Пәннің оқу әдістемелік кешені «Автоматтандырудың техникалық құралдары» Истаева Н. Р



бет16/23
Дата12.02.2023
өлшемі1,05 Mb.
#67210
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Ұсынылатын әдебиеттер: /НӘ5, НӘ2,НӘ6/
Бақылау сұрақтары:

  1. Технологиялық контроллердегі аналогты сингалдарды енгізу модулі қалай программаланады?

  2. Программалық қамтамасыздандыруды өңдеу, істен шығару жəне шығарып салу үшін қандай инструменталды құралдар бар?

  3. Технологиялық контроллерді программалау кезіндегі сенімділік сұрақтары қалай шешімін табады?

  4. Уақыт бойынша алгоритмді программалау принциптерін түсіндіріңіз.

  5. Объекттің жағдайы бойынша алгоритмді программалау принциптерін түсіндіріңіз.

Дəріс 11. УСО каналының құрылымы


УСО элементі қолданылатын барлық ұйымдастыру тəсілі мен құру архитектурасын соңғы шыққан крейт мысалынан көрген ыңғайлы. Солардың ішінен архитектура негізгі плата генпанел мен жүйелік модуль жинағы болып табылады жəне басқару крейттің өзгешелігін анықтайды. Базалық жүйелі модуль басты модуль немесе крейт контроллері микро-ЭЕМ платасының крейтті болып табылады. Қалған жүйелік модульдер қосымша жүйелік модульдерге жатқызылады. Олар функционалды модульдерінің рұқсатын микро-ЭЕМ крейттің платасын беретін аппарат драйверінің рөлінде атқарады, сонымен бірге крейттің индикациодық панелінен өзара əрекеттесу мүмкіндігін, ақпараттың энерготəуелді сақталу мүмкіндігіне барлық автоматтандару жүйелерінің ақпарат алмасудың жүйесімен байланысына рұқсатын береді.
УСО крейттерінің конструктивтері
УСО крейтін ұйымдастыру үшін əртүрлі конструктивтер қолданылады. Оның ішінде автоматтандыру жүйесінің спецификасы мен құны есепке алынады. Конструктивтерді үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, 11.1-суреттегі ескі конструктивтер, оларға, негізінен, ВИШНЯ, ЧЕРЕШНЯ, КАМАК, ВЕКТОР стандарттарының тіреулері мен крейттері жатады, сонымен қатар АСТ сериясындағы топтық нормализаторлардың сөрелері мен крейттері жатады. Көбінесе жеке модульдерді орнату үшін бацланыстыратын орындардың сілтегіштердің жинағы ретінде, магистральдің, УСО крейттерінің модульдері арасындағы алмастыруды ұйымдастыру үшін қолданылады. Байланыс арналарын өабылдағыштармен немесе басқару органдарымен қосу үшіноларды стандартты емес коммутация элеметтері бар тапсырмалармен қамтамасыз ететін конструктивті элементтерді жөндеуді қажет етеді. УСО-ның жүйелік жəне функционалдық элементтері ескірген стандарттың модульдерінің стандартты конструктиваларында, осы стандарттың конструктивтік нормалары мен регламенттерімен бірге орналасады. Мұндай ыңғай соңғы жүйенің бағасын төмендетуге жиі мүмкіндік береді.







11.1–сурет.ВИШНЯ стандартының крейті мен стойкасы

11.2–сурет. Субблок пен крейт

11.3–сурет.УСО құрылғысына арналған конструктив

Екіншіден, 11.2 суретте BOPLO, ROSE жəне тағы басқа атақты жеткізушілермен өндірілген крейттері мен субблоктар қолданылады.
Үшіншіден, 11.3 суретте кез-келген УСО негізінде электронды компонентті баспа платаларының үлкен саны қолданылатындықтан, УСО қондырғысы үшін конструктивті ойлап табылған.
Барлық платаларды бір құрылғыға біріктіру үшін əмбебап крейт ойлап шығарылған. Ол өзара бұрандалармен қосылған алюминийлі бетшелерден металл жəшік болып келеді.
Жоғары жəне ортаңғы парақшада крейттің орталық бөлігінде баспа платаларын орнату үшін 16 паза профрезерленген. Артқы қабырға болып крейт модулінің 16 платасын қосу үшін арналған ажыратқыштар орнатылған баспа панелі табылады. Крейттің төменгі бөлігінде арнайы ажыратқыш қаптамада крейттің барлық электрондық сұлбаларын қамтамасыз ететін қоректену блогы орналасқан.
Жинақталған түрдегі қоректену блогінің торап тақташасы крейттің төменгі қабырғасына бұрандалық қосылу бекітіледі.
Бүйір жақ қабырғалардың шығыңқы жерлерінің төрт бұрышында бекітілген крейттің алдыңғы қабырғасы баспа платасының алдыңғы жағынан жауып тұрады. Алдыңғы қабырғада қоректену кернеуі бар индикатор тораптары, крейт жұмысын басқаруға арналған пернетақта, бас бақылаушыны алып тастау батырмасы жəне қабылдағыштардан түскен ақпаратты оперативті бақылау үшін жүйені басқару ыңғайлығы үшін қызмет етеді. Мұнда барлық крейттердің күштік тораптары жиналған. Оның ішінде электр желісіне қосылу үшін желілік кабель, KS1 желелік батырмасы, қоректену блогына арнайы кабельдік қарсылық жəне Пр1. Сақтандырғышы Х5К арнайы ажыратқыш қосылыстарды желілік кабель үшін жəне Х6К-ны қоректену блогына қарсылықты өолдану крейт жұмысының қызмет көрсетуімен функционалдылығын анағұрлым арттырады.
Əмбебап крейт негізінде құрастырылған кез-келген өзіндік құрылымды УСО аппаратурасының негігі конфигурациясы болып, əрқайсысы бір немесе бірнеше локальді есептерді шешетін жеке модульдер арасындағы ақпараттық басқарушы, сандық, аналогтық жəне күштік қосылыстарды регламентеуші генпанель платасы болып табылады. Генпанель платасы бастапқы түрлендіргіштердің байланыстарының жəне басқару органдарының арнасымен, сонымен қатар олардың қоректену арнасымен бірге ешқайда жалғанбайды. Оның құрамында тек нормалды аналогтық жəне екішілік сандық сигналдарды беруге арналған сілтеуіштер болады.
Қабылдағыштар мен басқару органдарынан түсетін сигналдар, модульдерде орналасқан сұлба мен сигналдардың келісуін қамтамасыз ететін қажетті электрондық компоненттер орнатылған терминаторлардың арнайы платалары арқылы УСО модельдеріне қосылады. Егер генпанельге қосылуға арналған кез-келген модульдің соңғы ажыратқышы платаның артқы жағында орналасты деп есептесек, онда терминатор құрылғысының штирлік ажыратқышы модульдің алдыңғы жағында орналасады.УСО крейтіне түседі. Əр байланыс арнасының сілтеуіші Dinkle фирмасының DT-126V түріндегі немесе AMP фирмасының TERMI-BLOK түріндегі арнайы бұрандалық қысқышы терминаторында бекіліп белгіленеді.
Қазіргі уақытта баспа платасының конструкциясымен жəне приципиалды сұлбасымен ерекшеленетін терминатордың бірнеше түрлері ойлап табылған. Əртүрлі типтегі терминаторлар комбинациясы əртүрлі типтегі функционалдық модульдерге əртүрлі типтегі қабылдағыштардан сигналдар қабылдауға мүмкіндік береді.
Қоректену блогы крейтті өзара гальваникалық байланысы бар келесі кернеулермен +5В, +12 (+15В), -12В, (-15В) жəне басқалардан +5В (ISO+5D жəне ISOGND арналары) деңгейдегі жекеленген кернеуімен қамтамасыз етеді. X1P ажыратқышы көмегімен бұл деңгейлер, крейттің барлық модульдеріне түсетін генпанель платасына қосылады.
Бұл екі 5В кернеулі көздер сатып алынған бұйымдар ретінде орындалады ~220/50 Гц электрлік желінің кернеуін +5В қоректену кернеуіне айналдыратын «ALVA 1094» типтегі импульстік қоректену көздері 800 мА жүктеу тогы. Электр желісінің кернеуі крейттің алдыңғы қабырғасынан блоктің баспа электр сымын ұстатқышына келіп түседі. 200 мА-лі жүктеме токты +12 (+15В) жəне 12В, (-15В) кернеулі көздері сонымен қатар ~220/50 Гц-ті электр желісі кернеуден түзетіледі. Схема бір біріншілік жəне екі екіншілік орындаушы бар TP1 торандальдық трансформатордан жəне VD1, VD2 (КЦ 407А) диодтық көпірлерден C1…C8 фильтрлеуші сыйымдылықтардан интегралдық
LM7912(LM7915) стабилизатордан, R1, R2 жүктеме резисторлардан тұрады. УСО крейттерінің функционалдық модульдер
УСО модульдердің белгілеу жүйесі. УСО функционалдық модульдің аталуы блок типінің əріптік белгіленуі мен модификациясының сандық кодынан құралады. Сандық кодта бірінші сан РС-микро байланысымен инерфейс каналының санын (1 немесе 2) білдіреді, екінші сан өңдеудің немесе шығарылымның реттік нөмірін білдіреді, ал басқа сандар нөмірлерін білдіреді.
Аналогтық енгізі модулі. Токты унифицирленген сигналдарды қабылдау модулі токтың аналогтық сигналдарын немесе кернеулерін қабылдау үшін тағайындалған. Модульде гальваникалық шешілген 30 дифференциалды кірістер, 2 калибрлік арналары (0,1 жəне 0,9 толық шкала), 3 кернеу бақылау арналары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет