Пәннің оқу әдістемелік кешені «Автоматтандырудың техникалық құралдары» Истаева Н. Р



бет19/23
Дата12.02.2023
өлшемі1,05 Mb.
#67210
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ұсынылатын әдебиеттер: /НӘ5, НӘ2,НӘ6/
Бақылау сұрақтары:
1.Өнеркəсіптік ақпараттың желілердің негізгі қасиеттерін атаңыз?
2.Технологиялық үрдістерді автоматтандыру(ТҮА) жүйелерінде желіні ұйымдастыруда қандай байланыс модульдерді қолданылады?
3.Комуникациялық хаттама дегеніміз не?
4.ТҮА-да желіні ұйыдастыруда қандай адаптерлер қолданылады?
5.ӨАЖ-де ақпаратты кодтаудың қандай əдістерін білесіз?
6.Сигналдардың түрлері мен формаларын қандай түрлерін білесіз?

Дəріс 14. Автоматтандыруду жəн басқару жуйесін программалық қамтамасыздандыру


Өндіріс коомпьютерлін, контроллерін, терминалды жəне
интеллектуальды модулдерді программалау
Автоматтандыру құралдарын программалық қамтамасыздандыру. Автоматтандыру құралдарын өндіруші барлық фирмалар өздеріне сəйкесті программалық қаматамасыздандыру құралдарын өндіреді. Барлық программалық қамтамасыздандырудың құрылу негіздері, жобалаушы интерфейсі, команда мен қызмет жасау жүйесі ұқсас болып келеді. Omron фирмасы өндірген автоматтандырудың əртүрлі құралдарын программалау мен орнату үшін арналған программалық қаматмасыздандыруды қарастырайық.
Программалық заттар CX-Server (CX-Programmer, CX-Simulator, CXSupervisor, CX-Motion, CX-Position, CX-Protocol) коммуникациялық платформаға негізделген CX серияға біріктірілген. Бұл коммуникациялық платформа құрамына Ethernet желісінің, Controller Link жжəне кезекті байланыс желілерінің OMROW-ң барлық программалық протоколдары үшін арналған байланыс желілерінің драйверлері кіреді.
CX программалық құралдардың жиынтығы CX-Server арқылы əртүрлі программалық логикалық құрылғы мен желіге өтуге мүмкіндік беріп, біруақытта қамтамасыз етіп отырады.
Берілген програмалық құралдар мынадай қызметтер атқарады. Windows драйвері – ПЛК OMRON мен Microsoft Office жəне VBd арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін, ПЛК-ң барлық түрлерін программалау, қолданушы программаны тексеру, SCADA, CS1W – MC жəне C200H-MC221 динамикалық басқару модулдерінің мəндерін орнату, CS1W – NC жəне Cj1WNC позициялау модулінің мəндерін орнату, макро протоколды ұстаушы коммуникациялық модулді программалау.
OMRON (ПЛК) –ң барлық түрлерінің программалық логикалық бақылауыштары үшін CX– Programmer программалық қамтамаасыздандырудың бірдей платформасымен қамтамасыз етеді: микроконтролерден бастап екіпроцессорлы жүйеге дейін. Программатор, түрлендіру мен басқару программаларын қайталап қолдануды жеңілдетеді.
«Жобаны салыстыру» деп аталатын жаңадан шыққан қызмет ПЛК программасы мен компьютерді мұқият салыстыруға мүмкіндік береді. Басқа программалық құралдарымен интеграциялану арқасында CX– Programmer мағлұматтар мен бірге қолдануды қамтамасыз етеді. Яғни, өндіру жылдамдығын жоғарлатады жəне ПЛК-ң эксплутациясын жеңілдетеді.
CX– Programmer ортасының негізгі ерекшелігі болып онда програманы компиляциялау қызметінің пайда болуы саналады. Ол компьютерлер үшін программа өндіруді қамтамасыз етеді. Осы мумкіндікті іске асыратын мықты анализатор бар. Программаның текстік анализаторы енгізілетін мəтінді тексереді жəне қателіктер туралы мəлімет сигнал береді. Осының арқасында қате санын тез азайтуға жəне уақытты үнемдеуге болады. Осы уақытты құрылғаны дəлдікпен сипаттауға, сонымен қатар, программаның ұзақтылығы мен тиімділігін қысқарту үшін қолдануға болады.
Ережеге сəйкес, ПЛК–ң функционалдық құрылғыларының құрамына əртүрлі енгізу құралдары мен ақпаратты бейнелеу құралдарын кіргізуге болады. Бұл құралдар технологиялық үрдістің жүруін бақылауға көмектеседі. Мұндай құрылғыларды адам-машиналы интерфейсінің құралдары деп атаймыз.
NT-Shell NT сериялы терминалдың экранын өндіруші программалық орта болып табылады. Оның көмегімен келесі жұмыстар шешіледі: экранды құру жəне енгізу, берілгендер кестесін, қатарлы жəне сандық кестелерді құру; ПЛК мен NT арасындағы берілгендер араласуын басқару; төтенше жағдайлар туралы хабармен NT экранын шақыруларының тізбесін енгізу.
CX-Supervisor жоғары деңгейлі басқару ортасын құру үшін арналған OMRON компаниясының SCAD пакеті болып табылады. Қарапайым қосымшаларды дайын көлемді функциялар мен кітапхана арқылы тез құруға болады. Тіксызықты құрылым арқасында программамен танысу уакытты қысқарады. ОРС көмегімен ОРС мен 2-шi сериялы құрылғылар арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. SQL, ОДВС, MS Access, dBase, CSV жəне MS Excell берілгендер базасымен қамтамасыз етуге, сонымен қатар кең функциялы Active X компоненттерін енгізуге мүмкіндік береді.
Құрылғыларды басқару алгоритмдерін орныдау үшін контроллерді программалау
Уақыт бойынша басқару. Дискретті автоматикада уақыт бойынша автоматты басқару əдістерінің ішіндегі кең тараған түрі болып табылады. Мұндай басқарудың алгоритмін екі бөлімдік түрде көрсетуге болады: уақыт интегралының кезектілік алгоритммін жүзеге асыру; уақыт интервалына сəйкес орындаушы құрылғыларды басқару алгоритмі.
Уақыт интервалының кезектілігін формалау уақыт кешігуін туғызатын құрылғылар (уақыттық реле немесе таймер) немесе берілген ұзақтыққа сəйкес импульстердің кезектілігін санау құрылғыларын пайдалану арқылы орындалады.
Программаланатын контроллерге бірінші əдісті қолданған дұрыс. Өйткені, контроллерге көп мөлшердегі программалық таймерді енгізуге болады. Ал мұндай əдіс басқару жүйесінің бұзылуымен уақыт интервал мəндерін коррекциялау кезінде ыңғайлы болып табылады.
Уақыт интервалының кезектілігі таймердің кезектілігімен формаланады. Бұлар уақыт интервалының генераторын (УНГ) құрайды. Релейлі – контакталы сұмба тілінде УНГ-ті программалауды жузеге асыру мен уақыт бойынша басқару программасы берілген.
Объектінің жағдайы бойынша басқару. Объектінің жағдайы бойынша басқару үшін жағдай туралы ақпарат болу керек. Сондықтан мұндай жүйелерді өңдеуде міндетті түрде бергіштерді тандау қажет.
Басқардың нақты тапсырмаын шешуге арналған объект жайлы толық ақпарат алу уүшін бергіштер мен берілгендер көлемі жеткілікті болу қажет.
Объект жағдайы бойынша басқарудың екі əдісін көрсетуге болады: жұмыс жасау кезегі (объект жағдайы) қатаң турде анықталынын қойылған жəне бергіштен түскен ақпарат жұмыс қимылының соңын немес объектінің жаңадан жағдайға көшуін бақылауға мүмкіндік береді. Əрбір жаңа қимыл алдынғы қимылдың бітуінен соң барып басталады; жаңа қимылды таңдау (объект жағдайын) параметрлердің ағымдық мəндерімен анықталадыжəне əрбір жаңа орындалғаннан кейін басталады.
Бірінші əдісті, сонымен қатар, программалы деп, ал объектінің қимылының кезектілігін, яғни басқару жүзеге асатын-программа деп атайды. Жалпы жағдайда басқару екі əдісті де қолданады. Мысалы, қимылдың бірінші немесе екінші түрдегі кезектілігін қажет етуге тəуелді программада параметрлердің жағдайы ескеріліп отырады.
Объектінің жағдайы бойынша қатаң кезектілік басқару алгоритмі. Объекттің жағдайы бойынша қатаң кезектілік операциясын автоматты басқару да дискретті автоматикада кең жайылған басқару əдісі болып табылады. Операцияның кезектілігі бір команда циклдарда көпретті қайталанып отыра алады. Мұндай басқару алгоритмін екі бөлімдік түрде келтіруге болады. Басқару қимылы немесе қадамынынң кезектілігін формалау алгоритмі (басқару объектісінде орындалатын жеке дара операциялар); Басқару қадамымен сəйкесті орындаушы құрылғыларды басқару алгоритмі қадамның кезектілігі (басқару объектісінде орындалатын жеке дара операциялар) объектінің жағдайы бергіштерін қолдану арқылы жүзеге асады. Ол басқару жүйесіне ағымдық операциясының аяқталу жайлы ақпарат беріп отырады. Алдыңғы операцияның аяқталу көрінісі келесі операцияның басталуының қажетті шарты болып табылады.
Басқарудың əр түрлі қадамдарын бір текті датчиктер (бергіштер) немесе орындаушы құрылғылар пайдалануы мумкін, сондықтан, қадамдарды фиксирлеу керек. Бұл кезде бергіштің кезекті қадамындағы жұмыстар алдынғыларға əсер етпейді жəне соған сəйкес орындаушы механизмге де əсерін тигізбейді. Бұл үшін программада əрбір басқару қадамы биттік айнымалымен байланысады (қадам белгісі). Яғни қадамды активтеу кезінде бірлік ON жағдайы орнатылады.
Ослайша, басқару объектісінде кезектілік қимылы, қадамды генерлейтін жəне олармен байланысқан биттерді кезекті орнататын программа бойынша формаланады (жүзеге асады).
Соңғы қадам аяқталғаннан соң барлық қадам белгілері тасталынады. Егер циклды қайталау керек болса, онда соңғы қадам қайтадан кезектілік қадам программасын іске қосу қажет.
Орындаушы механизмдерді басқару ағымдық қадам арқылы анықталады. Қозғалыс осы қадамда қосылатын немес ажыратылатын орындаушы механизмге бағытталып көрсетіледі.
Осыдан кейін. Орындаушы құрылғыларды басқару функциясы жүзеге асады: əрбір құрылғылар үшін қай қадамда оның іске қосылатынын, қай ажыратылатыны анықталынады.
Объектінің жағдайы бойынша икемді басқару алгоритмі [10]. Дискретті автоматты басқару жүйелері үшін атақты сандық автаматтардың алгоритмдері қолдануы мүмкін. Мысалы, Мурдың автоматы. Себебі мұнда, бір жағдайдан екінші жағдайға өту алгоритмі объект параметрлерінің мəнімен анықталады жəне қатаң кезектілік сақталмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет