Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет36/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115
Грамматикалық форма. Сөздің негізгі лексикалық мағынасына қосымша грамматикалық мағыналар сөздің сыртқы формасын өзгерту арқылы да беріле береді. Мысалы, көп, мол астық деудің орнына тау-тау астық, киімге қатысты қабат-қабат киім деп қолдану, олардың зат атаулыдан өзге сонша мол астық, көп киім секілді қосымша мағыналарды көрсетеді. Сонда сөздерді қосарлау жаңа форма, грамматикалық мағыналар, айталық қос сөз, қайталама қос сөз, екі сыңары бірдей түсінікті, зат есім секілді грамматикалық құрылыстарды айқындайды.
Сонымен бірге кейбір сөздер сөйлем құрамында дербес толық лексикалық мағынаға ие болмағанымен, түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық форма ретінде қолдануы мүмкін. Мысалы, столда жатыр, келе жатыр тіркестеріндегі жатыр сөзінің қызметтері әр алуан. Алғашқысы нәрсенің стол үстінде екендігін білдіретін әрі толық мағыналы лексикалық тұлға болса, екіншісінің лексикалық мағынасы солғындап, көмекшілік грамматикалық мағына, яғни көмекші етістік, шақ, жақты көрсететін тіркес ретінде келген жаңа формалы сөз болып табылады. Сонда бұл секілді мағына сөздердің тіркесу тәсілінен шығып отыр.
Грамматикалық категория. Грамматикада грамматикалық мағына, грамматикалық формадан өзге және бір термин, грамматикалық категория қолданылып жүр. Бұл – категория термині сол грамматикалық мағына мен формадан келіп туындайтын тілдік құбылыс. Сонда әр категорияның өзіне лайықты грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бар деген сөз.
Категория жалпы грамматикалық құбылыс болғандықтан, жеке сөзде немесе сөздер байланысында да өмір сүре береді. Сондықтан сөздер құрамына байланысты кесдесетін категорияны морфологиялық, ал синтаксиске, яғни сөйлем, сөйлем құрамындағы сөздердің байланысу тәсілдеріне байланысты категорияларды синтаксистік категория делініп жүр. Мәселен, морфологиялық категориялар сөздердің түрленулеріне байланысты әр алуан аталады. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Пайдасын көре тұра тексермедім (Абай) сөйлемдердегі: жасымда сөзі жас оған -ым тәуелдік жалғауы, содан -да жатыс септік жалғауы жалғанып барып, яғни екі түрлі морфологиялық өзгеріске түсіп, «ескермедім» сөзімен байланысып отыр. «Пайдасын» сөзі де «тексермедім» сөзімен пайда түбірі, -сы тәуелдік жалғау және -н табыс септік формадағы сөз арқылы байланысқан. Егер осы сөздердегі қайсыбір бір ғана грамматикалық мағына атқарып тұрған бөлшегін алып тастасақ, сөз формасы өзгереді, байланыс үзіледі, сөйлем түсініксіз болып шығады. Екінші сөйлемдегі «ескермедім» сөзін, яғни іс-қимылдың қалай іске асқаны жөнінде айқындап тұрғанын көре тұра сөздерді -а, -е көсемше формасындағы жұрнақтар аңғартып отыр. Ал «бар деп» сөздері алғашқы сөздің екінші сөзбен түбір күйінде тұрып-ақ байланыса алса, деп сөзі «ескермедім» тұлғасымен тағы да -п көсемше формада тұрып, байланысып отыр. Сөйлем құрамындағы сөздер әр түрлі қатынастарға түскенде түрлі морфологиялық өзгерістерге, яғни сөздердің түрленулері немесе түрленбей-ақ та байланыса алады. Ал осындай грамматикалық құбылыстар грамматикалық мағыналар мен формалардың бірлігінен тұрады да, оны грамматикалық категория деп атайды. Сонда грамматикалық категория дегеніміз тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына болып табылады.
Қазақ тіл білімінің грамматика саласына жататын морфология – жалпы сөз құрамы мен сөз туралы ілім. Бұл дәрістік курста сөздерді грамматикалық тұрғыда зерттеуде грамматикалық ұғымдар негізге алынады (мағына, форма, категория). Қалай болған күнде, морфологиялық зерттеу, түптеп келгенде, сөздердің морфемалық құрылымынан басталып, оларды жалпы категорияларға біріктіре отырып, әрбір сөздер тобын сөз таптарына жіктейді. Қазіргі қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар (зат есім – одағай). Сөз табы деген лексика-грамматикалық сипаттары жалпыға ортақ болып келетін сөздер табын айтамыз. Қазіргі қолданылып жүрген бүкіл сөздік құрамдағы сөздер семантикасы мен морфологиялық (формальдік) белгілеріне орай үлкен топқа бөлінеді: атауыш, көмекші және одағай сөздер.
Атауыш сөздер басқа сөздерге негіз бола отырып әрі өздеріне тән лексикалық, грамматикалық мағыналары бар, өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсе алатын сөздерді айтады. Атауыш сөздер сөз таптарының ішіндегі ең ұйтқысы болғандықтан, басым көпшілігі осы топтағы сөздер. Олар есімдер және етістіктер тобы болып бөлініп, есімдер тобының өзі атауыш есім, үстеуші есім (үстеу, еліктеу) болып бөлінеді.
Көмекші сөздер тобына өз алдына дербес сөз бола алмайтын, лексикалық мағыналары солғындап, грамматикалық мағыналары басым болып, әр қилы грамматикалық қымет атқаратын сөздер тобы (жалғалық, септеулік, демеулік, көмекші есім, көмекші етістік).
Одағай сөздер – ақиқат ұғымдарда емес, адамның түрлі көңіл күйлерін білдіретін, өзге сөздермен грамматикалық қатынастарға түспейтін сөздер тобы. Енді тіліміздегі осы үш топ сөздердің лексика-грамматикалық қасиеттерін ескеріп топтастырғанда мына секілді он сөз табына бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, етістік, шылау, одағай, еліктеу сөз, модаль сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет