл  атқарғандар  –  астанасы  Качи  қаласы  болған 
паллдар  князьдығы  мен  астанасы  Ватапи  /қазіргі  Бадами/  қаласы  брлған 
Чалукилер князьдығы болды. Табысты соғыстардың нәтижесінде  Паллавтар 
қазіргі  Тамил  халқы  қоныстанған  аумақты  ,  ал  Чалукилер  II  Пулакешин 
тұсында  маратхи,  телугу  және  жартылай  каннара  халқы  орналасқан 
аумақтарды жаулап алды. 
 
Чалукилер  өз  қолдарына  бүкіл  батыс  декан  жағалауын  ұстады.Бұл 
жақта  Индияның    Батыспен  теңіз  саудасын  жүргізетін  басты  порттары 
Паллавтар  арсында  тынымсыз  соғыс  жүргізілгенін  хабарлайды.  Соғыс 
кезінде азып – тозған қауым мүшелері бйқуатты жер иелері  - феодалдардың 
жеңіл олжасына айналып отырды. Феодалдар олардың жерлерін басып алып, 
өздерінің  басыбайлы  шаруаларына  айналдыратын.  Кейбір  қауым  мүшелері 
соғыс  жүріп  жатқан  жердегі  үлесін  өзеркімен  тастап  ,  қашып  кететін. 
Көптеген  паллавтар  мен  чалукилік  феодалдар  соғыс  кезінде  байыған  үстіне 
байи түсіп. Өз сюзерендеріне қарсы шыға бастады.Олармен соғыста алдымен 
Чалукилер,кейін  Паллавтар  жеңілді.  IX  ғасырдың  ортасында  иелігі  қазіргі 
Берарда  болған  Раштракуттер  деген  феодалдар  Чалукилерді  құлатып,  X 
ғасырдың  аяғына  дейін  билікті  қолдарына  ұстады.IX    ғасырдың  екінші 
жартысында Чола деген феодалдар Паллавтарды құлатты. 
 
Араб жазушыларының айтуынша , Раштракуттер мемлекеті сол кездегі 
Индияның  ең  күшті  мемлекеті  болды.    Раштракуттер  көрші  Декан 
князьдарымен  ,  шығыста  –  чалукилермен  және  чолалармен  ,  кнаудждың 
пратихарларымен, сондай –ақ өз вассалдарымен соғысып отырды. X ғасырда 
,  III  Кришна  тұсында,  Раштракуттер  Деканның  қиыр  оңтүстігінде  ірі 
жеңістерге жетті. Олар бір кезде Цейлоннан  да  алым – салық жинап тұрды. 
Тынымсыз соғыстар  Раштракуттерді әлсіретті.  Оны чалукилер пайдаланып 
қалды.Раштракуттер жеңіліп, Чалукилер билігі орнады. Чалукилердің әскери 
қуаты  XI  ғасырдың  ортасында  өте  жоғары  дәрежеге  жетті.  Осы  кезде  олар 
Мальваның  басшысын  өз  вассалына    айналдырып,  Солтүстік  Индияға 
қарақшылық  соғыс  жасады.  Чалукилер  Канауджды  алып,онан  соң  шығысқа 
бет  бұрды.  Қазіргі  Ассамға  Дейін  жетті.  Чалукилер  Деканның  батысын  XII  
ғасырдың басына дейін қолдарында ұстады. 
 
Чалукилер  мемлекетімен  бір  мезгілде  Деканның  оңтүстігінде  Чолалар 
мемлекеті  құрылды.Оның  аумағы,    әсіресе  I  Раджендраның  /1016  –  1044/  

тұсында әлдеқайда ұлғайды. Реджендраның сәтті соғыстарының нәтижесінде 
Чола  державасы  Оңтүстік  Индиядағы  иамиль  жерлерің  ,  Бенгал  шығанағы 
жағалауын  өзіне  қаратып  алды.Үлкен  флотының  күшімен  Раджендра 
Цейлонды,  Никобар  және  Андаман  аралдарын  басып  алды.  Раджендраның 
мұрагерлері  XI  ғасыр  бойы  Чалукилермен  жиі  –  жиі  соғысып  отырды.  Бұл 
соғыстар    XII  ғасырда  Чолалар    билігін  әлсіретті.Халық  көтерілістері  , 
сектанттар  қозғалысы,  феодалдар  қуатының  өсіп,  олардың  бүліктерінің  – 
осының бәрі Чолалар  державасын құлатып тынды. 
 
 Чалукилер  ,  Раштракуттер  ,  Чолалар  патшалары  енді  ұлы  князь 
тектерінен  шыққан  және  сарай  маңындағы  жоғары  сановниктерден  тұратын 
кеңес  арқылы  басқарды.  Кеңестің  бір  мүшесі  бас  министр  болды.  Ол 
махапрадхан деген титул алатын. Пашаның ең жақын көмекшісі ,әрі мұрагері 
–  оның  баласы  болатын.  Мелекет  облыстарға  бөлінді  .Облыстар  мен 
округтердің  көлемі  әртүрлі  болды.  Облыс  басшыларының  билігі  де  зор  еді. 
Олардың  өз  әскерлері,  салық  жинау  апататтары  болды,  облысты  басқаруда 
толық  автономиялық  болды.  Олардың  тәуелділігінің  белгісі  –  сюзереніне 
салық  төлеу  болды.  Сондай  –  ақ  олар  жерді  сюзереннің  рұқсатынсыз 
үлестіріп бере алмады. 
 
Князь  қазынасына  түсетін  феодалдық  оброктың  жинайтын  адамдар 
өлгенде  олардың  бұл  қызметін  балалары  жалғастыратын.  Жақсы  қызметі 
үшін  жер  сыйлау  кең  етек  алды.  Ондай  жерлер  көбінесе  оброктан 
босатылатын. 
 
Қала,  қолөнері,  сауда.деканда  қолөнері  мен  сауда  жақсы  дамыған 
қалалар  көп  болды.  Олардың  ең  ірілері  ,  әрине,  астаналар  мен  әкімшілік 
орталықтары,  теңіз  жағалауындағы  портты  қалалар,  қасиетті  храмдар 
маңындағы  елді  мекендер  болды.  Қолөнері  алуан  түрлі  болды.  Конкан 
жағалауындағы  Барангал,  Танджер,  Пайтхан  және  басқа  қалаларда  тоқыма 
өнеркәсібі  жоғары  дәрежеде  дамыды.  Малабар  жағасында  кокос 
пальмпсынан  май  өндіріп,  циновка  тоқыды  ,арқан  есті.  Қазіргі  Масұр 
аумағындағы қолөнершілер піл сүйегінен қымбат бұйымдар жасады. Қазіргі 
Хайдарабадта,  Майсұрда,  Мадрас  штатының  аумағында  алтын  ,  алмас,  т.б 
асыл  тастар,  мыс  пен  темір  көптеп  өндірілді.  Сол  себепті  бұл  жерлерде 
зергерлік, әшекей бұйымдар шығару кең өріс алды. Сондай – ақ қару жарақ, 
ыдыс  –  аяқ  та  көптеп  жасалды.  Әр  қалада  тері  өңдеушілер,одан  аяқ  киім 
тігушілер,  тартпа,  жүген  жасаушылар  жеткілікті  болды.  Тас  қасаушылар 
,құрылысшы жұмысшылар да жеткілікті еді. 
 
Қоөнершілер  мен  саудагерлердің  «  шрени»деген  ұйымы  болды.  Ол 
кәсіптік  каста  іспеттес  еді.  Кейде  бұл  ұйым  бірнеше  касталарды  біріктірді. 
Шрени  органдарының  шешімін  оның  мүшелері  қайда  жүрсе  де  бұлжытпай 
орындауға  тиіс  болды.  Әсіресе,  бұл  сауда  шрениіне  қатысты  болды.  IX 
ғасырда  бір  сауда  шрениінің  300  қалада  өз  өкілі  болды.  Қалаларды  князь 
тағайындайтын воевода басқарды. Ол қаланы полиция бастығымен, көптеген 
шрениінің өкілімен бірлесе отырып басқарды. 
 
Касталар мен дін. Индиядағы антифеодалдық күрестің бір түрі , басқа 
елдердегідей  ,сектанттық  қозғалыстар  болды.  Ол  қозғалыстар  барлық 

адамдардың 
құдай 
алдындағы 
теңдігі, 
кастасына 
байланысты 
артықшылықтарды  жою  ұранымен  өтетін.  Сондай  секталардың  бірі  бхакти 
сектасы  болды.    ХII  ғасырда  Чалукилер  мемлекетінде  Басава  деген  діндер 
лингаяттар  сектасын  құрды,  Бұл  секта  брахмандық  дінмен  келіспеді.  Ол 
брахмандардың  қоғамдағы  және  дін  саласындағы  беделін  мойындамады. 
Кальяни қаласындағы діни қақтығыс лингаяттар мен брахман ортодоксиясы 
арасындағы  қанды  қырғынға  ұласты.  Оның  нәтижесіңде  Кальяни  қаласы 
толық  қирады.  Кейбір  феодалдар  тобы  жағынан  көрнекті  ортағасырлық 
философ,  бхакти  идеясының  насихатшысы  Рамануджа  қуғындалды.  Сөйтіп, 
феодалдар бхакти сектасының негізгі идеяларын байларға қарсы бағытталған 
қауіпті идея деп саналды. 
 
Ортағасырлық  Индияның  бір  ерекщелігі  –  халықтың  толып  жатқан 
касталарға  бөлінуі  еді.  Оның  әрқайсысының  феодалдық  қоғам  өмірінде 
белгілі  орыны  болды.  Каста,    кейбір  оқымыстылардың  ойынша  ,  еңбектің 
қоғамдық бөлініс түрі болды. Әр кастаның өз кәсібі болды, бұл кәсіп әкеден 
балаға  көшіп  отырды,  ол  кәсіпті  ауыстыруға  болмады,  басқа  кастаның 
өкілімен некелесуге   рұқсат етілмеді. Әр кастаның кәсібі қоғамның жазылған 
заңдарымен  де  ,  жазылмаған  ,бірақ    қалыптасқан  салт  –  дәстүрмен  де 
бекітілді. 
 
Бір  кастадан  екінші  кастаға  өтуге  тыйым  салынды.  Ең  жоғарғы 
касталар  –  абыздар  /брахмандар/  мне  әскери  жер  иеленушілер/    Кшатрилер 
мен  раджпуттер/.  Олардан  кейін  өздерін  вайшиттер  өкілі  кшатрилер  мен 
раджпуттер/. Олардан кейін өздерін вайшиттер өкілі деп есептейтін  көпестер 
мен  өсімқорлар  кастасы  тұрды.  Келесі  сатыда  шудра  кастасы  тұрды.  Ең 
төменгі сатаыда құлдар мен малайлар істейтін үй сыпыру , кір жуу, тері илеу 
сияқты    жұмыстағылар  тұрды.  Марксист  –  лениншіл  оқымыстылар  : 
«Қоғамның  бұндай  касталарға  бөлінуі    феодалдардың  қанаушылар  
бұқарасына үстемдігін нығайтты», - дейді. Біздің, ойымызша бұл бөлінушілік 
қоғам  дамуының  кезекті  бір  сатысы.  Басқа  елдерде  де  мұндай  саты  жария 
түрде қалыптасып , заң жүзінде бекітілмегенімен ,болды деп санаймыз. 
 
Индуизм деп аталатын Индия қоғамының  діни идеологиясы  касталық 
бөліністі  қолдап  бекітті.  Индуизм  әртүрлі  діни  нанымдарды  қамтиды. 
Индустар  деп  христиандық,  ислам,  буддизм,парсизм  мен  иуда  дінін 
ұстанбайтын,  Индияның  байырғы  тұрғындары  есептелді.  Индуизмнің 
қалыптасқан  ,бекітілген  жарғысы,  ұйымдық  басшылығы  ,  ережелері 
болмады.  Кәсіпқой  –  брахман  абыз  болу  үшін  брахманнан  туғандығы  да 
жеткілікті болатын. 
 
Бұл  діни  жүйенің  негізіне  ежелгі  замандағы  брахманизм  дінінің 
догматтары  алынды.  Ол  догмат  қоғамның  төрт  варнаға:  брахмнадарға, 
кшатрилерге,  вайшилер  мен  шудраларға  бөлінуін  қолдап,  қорғады. 
Догматтар  дхарма,  карма  және  шудраларға  бөлінуін  қолдап,  қорғады. 
Догматтар  дхарма,  қарма  және  ахинса  деп  аталды.  Дхарма  догматы  аллаға 
снуді,  оның  атынан  түсірілген  нұсқаулар  мен  ережелерді  қалтқысыз 
қабылдауды,  мүлтіксіз  орындауды,  оларға  шын  көңілден  илануды,  бүтіндей 
ден қоюды талап етеді / мұсылман дінінде бұл догмат  «иман» деп аталады/. 

 
Дхарма догматы адамдарды өзінің өмірдегі орынын, жағдайын қанағат 
тұтынуын, оны өзгерту үшін зорлық – зомбылыққа бармауын талап етеді. Бұл 
догмат иманның алтыншы шарты – жазмышқа тура келеді. Жазмыш туралы 
мұсылман  дінінде  былай  делінген:  «  Ежелден  мәңгілік  жазмыш  кітабы 
болмақ. Алла – тағала пенделерінің өмір бойында басынан өткеретін жақсы – 
жаман істерін , қуанышты да қайғылы кезнңдерін өзі белгілеп және өзі біліп 
отырады». 
 
...Жазмышқа  мойын  ұсыну,  разы  болу  бізге  уәжіп...  Карма 
догматы\карма  «іс»,  «қызмет»/  адамның  бұл  өмірде  істеген  жақсылықтары 
мен  жаманшылықтары  жинақталып  ,  жаны  бұл  өмірге  екінші  рет  қайтып 
оралғанда  құдай  енді  оның  қандай  болатындығы  /  жаман  немесе  жақсы 
/анықтайды деп уағыздаған. 
 
Парызды өтемегенде о дүниеде тозаққа түседі , ал бұл дүниеге екінші 
рет  оралғанда  бұрынғы  ,бірінші  өмірінен  де  жаман  ,азапты  өмір  сүреді  деп 
уағыздаған,  Брахмандар  ілімі  бойынша  ең  төменгі  кастада  тұрғандар  – 
күнәкерлер. Олардың жаны таза емес, сондықтан жөні түзу адамдар олардан 
аулақ  болғаны  дұрыс.  «Ахинеса»  догматы  басқа  адамдарға  қарағанда  зиян 
келтіруден  аулақ  болуға  шақырады.  «  Біреудің  жанына,  тәніне  жара 
салма,тіпті ол өзіңді – өзің қорғау қажеттігі болса да», - дейді. 
 
Индус  пантеонының  /барлық  құдайлар  жиынтығы/  басында  үш  құдай 
:Брахма,  Вишну,  Шива  тұр.  Брахма  –  әлемдегі  жасаушы  ,  дүниенің 
жаратушысы. Вишну – бейбітшілік сақтаушысы...Шива – күйретушілік және 
қайта құру құдайц. Орта ғасырларда ,әсіресе Шива мен Вишна зор құрметке 
ие  болды.  Оларға  арнап  храмдар  тұрғызылды.  Құрбандықтар  шалынды. 
Барлық  үндістер  вишнуиттер    /вишинавтар/    мен  шивиттерге    /шайвтер/ 
бөлінді.  Бұл  вишнуизм  мен  шиваизмде  ежелгі  тотемизм  мен  фетишизмнің  , 
аруаққа  табынушылықтың  ізі  сақталған.  Бұл  Ганга  өзенін,  жануарлардың  – 
сиырды – өсімдіктерден –лотосты ерекше құрметтеуден көрінеді. 
 
Әсіресе аруақтарға табыну үлкен орын алды. Әкесі үшін құдайы беріп, 
құрбан  шалып  отыру  баласының  ең  құрметті  де  басты  міндеті  ьолған.  Ал 
ондай  міндетті  жүзеге  асыратын  ұл  баласының    болмауы  –  үндіс  ер 
адамдарының  ең  үлкен  қайғысы,  қасіреті  болды.Индуизмнің  басты  ғұрпы    - 
құрбан шалу болған Шиваизм, вишнуизм ерекше , қанды құрбандықты ғана 
мойындады. 
 
Индияның  эканомикалық  дамуы  оның  мәдениеттегі  жетістіктерінен 
байқалады.  Үнді  математигі  мен  астрономдары  айтарлықтай  табыстарға 
жетті.  «0»  -  нольді  есепке  үнділіктер  енгізді.  Жалпы  ,  қазіргі  цифрлар 
жүйесін  солар  құрған.  Олар  алгебраны  білген,түбірден  шығаруды  да  солар 
ашқан.  Үнді  астрономдары  жұлдыздар  мен  планеллардың  қозғалысын 
есептей  алған.V    ғасырдағы  көрнекті  ғалым  Арьябхата  жердің  өз  осін 
айналатындығын дәлелдеген. Үндістер сонедай химиядан да жақсы хабардар 
болған. Үнді медицинасы да зор табыстарға жетті. Үнді дәрігерлері адамның 
тамырының  қағысымен  денсаулығының  арсында  тығыз  байланыс  бар 
екендігін  дәлелдеді,күрделі  операциялар  жасай  алды.Көп  емдеу  жолдарын 
білді. 

 
II – V ғасырларда үнді филасофиясы дамыды. Оның көрнекті өкілдері II 
ғасырдағы  Нагарджуна, III  ғасырдағы  Джаймини,  V ғасырдағы   Васабандху 
т.б  болды.  Осы  ғасырларда  брахман  заңдарының  жинақтары  өмірге  келді. 
Олардың  ішінде  ,  әсіресе  Яджнавалкья  заңдары  үлкен  беделге  ие  болды. 
Әдеби 
ескерткіштердің 
ішіндегі 
ең 
бағалысы 
– 
Каутильяның  
«Артхашастрасы  болды».Ол  сол  кездегі  Индияның  саяси,  әлеуметтік  – 
эканомикалық өмірін баз қалпында бейнелейді. 
 
Жаңа  эраның  басында  поэзия  мен  драманың    теориясы  жайлы 
шығармалар жазылды, бағалы лексикондар құрастырылды.Санскрит тіліндегі 
үнді әдебиеті елеулі табысқа жетті. Оған мысал – V ғасырда өмір сүрген үнді 
жазушысы Калидасаның шығармалары. Оның  « Шакунтала» деген драмасы 
дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына енді. II – V ғасырларда «Панчатантра» 
деген  ертегілер  жинағы  өмірге  келді.  Үндістанда  университеттерге  татитын 
оқу  орындары  –  училищелер  ашылды.  Оның  ең  көрнектісі  Наландтағы  
/Бихар/ будда монастырында болды. 
 
Шебер құрылысшылар ,тамаша сарайлар мен храмдар салған. Олардың 
тек  іздері  қалды.  Сол  іздердің  өзі  үнді  құрылысшыларының  тамаша 
талғамдарын дәлелдейді. Үнді мүсіндерінің ішіндегі көрнектілері – әртүрлері 
құдайлар мүсіндері . Олардың кейбіреулері таза үнді стилінде жасалса, енді 
біреулерінің эллиндік мүсін ықпалы байқалады. 
 
Индияның сәулетшілері XI  ғасырда тас пен кірпіштен зәулім Танджур 
храмын  салды.  Оның  биіктігі  100  метрдей.  Ерте  орта  ғасырларда  үнді 
шеберлері  тастан  қашап  әсем  храмдар  саған.  Эллурдегі  34  үңгір  храмы, 
будда,  брахман,  джайн  храмдары  да  сәулет  өнерінің  жетіле  түскендігінің 
куәсі. Солардың ішінде әсіресе Қайлас храмы ерекше көз тартарлық әсем. Ол 
VII  ғасырдың  ортасында  салынған.  Ерте  ортағасырлық  үнді  мүсіні  діни 
нанымдарды  уағыздауға  бағытталған.  Көп  қолы,  яғни  бар  құдайлардың 
әсерлі  мүсіндері  көптеп  жасалды.  Діни  бағыттағы  мүсіндер  қасиетті 
жануарларды  бейнелемеді.  Пілдің,  жылқының  тамаша  бейнелері  XII  –  XIII 
ғасырларда Ориссадағы храмдарда жасалған. 
 
Әдеби  шығармалар  ерте  ортағасырлық  Индияда  халыққа  түсініксіз 
санскрит  тілінде  жазылған.  Ол  шығармаларда  князьдардың  ерліктері 
жырланды.  Көбінің    негізіне  тарихи  уақиғалар  алынды.  Сондай 
шығармалардың  қатарына  Бананың  «  Харшачарита»,  Бильханның    « 
Викраманкадевачарита»,  Сандххьякара  Нандидің    «  Рамачарита»,  Чанд 
Бардаидің « Притхвирадж Расо» деген шығармалары жатады. Өмірде болған 
оқиғаны  дәл  бейнелеген  тарихи  шығарма  Кальхананың  «Раджатарангини» 
деген  еңбегі  болып  табылады.Онда  Кашмир  өкіметі  басшыларының  тарихы 
баяндаларды. 
Үнді  философтары  негізінен  ежелгі  заман  философиясын 
түсіндірумен  шұғылданады.  Ерте  ортағасырлық  үнді  философиясының 
көрнекті өкілі  - IX ғасырда өмір сүрген  Дахкиндік Шанкарачарья болды. Ол 
Бадарьянаның  Брахма    сустарын  сипаттау  барысында  идеалистік  монистік 
ілім  жасады.  Ол  бойынша  өмірде  өзгермейтін  сапасыз  рухани  бастама  – 
атман  ғана  бар  .XII    ғасырда  тағы  бір  көрнекті  философ  –  идеаоист 
Рамануджа  өмір  сүрді.  Ол  өмірде  рухани  бастамадан  басқа  материя  бар 

екендігін  уғыздады.Рамануджа  дүниені  танып  білуге    болады  деп  үйретеді. 
Әлеуметтік  –  эканомикалық  өмірдің  жаңа  жағдайлары  заң  саласындағы 
әдебиеттің  дамуына  ықпал  етті.  Бірнеше  жаңа  дхарамашастралар  –  заңдар 
өмірге  келді.  Ондай  шығармалардың  ішіндегі  ең  ірісі  XII    ғасырда 
Виджнанешвара  құрастырған  «Митакшара»  жинағы  болды  .  Бұл  отбасы 
жөніндегі заңдар осы уқытқа дейін мәнін жоғалтқан жоқ. 
 
Лексика  саласында  да  біраз  еңбектер  жазылды.  Жаратылыстану 
ғылымы  саласында  да  іздену  жұмыстары  жалғасты.  Бірнеше  жаңа 
медициналық трактаттар жазылып, дәрілік шөптер сөздігі құрастырылды.     
 
Өзін-өзі бақылаусұрақтары: 
1.
 
Қай  ғасырда  Солтүстік  Индия  Магадхалық  ақсүйектердің  қол  астына 
бірікті? 
2.
 
Гупттар мемлекеті қай ғасырда өмір сүруін тоқтатты? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 Дәріс. Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы. 
Негізгі сұрақтары: 
1. Мұсылмандыққа дейінгі Аравия. 
2. Ислам дінінің қалыптасуы. 
3. Омейядтар мен аббастар халифаттары. 
4. Халифаттың ыдырауы. 
     Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, құмды жер. 
Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда арабтар 1) көшпелі 
мал  шаруашылығымен  айналысушыларға  және  2)  отырықшы  диқандарға 
бөлінетін,  оның  ішінде  араб  қоғамының  басым  көпшілігі  мал  бағатын 
көшпелілер  болатын.  Олар  бедуиндер  деп  аталатын.  Малдан  жылқы,  қой, 
ешкі, түйе өсірілетін. Шонжар бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл 

тұқымды  жылқылары  болды.  Әр  тайпада  түк  малы  жоқ,  тақыр  кедейлер  де 
жеткілікті  еді.  Олар  көбінесе  кесіртке  мен  жабайы  құрманы  қорек  етті. 
Тайпалар руға бөлінетін. Рудың бақуатты отбасылары кедей туысқандарына 
қарайласуы  керек  болды.  «Қанға-қан»  деген  кек  алу  дәстүрі  болды.  Тайпа 
басшысы  шейх,  ру  басшысы  —  саидтар  өз  қалауы  бойынша  басқарды 
(барлық  мәселені  өзі  шешетін).  Қолөнері,  егіншілгі  Аравияның  оңтүстік-
батысында  —  Иеменде  жақсы  дамыды.  Иеменнің  ертерек  дамуына  оның 
сауда  жолында  делдалдық  рөл  атқаруы  әсер  етті.  Ол  Египет  пен 
Палестинаның,  Сирияның  арасында,  ал  ІІ  ғасырдан  бастап  бүкіл  Жерорта 
теңізінде  делдалдық  рөл  атқарды.Үндістаннан  теңіз  арқылы  әкелінген 
тауарлар  Иеменде  түсіріліп,  түйелерге  артылып,  Палестина,  Сирия  арқылы 
Батыс  Еуропа  елдеріне  дейін  жетіп  жататын.  Аравияның  батысындағы 
Хиджаз  облысында  Иеменнен  Сирияға  баратын  жолда  үлкен  сауда-саттық 
қаласы — Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше 
рет  үлкен  керуендер  жабдықтап  жіберіп  отырды.  Меккенің  орталық 
алаңында куб тәріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті «қара тас» 
тұрды,  ал  ай-наласында  араб  тайпаларының  құдайларының  мүсіндері 
қойылған  болатын.  Әр  тайпа  өз  құдайына  құлшылық  етті.  Бұл  арабтар 
арасында  алауыздықты  күшейте  түсті.  Каабаның  маңында  жанжалға, 
айтыстартысқа, ұрыс-керістерге қатаң тыйым салынды. 
   V—VІ  ғасырларда  арабтар  елінде  алғашқы  қауымдық  құрылыспен  қатар, 
құлдық  қоғам  да  орын  алды.  Бірақ  құл  иеленушілік  қатынас  дамып, 
жетілмеді. Алғашқы қауымдық құрылыс негізінде феодалдық қатынастар да 
қалыптаса  бастады.Арабтардың  жеке  топтары  біздің  заманымызға  дейін-ақ 
көршілес  Палестина,  Сирия  елдеріне  қоныс  аударып,  тіпті  Иорданияда 
арабтардың  Гассанид  патшалығы  да  құрылған  болатын.  ІV  ғасырға  қарай 
Месопотамия  мен  Сирия  шекарасында  Лахмидтер  әулеті  басқарған  араб 
патшалығы  құрылды.  Ол  VІІ  ғасырдың  басына  дейін  сасанидтік  Иранға 
вассалдық тәуелділікте болды. Біздің заманымызға дейінгі І ғасырда арабтар 
Египетке де қоныс аударды. Мысалы, Копт қаласындағы тұрғындардың жар-
тысына  жуығы  арабтар  болды.  Бұл  жағдай  кейін  араб  жаулап  алушылығын 
жеңілдетті.  Шонжар  арабтар  көршілес  бай  елдерді  —  Сирияны,  Египетті, 
Иранды жаулап алуды аңсады. Бұл жерлерден бағалы олжа, жер, мал басып 
алуға  болатын  еді.  Бұл  елдердің  байлығына  қызықтырып,  өз  кедей-
кепшіктерін  жорыққа  әкетуге  тырысты.  Соғысты  ойдағыдай  жүргізу  үшін 
бүкіл  араб  тайпаларын  біріктіру  керек  болды.Бірігуге  араб  көпестері  де 
ынталы  болды.  Өйткені  VІІ  ғасырдың  басында  Аравияның  оңтүстік  бөлігі 
мен  Қызыл  теңізге  шығатын  жолды  Иран  басып  алды,  ал  Аравияның 
солтүстігінде  Византия  үстемдік  етті.  Сауда  барған  сайын  нашарлай  берді. 
Көпес керуендері Қызыл теңіз жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да 
бай  көпестер  бұрынғы  сауда  жолдарын  қалпына  келтіру  және  жаңа  жолдар 
басып  алу  үшін  араб  халықтарын  біріктіріп,  жорыққа  аттандыруға  мүдделі 
болды. 
     Араб  тайпаларын  біріктіріп,  көршілес  бай  елдерді  басып  алу  үшін 
шонжарлар  жаңа  дінді  —  ислам  дінін  пайдаланды.  Ол  дінннің  негізін 

Мұхаммед  пайғамбар  қалады.  Мұхаммед  пайғамбар  570  (571)  —  632 
жылдары  өмір  сүрген.  Ол  Меккеде  үстемдік  құрған  корейшиттердің 
кедейленген  отбасында  өмірге  келген.  Әкесінің  аты  —  Абдулла,  анасының 
аты — Әмина. Ана құрсағында пайда болғанына жеті ай толғанда әкесі дүние 
салады.  Мұхаммед  пайғамбар  туғанда  күн  шықпай  тұрып-ақ  оның  жүзіне 
рисалат  нұры  құйылған  (жамандықтан  айырылтушы  сәуле)  делінеді.  Төрт 
жасына  дейін  сүтанасы  Халиманың  бауырында  болды.  Содан  соң  өз  үйіне 
табыс етілді. Алты жасында туған анасы Әмина дүние салды. Енді оны атасы 
Абдулмүтәлип  қолына  алды.  Бірақ  анасы  қайтыс  болғаннан  кейінгі  екі 
жылдан  соң,  сегіз  жасқа  келгенде  атасы  да  дүниеден  өтті.  Бұл  жолы  ол 
немере  ағасы  Әбутәліптің  жанында  қалды.  Жиырма  бес  жасында  Хұбайлид 
қызы  Хадиша-Кубраға  (Аллаға  сыйынушылар  анасы)  үйленеді.  Хадиша 
анамыз Мұхаммедтен 15 жас үлкен болған. Мұхаммед пайғамбар Хадишамен 
жиырма  бес  жыл  өмір  сүрген.  Алла  тағала  Мұхаммед  пайғамбарға  құранды 
—  мұсылмандардың  қасиетті  кітабын  —  ол  қырық  жасқа  келгенде  жібере 
бастады  делінеді.Мұхаммед  пайғамбарға  Алла  тағала  атынан  Кәрімнің 
уағыздарын  біртіндеп  төбе  періштелерінің  бірі  Жәбірейіл  Ғалайһи  уәссәлам 
әкеліп тұрған деп, құран 23 жыл ішінде түсіп болған деп есептеледі. Құранда 
114  сүре  бар.  Ол  сүрелер  меккелік  және  мединелік  болып  екіге  бөлінеді. 
Меккелік  сүрелердің  саны  —  90,  ал  мединелік  сүрелердің  саны  —  24. 
Сүрелер аяттардан тұрады. Аяттар (өлеңді сөз жолдары) саны әрқай-сысында 
әр  түрлі.  Мысалы,  «Фатиха»  деп  аталатын  бастаушы  сүреде  жеті  аят  болса, 
ең ұзақ екінші сүре «Бахарада» 286 аят бар. «Мұхаммед пайғамбарымыздың 
тірі  кезінде  Алла  тағаланың  сөзі  қағаз  бетіне  түспей,  ауызша  тараған. 
Алланың сөздерін жатқа білетін мұсылмандарды «қари» деп атаған. Алайда, 
Мұхаммед  пайғамбар  қайтыс  болғаннан  кейін  қасиетті  сөздердің  жоғалып 
кету  каупі  төнеді.  Сондықтан  Әбу  Бәкір  халиф  Мұхаммед  пайғамбардың 
хатшысы  болған  Зәид  ибн  Сәбитке  Алла  тағаланың  сөзін  жинап,  кітап  етіп 
құрастыруды  аманаттайды.  Үшінші  Халиф  тұсында  Зәид  ибн  Сәбит 
көмекшілерімен  бірге  Құранды  төрт  дана  кітап  етіп  жазып  шығады.  Осман 
Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, Медине, Димашық, 
Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді» 
   Өз  уағызын  610  жылы  бастаған  Мұхаммед  пайғамбар  622  жылы  Ясрибке 
(Медине)  қоныс  аударуға  мәжбүр  болды.  Осы  жыл  —  622  жыл  — 
мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл «хижра», яғни «көшу» 
жылы  деп  аталады.  Ясриб  сол  жылдан  бері  Медина  —  «пайғамбар  қаласы» 
деп  аталады.  Айша  —  Мұхаммед  пайғамбардың  сүйікті  әйелі.  Оған  тоғыз 
жасында  үйленген.  Мұхаммед  пайғамбардың  төрт  қызы  болды:  Зейнеп, 
Рұқия (Ұрқия), Үмму  Күлсім, Фатима (Аллаға сыйынушылар  сүйіктісі).  Үш 
ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мұхаммед пайғамбардың уағыздаған 
діні ислам деп аталады. Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. 
Ол  дінді  ұстанушылар  мүсілімдер,  мұсылмандар  деп  аталады.Мұхаммед 
пайғамбар арабтарды бір ғана құдайға табынуға, өзара жауласуды тоқтатуға, 
бірігуге шақырды. 630- жыл шамасында араб тайпаларының көпшілігі ислам 
дінін  қабылдады,  Мұхаммед  өкіметін  мойындады.  Мекке  мұсылман  дінінің 

орталығына,  бүкіл  мұсылмандардың  «қасиетті»  қаласына  айналды. 
Мұхаммед  мемлекет  пен  мұсылман  мешітінің  басқарушысы  болды. 
Мұхаммед  өлгеннен  (632)  кейін  көп  ұзамай,  мұсылмандар  бүкіл  Аравияны 
өздеріне  бағындырып  алды.  Араб  мемлекетін  «халифтар»  («пайғамбардың  
орынбасары») басқарды. Арабтар Византия мен Иранға шабуыл жасады. Ол 
елдердің көптеген қалалары жаулаушыларға ұрыссыз  
берілді. Арабтар 636 жылы Ярмуктегі шайқастан кейін Византияның аса бай 
провинциялары  —  Сирия  мен  Египетті  —  басып  алып,  637—651  жылдары 
Иранды  жаулап  алды.  Араб  әскерлері  Константинопольді  бірнеше  рет 
қоршап,  шабуылдағанымен,  оны  ала  алмады.  Мұхаммедтің  үшінші 
мирасқоры  халиф  Осман  (644—656)  өте  кәрі  шал  еді.  Ол  Мекке 
ақсүйектерінің өкілі болатын. Оны Сирия арабтары да қолдайтын. Сирияның 
әкімі — Муавия әмір оның жақын туысы болатын. Мединеліктер жек көретін 
кәрі  халиф  Османды  қастандық  жасаушылар  (656)  өлтірді.  Оның  орнына 
Мұхаммедтің күйеу баласы Әлі халиф болды (Фатиманың күйеуі). 661 жылы 
ол  да  қастандықшылар  қолынан  қаза  тапты.  Енді  Муавия  өзін  халиф  деп 
жариялады.  Бірақ  ол  халифатты  Меккеге  де,  Мединеге  де  бар-май, 
Дамаскіден  басқара  берді.  Сөйтіп,  араб  халифатының  жаңа  тарихи  кезеңі 
басталды.  Арабтардың  саяси  өмірінің  орталығы  араб  қалаларынан  Сирия 
қалаларына ауысты. 
     Дамаск  халифаты  661  жылдан  750  жылға  дейін  өмір  сүрді.  Бұл  тоқсан 
жылдық билік Омеядтар халифаты деп аталды. Бұл кезде халифаттың иелігі 
орасан  зор  ұлғайды.  VІІІ  ғасырдың  басына  қарай  бүкіл  Солтүстік  Африка 
жаулап алынды. 711 жылы арабтар Гибралтар бұғазы арқылы вестготтардың 
әлсіреп  қалған  мемлекеті  орналасқан  Пириней  түбегіне  өтті.  Олар  бірнеше 
жылдың ішінде Испанияны түгелдей дерлік жаулап алды. Оның тек солтүстік 
таулы бөлігінің тұрғындары ғана бағынбай, күресе берді. Одан соң арабтың 
атты әскері Пириней тауларын басып өтіп, франктер корольдігіне бас салды. 
Бірақ Пуатье түбінде болған 732 жылғы жойқын соғыста франктер арабтарды 
жеңіп, оларды оңтүстікке ығыстырып тастады. 750—754 жылға дейін Абул-
Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға дейін билік құрған аббаситтер әулетінің 
негізін  қалады.  Жаңа  халифаттың  астанасы  Бағдад  қаласы  болды.  Оны  768 
жылдан бастап халиф Мансұр (754—775) тұрғызды. Осы аббасидтер тұсында 
Араб  мемлекеті  өзінің  шырқау  шегіне  жетті.  Араб  мемлекетінің  гүлденуіне 
зор  еңбек  сіңірген  халифтер:  Мансұр  (754—755),  Харун-ар-Рашид  (786—
809), Аль-Мамун (813—833), Мұтадид (892—902) болды. Мұтадидтен кейін 
халифаттың  кұлдырауы  басталады.  Халифаттағы  барлық  жер  әуелде 
халифтың    меншігі  болып  есептелді.  Ол  елді  наместниктері  арқылы 
басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер 
алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен 
әскер ұстады. Бертін  келе халиф жердің  бір бөлігін  шонжарлардың  тұрақты 
иемденуіне  берді.  Шығыс  елдерінде  егіншілікпен  суармалы  жерлерде  ғана 
шұғылдануға  болатын  еді.  «Сусыз  жер  —  өлі  жер»,—  дейді  араб  мақалы. 
Үлкен  суландыру  құрылыстары  салынды.  Халифатта  тұтқындар  еңбегі  де 
кеңінен  пайдаланылды:  олар  кен  қазу  жұмыстарында  істеді,  батпақтарды 

құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті 
қорғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі 
құлдар  емес,  тәуелді  шаруалар  еді.  Халиф  өз  әскер  басыларымен  ерекше 
еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. ол үлес «ихта» 
деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болса,  Омар халиф (634—
644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын 
болды.  Бұқара  халық  ұшыр  (құшыр),  зекет,  харадж  (қалан)  т.б.  салықтар 
төледі. Ұшыр — жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген 
халықтар  жизья  деген  ақшалай  салық  төледі.  Егер  мұсылман  болса,  бұл  са-
лықтан  босатылды.  Харадж  деген  егін  салығы.  Ол  жиналған  өнімнің  үштен 
бірін құрайтын. Зекет — шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал 
салығы.  Жаулап  алынған  елдердің  тұрғын  халқына  қару  асынуға  рұқсат 
етілмеді.  Олар  өздерінің  киген  киімдерімен  де  арабтарға  ұқсамауға  тиісті 
болатын.  Жаулап  алушылар  мұсылман  емес  халықтардың  бәріне  қосымша 
салықтар  салды  және  өз  әскерлерін  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуді 
міндеттеді.  
     VІІІ—ІХ  ғасырларда  жаулап  алынған  жерлерде  арабтарға  қарсы  халық 
көтерілістерінің толқыны етек алды. 776 жылы Орта Азиядағы Мары қаласы 
маңында Хашим-ибн-Хаким басқарған көтеріліс болды. Оны халық Муканна 
деп атап кеткен. Ол көтеріліске қатысушылар маздакидтер ықпалында болып, 
дүние мүлік теңдігін талап етті. 816 жылы Әзербайжанда көтеріліс басталды. 
Оны Бабек басқарды. Көтерілісшілер халифтың алты армиясын талқандады. 
Көтеріліс Әзербайжаннан Армения мен Иранға ауысты. Араб тарихшысының 
айтуынша, халифат астанасын «қатты үрей мен қорқыныш басты». Бабектің 
басы  үшін  орасан  зор  сыйлық  белгіленді.  Бабектің  өзіне  де  егер  берілетін 
болса,  кешірім  жасалады  деп  уәде  етілді.  Бұған:  «40  жыл  бейшара,  құл 
болғанша,  бір  күнгі  бас  бостандығым  артық»  деген  тәккаппар  жауап 
қайтарылды. Сөйтіп, көтеріліс 20 жылдан соң әрең басылды. Бабек өлтірілді. 
Халиф  көтеріліс  жасаушыларға  қарсы  өзінің  негізгі  әскерін  жіберді.  Жақсы 
қаруланған  әскер  көтерісшілерді  талқандады.  Бабек  баспана  сұраған 
жергілікті тұрғындардың бірі оны халифке ұстап берді. Ол 837 жылы азаптап 
өлтірілді. Халифаттың басқа аймақтарында да қуатты көтерілістер болды. 
Халифаттың  ыдырауы.  Атлант  мұхитының  жағалауынан  бастап,  Үндістан 
мен Қытай шекарасына дейінгі жерді алып жатқан орасан зор араб халифаты 
онша  берік  болмады.  Бағындырылған  халықтар  тарапынан  жүргізілген 
көтерілістер  оның  күш-қуатын  әлсірете  берді.  Феодалдық  құрылыстың 
дамуына  байланысты  жер-жерде  ірі  феодалдар  күшейе  бастады. 
Аймақтардың  наместниктері  өздерінің  атақ  мансабын  пайдалануға  алған 
жерлерімен  қоса,  өз  ұрпағына  мирасқа  қалдыра  бастады.  Өздерінің 
қарамағындағы  әскер  күшіне  сүйене  отырып,  олар  халифқа  бағынудан  бас 
тартты,  сөйтіп,  өздерінше  тәуелсіз  билік  жүргізушілер  болып  алды. 
Халифаттың  ыдырауы  VІІІ  ғасырдың  ортасында  басталды.  756  жылы 
Кордова эмираты бөлініп кетіп, ол 929 жылы жеке халифатқа айналды. VІІІ 
ғасырдың аяғы — ІХ ғасырдың басында Марокко мен Тунис бөлініп шықты. 
ІХ ғасырдың ортасында Египет тәуелсіздік алды. Мұнда алғаш Тулунилер, ал 

Х ғасырда Әлінің Фатимилер деп аталған ұрпақтары билік құрды. 969 жылы 
Фатимилер  Египетті  егемен  Каир  халифатына  айналдырды.  ІХ  ғасырда 
Шығыс Иран (Хорасан), Х ғасырда Батыс Иран да Араб халифатынан бөлініп 
шықты.  Амударияның  шығысындағы  Мәуереннахрда  Саманилер  мемлекеті 
құрылды  (Мәуереннахр  —  «өзеннің  арғы  жағы»).  Оның  астанасы  Бұқара 
қаласы  болды.  Басқа  үлкен  қалалары  Самарқан  мен  Ходжент  болды.  Х 
ғасырдың  басында  Ауғанстан  бөлініп  шықты.  Бағдад  халифатының 
қарамағында  Месопотамия  ғана  қалды.  Бірақ  оны  да  Иран  әміршісі  өзіне 
бағындырып  алды.1055  жылы  Бағдадты  Орта  Азиядан  ауып  келген 
көшпенділер  —  түрік-селжүктер  жаулап  алды.  Олардың  қолбасшысы  Ер 
Тоғрыл (Тоғрыл бек) сұлтан деп жарияланды. Енді халифтердің қолында діни 
билік  қана  қалды.  Ол  билік  те  1258  жылға  дейін,  монғол  жаулап 
алушылығына дейін ғана сақталды. Сөйтіп, қоғамдық бірліктің, ынтымақтың 
ұйтқысы  болған  жаңа  ислам  дінінің  рухани  беделі  араб  халифатының 
құрылуына, зор табыстарға жетуіне себеп болды. Ал ІХ ғасырға қарай ис-лам 
басшыларының  пайғамбар  өсиеттері  бойынша  жүре  алмай,  әділеттілік 
жолынан  ауытқып  кетулері  жеке  феодалдардың  күшеюіне,  ақырында  — 
халифаттың ыдырауына әкеліп соқты. 
Мәдениеті. 
Арабтардың мәдениеті VІІ—Х ғасырларда дүние жүзіндегі ең озық мәдениет 
болды.  Еуропадағы  ең  алғашқы  университетті  —  Кордовада  —  арабтар 
ашқан.  Ондай  университеттерді  арабтар  Бағдадта,  Каирде  де  ашқан. 
«Адамның  ең  басты  көркі  —  білім»,—  дейтін  араб  ғалымдары.  Халифатта 
математика,  астрономия,  география  тәрізді  ғылымдар  өте  жоғары  дәрежеде 
дамыды.  Дамаскіде,  Бағдад  пен  Каир  сияқты  қалаларда  үлкен  обсерва-
ториялар  ашылды.  Араб  астрономдары  көптеген  жаңа  жұлдыздар  ашып, 
аспан  әлемінің  өте  кұнды  картасын  жасады.  Күрделі  аспаптарды  пайдалана 
отырып, араб астрономдары жер шарының көлемін шамамен есептеп шығара 
алды,  аспан  әлемінде  көзге  көрінетін  жұлдыздардың  орналасу  тәртібін 
сипаттап  жазды.  Орта  Азия  ғалымы  әл-Бируни  (973—1048)  жер  күнді 
айналады  деп  дана  болжам  айтты.  Арабтарда  медицина  да  жемісті  түрде 
дамыды.  Орта  Азияда  араб  тілінде  білім  алған  ұлы  ғалым  тәжік  Ибн  Сина 
(980—1037) өмір сүрді. Оның әсіресе дәрігер ретінде даңқы шықты. Ол өзіне 
дейін айырып болмайтын көптеген аурудың белгілерін баяндап жазды. Оның 
қаламынан  жүздеген  ғылыми  еңбек  шықты.  Шығыста  Ибн  Синаны 
«ғалымдардың  атасы»  деп  атады.  Біздің  жерлесіміз,  әйгілі  философ, 
энциклопедист  ғалым  әл-Фараби  (870—950)  да  араб  тілінде  оқып,  білім 
алған.  Арабтар  алгебра  (алджебр  —  «есеп»  деген  сөзінен  «алгебра»  сөзі 
шыққан)  мен  геометрияны,  тригонометрияны  дамытты.  Олар  үнді  цифрлар 
жүйесін  жетілдірді,  ең  алғаш  «ноль»  (0)  белгісін  ойлап  тапты.  Арабтар 
географияны  қатты  құрметтеді.  Бұған  арабтың  «Ғылым  іздеп,  сапар  шеккен 
адамның  алдынан  жұмақ  есігі  ашылады»  деген  мақалы  дәлел  бола  алады. 
Географтар өзге елдер жайында жазылған кітаптарды ғана оқып қойған жоқ, 
қауіпті  алыс  сапарларға  аттанып,  ол  елдерде  болып  қайтты.  Сондай  араб 
географы,  тарихшыларының  бірі  Масуди  (890—956)  болды.  Ол  халифаттың 

барлық  аймақтарын,  сондай-ақ  Индия  мен  Қытайды  аралап  шықты.  Сол 
саяхаттарының нәтижесін «Алтын алқаптар» деген еңбегінде тұжырымдады. 
Ибн-Даст,  Ибн-Фадлан  т.б.  араб  саяхатшылары  славян  елдеріне  барып 
қайтты,  олар  туралы  қызықты  мәліметтер  қалдырды.  Араб  географтары 
өздеріне белгілі елдер мен теңіздердің карталарын жасады. Альгамбра. ХІІ ғ. 
ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басындағы араб тарихшыларының ішінде 
әсіресе  Табари  деген  ғалымның  (923  жылы  өлді)  шоқтығы  биік  болды.  Ол 
«Пайғамбарлар  мен  патшалар  тарихын»  жазып  қалдырды.  Көпестер  мен 
түйекештер басқа елдерден қымбат тауарларға қоса, таңғажайып ертегілерді 
де  әкеліп  отырды.  Олар  халиф  пен  шонжар  сарайларында,  Бағдадтың 
базарларында,  көшелері  мен  үйлерінде  айтылды.  Халық  таңғажайып 
саясаттар  мен  керемет  оқиғалар  туралы  хикаяларды  қызыға  тыңдады.  Осы 
ертегілерден  кейінірек  бүкіл  әлемге  әйгілі  «Мың  бір  түн»  жинағы 
құрастырылды.  Араб  ақындары  өздерінің  өлеңдерінде  көшпенділердің 
тұрмыс салты мен батырлардың соғыстағы ерліктерін жырға қосты. Поэзия, 
әсіресе  Иран  мен  Орта  Азияда  жемісті  түрде  дамыды.  Мұндағы  ақындар  өз 
шығармаларын әдетте тәжік-парсы тілдерінде жазды. Ең атақты ақындардың 
бірі  —  Әбу-л-Касим  Фирдоуси  (935—1020)  болды.  Ол  «Шахнама» 
(«Патшалар  кітабы»)  поэмасын  жазып  шығару  үшін  отыз  жылдан  астам 
уақыт жұмсады. Алпыс мыңнан астам өлеңнен тұратын бұл шығармада иран 
халқының  өз  елін  жаулап  алушыларға  қарсы  жүргізген  күресі  баяндалды. 
Аттары  аңызға  айналған  батырлардың  ерліктері  мадақталды.  Ақын  «өзінің 
өмірлік нанын өз еңбегімен табушылар» туралы құрмет тұта жазды. Ол ел  
басшыларын өзара қырқысу соғыстарын тоқтатып, елді көркейтуге шақырды. 
Халифатта өнер түрлерінің ішінде, әсіресе сәулет өнері аса үлкен табыстарға 
жетті.  Құрылысшылар  тамаша  сарайлар,  мазарлар  мен  қамалдар  салды. 
Испан әміршілерінің Гранададағы Альгамбра сарайы (ХІІІ ғасырдың аяғы — 
ХІV  ғасырдың  ортасы)  бүкіл  дүние  жүзіне  танылды.  Араб  сәулетшілері 
мұсылман  храмдарын  —  мешіттер  салды.  Мешіттің  төрт  бұрышты  үйінің 
төбесі  көбінесе  күмбезделіп  шығарылды.  Оның  ішкі  жағында  көптеген 
колонналары  галереямен  қоршалған  бассейні  бар  үлкен  ауласы  болды,  зал 
соған  тіркестіріле  салынды.  Мешіттің  қасына  дін  ұстанушыларды  намаз 
оқуға  азан  айтып шақыратын  биік  мұнара  —  минарет  салынды.  Ертеректегі 
сондай  араб  сәулет  өнерінің  бір  ескерткіші  —  688  жылы  Омеядтер  әулеті 
салдырған  Иерусалимдегі  Омар  мешіті.  Ол  қазірге  дейін  сақталған. 
Арабтардың  үйлері  тасқа  қашалған  ою-өрнектермен,  ал  олардың 
қабырғалары  мен  едендері  жалтыраған  кірпіштермен,  мозаикалармен  бай 
түрде әшекеленді. Үйдің қабырғалары арабескалармен (өрмелі сызықтармен) 
безендірілді.  Шілтер  тәрізді  оюлар  мен  алуан  түсті  суреттер  тастың  өзін 
салмағынан айырғандай әсер етеді. Мұсылман діні адамдар мен жануарларды 
бейнелеуге тыйым салды. Осы себепті де Халифат елдерінде мүсін мен сурет 
өнері  орта  ғасырлардың  алғашқы  жүз  жылдықтарында  тіпті  дамымады  десе 
де  болады.  Кейінірек  кітаптарға  халық  тұрмысынан  алынған  көріністер, 
халиф сарайындағы оқиғалар, аңдары мен құстарына дейін таңғажайып елдер 
бейнеленген  миниатюраларды  қосатын  болды.  Қорыта  айтқанда  жоғары 

сатыда  дамыған  араб  мәдениетінен  еуропалықтар  көптеген  бағалы  ғылыми 
білімдер  алды.  Араб  математиктері  мен  астрономдарының  еңбектерін  орта 
ғасырлық  Еуропа  ғалымдары  басшылыққа  алды.  Еуропалықтар  арабтардан 
цифраларды ғана емес, сонымен бірге астрономияға байланысты білімдерді, 
оның  ішінде  көптеген  жұлдыздардың  да  атауларын  алды.  Олар  арабтардан 
карталар  сызуды,  компас  пен  глобусты  пайдалануды  үйренді.  Авиценнаның 
латын  тіліне  аударылған  медицина  жөніндегі  шығармалары  ХVІІ  ғасырға 
дейін  Еуропа  дәрігерлерінің  қолдан  тастамайтын  кітабы  болды.  Орта 
ғасырлардағы 
араб 
астролябиі 
Еуропалықтар 
халифат 
елдерінің 
мәдениетімен  негізінен  арабтар  жаулап  алған  Испания  арқылы  танысты. 
Кордовада  көптеген  жоғары  оқу  орындары  болды.  Оларда  аса  көрнекті 
ғалымдар  дәріс  оқыды.  Мұндағы  орасан  үлкен  кітапханаларда  көне 
қолжазбалар 
сақталды. 
Еуропада 
ежелгі 
грек 
ғалымдары 
мен 
жазушыларының еңбектері араб аудармалары арқылы белгілі  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет