Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет37/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 15], 3. [1.7: 17].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 16].
9 дәріс тақырыбы: Зат есім. Көмекші есім. Олардың зат есмше түрленетіні. Көмекші есімдердің қызметі. Сын есім. Сан есім. Есімдік.

1 сағат. 9-апта
Дәріс тезисі: Сөз табының ішінде атауыш сөздерге әрі есімдер тобына жататын үлкен сөз табының бірі – зат есімдер. Зат есім деген негізінен зат атаулының бәріне қойылған есім сөздер болғанымен, сөз семантикасына байланысты табиғат және қоғамдық құбылыстар да зат атауы ретінде қызмет атқаратындықтан, олар да зат есім сөз табы құрамына енеді. Олай болса бұл топқа ұғымдар мен түрлі түсінік атаулары да жатады.
Зат есімдер семантикалық жағынан бірнеше топтарға бөлінеді. Мәселен, зат есім тобына нақтылы (конкретті) зат атауларымен бірге абстрактілік яғни дерексіз ұғымдар да кіреді. Мысалы: көл, тау, адам, темір дегендер көзге көрінетін, қолмен ұстауға келетін деректі, нақтылы заттар болса, сана, ақыл, адамгершілік, зұлымдық дегендер абстрактілі ұғымдар болғанымен, бұлар да дерексіз ұғымдардың атаулары. Сондықтан зат есімдер семантикалық мағыналарына орай конкретті (нақтылы), абстрактілі (дерексіз) болып екі топқа бөлінеді.
Ал лексика-семантикалық ерекшеліктері жағынан зат есімдерді адамзат, ғаламзат, эмоционалды-экспрессивті зат есімдер және көмекші есімдер деп топтап бөлуге болады.
Тілімізде қолданылып жүрген зат есімдерді лексика, грамматикалық жағынан жалпы және жалқы есімдер деп те бөлуге болады. Мәселен, бізді қоршаған ортада (табиғат, қоғамдық) бірыңғай сұрақтарға жауап беретін бір типтес заттар бар да және оларда бір-бірінен ажырату, даралау үшін аталатын, тек жекелеу мақсатында аталатын екінші бір топ атаулар тағы бар. Зат есімдердің кейде толық, кейде лексикалық мағынасы солғындап, бірде сөйлемнің жеке мүшесі болса, бірде күрделі мүше құрамында дәнекерлік қызмет атқаратын әрі зат есімдерше түрленетін есімдер тобын көмекші есімдер деп атайды. Олар: асты, үсті, маңы, жаны, қасы, төбесі, тұсы, беті, шеті, сырты, арасы, алды, басы, түбі, іші т.б. сөздер.
Морфологиялық құрылымы жағынан зат есімдер түбір немесе жұрнақ қатысымен келе беретіндіктен, жалаң, ал құрамында кемінде екі түбірлі болып келуіне байланысты күрделі зат есімдерге бөлінеді. Зат есімдер жасалуының үш негізгі тәсілі бар: лексикалық, морфологиялық және синтаксистік.
Сын есім дегеніміз - заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы деп атайды. Сын есімнің өзіне тән грамматикалық ерекшелігішырай категориясының болуымен қатар, оның адьективтік және адвербиалдық қызметінің барлығында. Мысалы, арық сөйлеп, семіз шығу (адвербиалдық – үстеудің қызметін атқарды), ал қамыс қора, ағаш үй дегенде (сөздердің сын есімге айналуы) адьективтік қызметте жұмсалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет