Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.
Жапон аралдарының ең ежелгі тұрғындары қалай аталды?
2.
III ғ мен VIғ отасындағы тайпалардың ішіндегі ең күшті тайпа?
3.
Тайк төңкерісі кашан болды?
2 Дәріс. Ерте орта ғасырларда Индияда феодалдық қатынастардың
қалыптаса бастауы.
Негізгі сұрақтары:
1. III – V ғасырлардағы Солтүстік Индияның әлеуметтік – экономикалық
жағдайы.
2. Гупттар билігінің орнауы.
3. Индияның VI – XI ғасырлардағы әлеуметтік – эканомикалық құрылысы.
4. Индия князьдықтарындағы аграрлық қатынастар.
5. Ортағасырлық үнді қалалары, қолөнері мен сауда.
6. III – XI ғасырлардағы Үнді мәдениеті.
Нарбадда өзені мен Виндхи тауларынан солтүстікке қарай жатқан жерлер
Солтүстік Индия, ал олардан оңтүстікке қарай жатқан жерлер – Декан /
«дакхин» - оңтүстік/ деп бөлінеді. Бұл жерлерде көптеген тайпалар тұрды.
Олардың тілдерінде біраз ерекшеліктер болды. Тайпалар дамудың әртүрлі
сатысында еді : біреулерді алғашқы қауымдық құрылыста болса, енді
біреулері құл иеленушілік құрылыста, келесі біреулер – феодалдық қоғамға
аяқ басқан еді.
Солтүстік Индияда дәнді дақылдар, жеміс – жидек, май алынатын,
қабығынан жіп жасалатын өсімдіктер өсірілді.
Малдың да көптеген түрлері өсірілді. Тау – кен кәсібі дамыды: мысалы,
алтын, темір, т.б металдар өндірілді. Металды өңдеу ісі жоғары дәрежеде
дамыды. Делидің маңындағы V ғасырдың басында қойылған, әлі күнге дейін
сол баяғы қалпында сақталған биіктігі 6,7 м., диаметрі 0,4 м., жазуы бар,
ешқандай коррозияға берілмейтін колонна металлургтерді таңқалдырып
келеді.Ертеректе тек қолөнерінде қолданылған темірден жасалған еңбек
құрал – саймандары V – VI ғасырларда жер өңдеу ісінде де кеңінен
пайдаланылады.
Өндіргіш күштердің жетілінуінің тағы бір көрсеткіші – құрылыс ісі
болды.Бұрынғы ғибадатханалар мен т.б қоғамдық үйлердің негізгі құрылыс
материялы болып келген ағаш енді таспен, кірпішпен алмастырыла бастады.
Жаңа ғасырдың басында тастан салынған құрылыстар тек тас өңдеушілердің
шеберлігін ғана емес,олардың өңдеу құрал – жабдықтарының жоғары
дәрежеде жетілгендігін де көрсетеді.
Осы кезде Индияның атақты үңгір храмдары, яғни басынан аяғына дейін
тек тастан қашап салынған будда храмдары өмірге келді.Сондай құрылыстың
бір үлгісі – Анджанттағы будда вихрасы. Көне құл иеленуші қоғамның
мәдени орталықтарында әртүрлі кәсіп: зергерлік, қару – жарақтық,
гончарлық,тері, ағаш өңдеу, тоқу – орын алған. Әсіресе. Тоқу кәсібі жоғары
дәрежеде дамыды.
Көптеген архнологиялық қазба материалдары : тиындар, әдеби шығармалар
Индияның Риммен саудасы сонау I –II ғасырларда – ақ кеңінен қанат жайған
болатын. Рим Индиядан тәтті тағамдар, бояу, иіс су, үлбіреген мата алып
тұрды. Ол тауарлар үшін рим Индияға алтын,шыны ыдыс – аяқтар, қорғасын,
шарап, құлдар беріп отырды. IV ғасырдан бастап бұл сауда Византия қолына
көшті. Индия көпестері батыста Аденге, шығыста – Бирмаға , Үнді –
Қытайға, Ява мен суматраға дейін барып, сауда жасады. Қытаймен тек сауда
байланысы ғана емес, діни байланыс та орнады.
Индиялық буддистер буддизм әдебиетін санскрит тілінен қытай тіліне
аударуға көмектеседі.Индия сауданы құрғақта да кеңінен жүргізді.
Археологиялық қазба материалдары Индияның орта азиямен де байланысы
болғандығын көрсетеді. Әдеби, жазба ескерткіштер бұл кезде үндінің ауыл
шаруашылығы қауымында үлкен отбасыларының шағын, жеке отбасыларына
бөліну процесі күшейгендігін көрсетеді. Бұрын үлкен отбасының басшысы
өлгеннен кейін де бөлінуге тыйым салынатын болса, енді жаңа дәуірдегі
брахман заңы бойынша ондай отбасының басшысы тірі кезінде де бөлінуіне
рұқсат беріле бастады.
Мұндай ірі отбасыларының кішігірім жеке – жеке отбасыларына
бөлшектенуі үнділік ауыл шаруашылығы қауымындағы мүлік теңсіздігін
туғызып, жікке бөлінуді тездетті. Кейбір қауым мүшелері өз үлестерін сатып
жіберді. Қауым ол үлестің келімсектерге өтіп кетпеуін қадағалап отырды.
Бұл туралы бізге сақталып жеткен « Артхашастра» деп аталған саясат туралы
трактаттан білеміз. Оның авторы б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Каутилья. Ол
трактат бойынша қауым мүшесі жерін сатуға ерікті болды. Бірақ ол жерді
сатып алуға ең алдымен оның өз туыстары құқылы болды, тіпті болмаса тек
сол қауымның басқа мүшесі ала алатын.
Трактатта «даса» деген құлдардың жаңа түрі туралы айтылады. Бұл жерін
сатып жіберіп, қарызға белшесінен батқаннан кейін басқа біреуге құлдыққа
жалдануға мәжбүр болған, жолы блмаған бұрынғы тек құқылы қауым
мүшесі. «Артхашастрадан» біз патша иелігінде құлдар мен қатар майда
жалгерлер де болғанын білеміз.Халық өте тығыз орналасқан жерлерден
еріктілерді патша иелігіне көшіретін, басқа патшалықтан қоныс аударғысы
келетіндер шақырылатын. Мұндай ұсақ жалгерлер патшаға өнімнің
жартысына жуығын беріп тұратын. Қажет болса патша ондай қоныс
аударушыларға материалдық көмек көрсететін: мал, тұқым, ақша
беретін.Жалгерлер патша чиновниктерінің бақылауында болатын. Патша бос
жатқан жерлерді сатуға да, жалгерлерге беруге де құқылы болды.
Сөйтіп, жаңа дәуірде ірі жер иелері өз шаруашылықтарын прогрессивті
негізде жүргізе бастады. Құлдар еңбегі тиімді болмады.Сондықтан жер
иелері оларға өз шарушылығын жүргізетін үлес бөліп берді. Ол үлес үшін
құлдар жер иесіне жұмыс істеп беретін немесе өнімнің белгісі бір мөлшерін
беретін. Сонымен, құлдық қоғамда қанаудың феодалдық қоғамға тән түрі
кеңінен қолданыла бастады.
IV ғасырда Солтүстік Индия Магадхалық ақсүйектердің қол астына
біріктірді. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта әулетінің өкілі
Чандрагуптаның /320 – 340/ қолына тиді. Оның баласы Самудрагуптаның
/340 – 380/ тұсында Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі
аралықтағы Солтүстік Индияға таралды.
Ұлан ғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери
аппарат құрылды. Ондай аппарат тек астана Паталипутрада ғана емес, басқа
маңызды қалалар мен елді мекендерде де құрылды. V ғасырдың ортасында
халықтың салыққа деген наразылығы көтеріліске әкеп соқты. Державадан
батыс облыстар бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекетке айналды. 458 жылы
гупттар өз державасын көшпелі гунн – эфталиттер шабуылынан қорғап
қалды. Бірақ V ғасырдың аяғына қарай, будхагупта тұсында гуннэфталиттер
гуптарларға қатты соққы беріп, батыстағы Мальва, Гуджарат, т.б. бірқатар
облыстарды алды.
Гупттар тек Магадхты ғана ұстап қалды. Эфталиттер Шакала қаласын өз
астанасына айналдырды. Эфталиттер езгісі елдіауыр күйзеліске ұшыратты.
Ол езгі үнділіктерді көтеріліске шығарды. 528 жылы гупттар басшысы
Баладитья Орталық Индиядағы Мандасордың басшысы Яшодхарманмен
одақтаса отырып, эфталиттерді талқандады. Эфталиттер қуылды. Бірақ бұл
күрес Гупттар мемлекетін өте қатты әлсіретті. Ішкі талас – тартыстар
тоқтамады. Ақыры, VI ғасырдың аяғында Гупттар мемлекеті өмір сүруін
тоқтатты.
Гупттар державасы құлағаннан кейін Декан аумағында бірнеше ұсақ ,
дербес князьдықтар құрылды. Олардың ішіндегі ең ірілері жарты аралдың
оңтүстік батысындағы Чера, Қиыр оңтүстіктегі ПАндья, Оңтүстік
шығысындағы Чола және шығыстағы Андхра болды. Деканның солтүстік
батысында скиф әулетінен шыққан басшылар құрған кішігірім мемлекет
болды. Бұл князьдықтардың кейбіреулерінде бұрынғы ақсүйектер билігі
сақталып қалды. Басқалардың төменгі сословие – шудра мен вайшилерден
шыққандар немесе Индияға басып кірген тайпалар өкілдері басқарды.
Деканның біраз князьдықтарында жергілікті әскери аристократиядан шыққан
өкілдер билігі орнады. Декан елдерінде Солтүстік Индиядағыдай құл
иеленушілікпен қатар алғашқы қауымдық қатынастар да сақталды.
Археологиялық
мәліметтер
мен
әдеби
ескерткіштерден
Декан
патшалықтарының I – III ғасырларда Риммен қызу сауда – саттық жүргізіп
тұрғандығы белгілі. Деканның теңіз жағалауларынан табылған тиындар
соның айғағы. Бұл аймақ тәтті жеміс – жидектерге бай болған. Деканның
ішкі аймағы адам кіре алмайтын тоғай еді.Деканда негізінен мал өсіріп, аң
аулаумен шұғылданатын тайпалар тұрды. Бұл тайпалар құлиеленушіліктен
соншалықты алыс тұрған жоқ. Олар мен Деканның егіншілікпен
айналысатын құл иеленуші халықтары арасында тығыз қатынас болды.
Құл иеленуші қоғаммен тығыз байланыстағы тайпалардың әлеуметтік –
эканомикалық дамуы жоғары болды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс тез
ыдырады. Декан тайпаларының ішінде ақсүйектер тобы бөлініп шыға
бастады. Тайпа көсемдерінің рөлі арта түсті. Тайпалар арасындағы
қақтығыстар, олардың бірін – бірі бағындыруы күшейді.
Жер иесі – феодалдың билігі өз қарамағындағы басыбайлы немесе толық
құқылы емес шаруаларға тарады. Олар феодалдардың жерінде ұсақ
шаруашылықпен айналысып, феодалға жер рентасын төлеп отырды. Декан
князьдықтарындағы ең ірі жер иелері – махараджалар / ұлы князьдар / болды.
Князьдар бос жатқан жерлер мен қауым жерлерінің біраз бөлігін күшпен
тартып алу арқылы өздерінің жер иеліктерін құрастырды. XI ғасырдан бізге
жеткен бір мәлімет мынаны хабарлайды :” Оңтүстіктегі бір князь өз
көршілерінің жерін жаулап алған соң ол жердің бұрынғы иелерін қуып
шығып. Оған өз шаруаларын көшірді. Сөйтіп , 1900 ауыл құрған. Ол жерді
өте мұқият бөліп ,көшіріп келгендердің қанша салық төлейтіндігін
белгілеген».
Сақталған князь грамоталары қауым жерінде бос жатқан жерлер князьдікі
болып есептелгендігін хабарлайды. Ол жерлер «раджа жері» деп аталды.
Князьдардың қауымға тиісті жерлерде де үлесі болды. Оны сол қауымның
шаруалары өңдейтін. Храмдар мен монастрлар да ірі жер иелері болды.
Князьдар храмдарға көп жерлерді жоматтықпен сыйлап отырған. Мысалы ,
XI ғасырда “ Батыс Декандағы бір княь храм мен дінбасыларына 1400 село
мен деревня сыйлаған », - дейді бізге жеткен князь грамоталары.
Храмдар өз иеліктерін жерлер сатып алу арқылы немесе ашаршылық
жылдары өсімқорлық операциялары арқылы ұлғайтып отырған. X – XI
ғасырда ірі жер иеліктері бар храмдар Катхьяван жарты аралындағы
Сомнатха, Индияның оңтүстігіндегі Мадура болған. Князьдар мен храмдарда
басқа қауымның байып алған өкілдері де феодалдарға айнала бастады.
Князьдар әскери қызмет атқарғандарға да жер үлесін бөліп отырды. Бұл
туралы біз сюан Цзанның қалдырған жазбаларынан білеміз. Ол былай дейді:
« Губернаторлар, кеңесшілер , сот чиновниктері мен қызметкерлер жер
үлесін алып , соның түсімімен күн көреді».
Индияда қызмет орны әкеден балаға көшіп отырды /негізінен/. Сол себепті
қызмеі үшін берілетін жерлер де атадан балаға қала беретін. Әскери
міндеткерлігі үшін де жер берілетін. Сол жері үшін оның иесі
жасақшыларымен князь шақырған кезде жиналып келуі керек болды. Егер
келмей қалса , жерді князь қайта алып қоюға құқылы.Мұндай жер беру
жүйесі әсіресе Гуджаратта, Мальвада, Раджпутан мен Джамна – Ганга
өзендері маңында кең өріс алды. Сөйтіп, Индияның бір аудандарында
феодалдық қатынастар мен таптар дамып, жетіле түсті, ал енді бір
аудандарда жаңадан қалыптасып жатты. Феодалдар өздерінің таптық
артықшылықтарын мұрагерлікке заң жолымен бекітіп, феодалдық қоғамның
билеушісі, үстем сословиесіне айналды. Феодалдардың қауым жерін басып
алулары бейбіт жолмен жүргізілмейді. Қауым мүшелері феодалдарға қарсы
күресіп бақты. Бірақ әлсіз қауым мүшелері жеңіліс тауып отырды.
Ерте ортағасырлық үнді қауымы туралы мәліметтер VII ғасырды Бана деген
жазушы қалдырған «Харшачарите» деген шығармада сақталған. Ол әр үйдің
өзінің астық қоймасы болғандығын , үй ауласы қоршалатындығын
баяндайды. Үйдің айналасы бау – бақша болған. Үйдің қасындағы
усадьбадан басқа жер жыл сайын қайта бөлініп отырды. Бана : «көп жер ну
тоғайлы болғандықтан күріш егіп, қырман жасалатын жерлер жыл сайын
қайта бөлініп отыратын. Бірақ әр жыл сайын таластартыс, дау – дамай болып
отыатын», - дейді.Бананың шығармасында бейнеленген ауыл күріш пен
мақтадан басқа көкөніс пен қант тростнигін өсіретін. Шаруалар сонымен
қатар қосымша аңшылықпен айналысатын. Қауымның иелігіндегі тоғайдан
жабайы жеміс – жидек теретін.
Жер иеленуші қауым ыдыс – аяқ, құрал – сайман жасайтын ұста, шаштараз,
кір жуушы, қарауыл, мұраб /сушы/, тері өңдеушілерді жалдап
ұстайтын.Бірнеше деревнядан тұратын үлкен қауым зергерлер мен тас
кесушілер жалдайтын. Өз еңбектері үшін олар қауымнан азық – түлік алып
отыратын. Әрбір қауым мүшесі сол жалдамалы шеберлер үшін астық
өнімінің белгісі бір мөлшерін бөліп беріп отыратын. Кейбір қолөнершілер
натуралдық жалақысына қоса қауымнан кішігірім жер үлесін алып,
үрімбұтағына мұраға қалдырып отыратын. Қауымның старостасы, хатшысы,
қазысы, балгер –болжаушысы / астролог/ болды.Соңғысы жұлдызнама
құрастырып , әр жұмыс үшін сәтті күнді анықтайтын,брахмандар мен
қауымның қадірлі адамдарының балаларын оқытатын.Староста, хатшы,
астрологтар мен мұғалімдер қауымнан натуралды жалақы алды. Олардың
жалақыларының мөлшері қлөнершілердің жалақыларынан едәуір көп болды.
Оларға жер үлесі көп беріледі.
Қауымның халқының қатары үнемі келімсектермен толықтырылып
отырды. Әртүрлі себептермен өз жерлерінен қашан, басқа қауым арасына
келіп паналаған келімсектер бара – бара сол қауымға сіңіп кетіп, тең праволы
мүшесі болып шығатын. Үлес алып, оны мұрагерлікке қалдырып отыратын,
Бірақ олардың қауым жерінен түсетін /өнімді/ табысты бөлісуге құқысы
болмады. Тең праволы қауым мүшелерінің арасындағы мүлік теңсіздігінің
дамуы бірте-бірте қауымдағы демократияны әлсірете бастады. Бұл теңсіздік
өткен сайын қауым мәселелерін шешу жалпы жиналыстан әулеттер
басшыларының, кейін – селолық панчаяттың / «бестің» кеңесі/ қолына көшті.
Ал панчаяттар шешуші рөлді староста мен оның көмекшісі – селолық писарь
/хатшы/ атқарды.
Қала.Феодалдық қатынастар орнай бастаған кезде қала құлдырауға
ұшырады. Бірақ бұл дағдарыс көпке созылған жоқ. Мұны Индиядағы
рентаның үстем түрі азық – түлік салығы болғандығымен түсінуге болады.
Артық азық – түліктің едәір бөлігін феодалдар айырбасқа жүретін товарға
айналдырып отырды. Феодалдық князьдықтардың портты қалалары мен
астаналары ірі тауар айырбасының орталықтары болды. Бұл қалаларда
қолөнершілер қауымы орналасты. Олар феодалдардың тапсырыстарын
орындады, сондай – ақ өз бұйымдарын алысқа шығарып сататын көпестерге
беріп отырды. Қалалық қолөнершілер қымбат қару – жарақ, зергерлік
бұйымдар, кілемдер, жұқа әсем маталар , иіс сулар шығарумен айналысты.
Басқа елдермен сауду жасаудың негізгі пункттерін Ганга бойындағы
Тамралипти, Аравия теңізі жағасындағы Броч, Камбей, Сурат болды.
Қалаларда қолөнершілер саны өскен сайын оларға қажетті азық – түлік пен
ауылшаруашылық шикізаттарының мөлшері де өсе түсті. Қалаларға жақын
тұратын ауылдың тұрғындары өздерінің артық өнімдерін әкеліп сатып
тұратын болды. Бірақ шаруалар қала тұрғындарының өскелең талаптарын
толық қанағаттандыра алмады. Қала базаларында сатылатын азық –
түлектердің көбі феодалдық рентадан түскен табыстар болатын. Оны
ауылдарды аралап жүріп сатып алатын саудагер – көпестер әкелетін.
Қаладағы ,ауылдағы қолөнершілер өз кәсіпкері бойынша тоқымашылар,
зергерлер, етікшілер, қару – жарақ касталарына бірікті.Қолөнерінің
жіктелуіне байланысты касталар саны өсе түсті.Әр кастаның басында
старшина мен касталық кеңес /панчаят/ тұрды. Олар каста мүшелерінің
мақсат – мүдделерін қорғады, өндірісте және күнделікті тұрмыста
қалыптасқан тәртіптер мен ережелерді бұзбауларын қадағалады. Старшина
мен касталық кеңес – панчаят каста тәртібін бұзушыларды соттады. Ең ауыр
жаза – күнәкәрды каста мүшелігінен шығару болды.
Қалалық қолөнершілер кастасы феодалдарға тәуелді болды.Феодал
касталар арасындағы дауларды шешті, каста мүшелеріне шен – шекпендер
кигізіп, кастасын жоғарылатып немесе төмендетіп отырды. Каста мүшелері
федалдық алым - салықты төлеуде жіпсіз байлаулы болып, тауар
алмасуының дамуына байланысты қолөнершілер арасында мүлік теңсіздігі
күшейе түсті. Олардың арасынан өз кастасының шығарған бұйымдарын алып
сатудан байыған каста мүшелері шықты. Олар кейін көпестер кастасын
құрды. Әсіресе джайн көпестері бай, әрі ықпалды көпестер болд.
Джайнизм мемлекеттік дін болған елдерде джайн – көпестер ерекше
артықшылықтарға ие болып отырды. Кейде Гуджараттағыдай маңызды
мемлекеттік қызмет орындарына тағайындалды. VII ғасырдың аяғынан
бастап Индияның Батыс жағалауындағы қалаларда сыртқы саудада араб
көпестері үлкен рөл атқарды. Олар бұл қалаларда өздерінше шағын
колониялар құрап , сонда тұрды.Князьдардан әр түрлі сый –сияпаттар алып,
Индиямен Таяу және Қиыр Шығыс елдері арасындағы саудада делдалдық
рөл атқарды.
736 ж. Дели қаласының негізі қаланды. Ол алғаш Дхиллика деп аталған.
Гупттар империясы құлаған соң Солтүстік Индия бірнеше ұсақ
князьдықтарға ыдырап кеткен еді. VI ғасырдың аяғында Индияның
Солтүстік –батысында Вардхандар әулеті басқарған Тханесар князьдығы
күшейе бастады. Тханесар князьдары өз елін батыс Пенджабтың жартылай
көшпелі тайпаларынан табысты қорғай алды, сондай – ақ ұсақ
князьдықтарды басып алып отырды. Бірақ Вардханның бұл вассалдары 606
жылы көтеріліске шықты. Сол 606 жылы таққа Харша вардхан отырды. Ол
647 жылға дейін патшалық құрды. Күшті армия жинап алып, Харша
көтерілісшілерге қарсы аттанып олардың тас – талқанын шығарды. Бірнеше
жылдың ішінде ол Солтүстік Индия князьдықтарын бағындырды.
Харш Ганг алқабын алып жатқан ұланғайыр мемлекет құрды. Оның
шекарасы Шығыс Пенжабтың Бенгал шығанағына дейін созылып жатты.
Харша мемлекеттің астанасын Канудж қаласына /Солтүстікте, Ганга өзенінің
бойында/ көшірді.
620 жылы Харша Деканға жорық жасап, сәтсіздікке ұшырады. Харша
құрған империя берік болмады. Ол тек әскер күшімен ғана бір орталыққа
бағынышты болып тұрды. Солтүстік Индиядағы Харша басып алған
жерлерде жергілікті князьдар билігі сақталды. Олардың Харшаға тәуелділігі
салық төлеуінде, шақырған кезінде әскермен келіп, соғысқа қатысуда болды.
Князьдар өздерінің адал берілгендігінің куәсі ретінде Харша сарайында өз
отбасынан кепілдікке адам жіберіп отырды. Харшаның сыйлық грамоталары
оның бағынышты князьдардың жеріне жоғарғы меншік иесі болып
табылғандығын көрсетеді. Бағындырылған жерлерден алым-салық жинауды
қамтамасыз ету үшін Харша ол отбасыларға өз өкілдерін отырғызды. Харша
сарай сановниктерінің штатын ұстады. Оларға қызметі үшін үлестіріп беріп
отырды.
Харшаның замандасы болған Бана деген жазушы патша сарайының сән
– салтанатқа бөленіп отырғандығын хабарлайды. Сондай – ақ жалдамалаы
армияға да көп қаржы ысырап болып отырды дейді жазушы. Сюан Цзанның
мәліметі бойынша Харшаның армиясында жаяу әскермен колесницалардан
басқа 100 мыңдық атты әскер, 80 мыңдық жауынгер пілдер болған. Бұл
армияның бір бөлігі кәсіпқой армия болатын. Ол армияны бейбіт кезде де
таратпайтын. Олар князь астанасында тұрақты орналасқан болатын.
Харшаның мемлекетіндегі феодалдық сот өте қатал сот болды. Заңды
бұзушыларды өлім жазасына кесетін. Олардың мұрынын, қолын, құлағын
кесіп алып зынданға тастайтын. Сөөтіп, заң бұзушылар қорлықпен өлетін.
Харша өлген соң көп ұзамай оның құрған державсы ыдырап кетті.
VIII ғасырдың басында арабтар Синдке басып кірді. Мұның
нәтижесінде екі эмират құрылды : Бірі – Синдтің оңтүстігінде , астанасы
Мансура қаласы ,екіншісі - солтүстіктк,астанасы Мультане қаласы. Бенгалия
аумғында ұзақ күрестен соң шудралар ванасына жатады деп есептелген
Палдар тұқымы таққа отырды.
Солтүстік Индия аумағында әскери – аристократиялық раджпут
кландарынан шыққан князьдар басқарған бірнеше князьдықтар құрылды.
Тарихшылардың топшылауынша Бұл V ғасырда гуннэфталиттермен
келіп,Солтүстік Индияның батысында орналасқан қалған әскери –
аристократиялық әулет, сол әулеттің бір өкілі – гуджар тайпасы. Индияда
орныққан бұл келімсектер жергілікті халықтың тілін, дінін мәдениетін
қабылдады. Олар ерекше раджупттар кастасын құрды . Бұл кланның
мүшелері диқандар мен қолөнершілер бейбіт еңбегін менсінбей , өздерін тек
әскери істер үшін жаралғандар деп есептеді.Соқаға жақындаған раджпут
басқа раджпуттардың күлкі – мазағына ұшыратын.
VIII ғасырда раджастхан аумағында құрылған ұсақ князьдықтар ішінде
раджпуттық Пратихар басқарған князьдық күшейе бастады. IX ғасырдың
басында Пратихарлар Джамна алқабына басып кіріп, Канауджді
бағындырды. Сонан соң өз билігін бүкіл Ганга – джамна өзендерінің
алқабына таратты. Өздерінің шығысқа қарай жорықтарында пратихарлар
Бенгалияны билеуші Палдармен қақтығысты. Олардың арасындағы соғыс
ұзаққа созылып, халықтың тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді.
Солтүстік Индияда феодалдардың қауымдағы шаруаларға үстемдігі
күшейе берді. Басып алынған жерлерге өз князьдерінен грамота алған
феодалдардың қуаты арта берді. Феодалдар арасында өз иеліктерін ұлғайту
үшін қақтығыстар тоқтаусыз жүріп отырды.Қуаты күшті феодалдар өз
сюзеренднріне қарсы бас көтеріп , тәелсіз князьдарға айнала бастады.
Солтүстік Индиялық князьдықтардың басында тақсыр /махараджа/
тұрды. Ол қарулы күштерді , жоғары әкімшілік және сот биліктерін
басқарды. Әрбір князьдық облыстар мен округтерге бөлінді. Оларға
махараджа өз наместниктерін тағайындап отырды.Государьдың жанында
оның кеңесшілерін құрайтын сарай сановниктері болды.Олардың әрқайсысы
мемлекеттік істердің белгілі бір саласында – қорғаныс ,қаражат ,салық жинау
, т.б. істеріне жауапты болды. Махараджаның ірі вассалдары өз
иеліктеріндегі барлық билікті өзі жүргізді де , махараджаға белгіленген
мөлшердегі салықты төлеумен шектелді.
Достарыңызбен бөлісу: |