Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет35/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Грамматикалық мағына – сөздің лексикалық мағынасына жүктелетін қосымша, үстеме мағына. Ол сол сөздің негізгі лексикалық мағынасынан біржола алшақ кетпей, түрлі реңктер қосып отырады. Бұл жағдай сол сөздердің сыртқы тұлғасынан, қолдануынан танылады. Мысалы, жаз, жазда, жазғыш, тіпті жазушы сөздерінің лексикалық мағынасы (соңғысынан өзге) айналып келгенде жаз деген іс-әрекетті, мағынаны білдіреді. Ал оның түрлі уақытта (келер, өткен шақ) іске асатындығын көрсететін үстеме мағынасы грамматикалық көрсеткіштер арқылы жүзеге асып отырғандықтан грамматикалық мағынаға жатады.
Сонымен, жинақтай келе, грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол – сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың (формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс (приставка) қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруі мен грамматикалық мағынаның берілуі супплективті жолы, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші – аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы: алтын сағат, темір күрек,ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мағынада қолданылған), негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау т.б.) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер болуы мүмкін, яғни грамматикалық мағынаның берілуінді бір емес бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет