Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет64/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

1 сағат. 1-апта
Сұрақнама:
1. Фонетиканың зерттеу нысаны
2. Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды атайды?
3. Дауысты дыбыстардың топтастырылуы (тіл, жақ, еріннің қатынасына қарай).
4. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуы.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын бір, қысаң дауыстылардың астын екі сызыңыз.
– Әй, Тәке, қойыңызшы. Сіздің оқушыларыңыз менің бабаларымдай күніне екі сағаттан өндіріп істесе, екі-ақ күнде бітетін жұмыс қой бұл. Бүгінгі жоспарларыңды асырып орындадыңдар, боталарым, жүріңдер, – деп Смағұл ағай бәрімізге бас болып думандатып, үйге қайтатынбыз. Жарым жолға келгенімізде, артымыздан төбедей жирен қасқа атына мінген директор ағай қуып жететін.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, онда и әрпінің қалай жазылғанын түсіндіріңіз.
Абай жиынның тап ортасында тұр. Қимастық шерге толы ана сағынышты көңілі зорға шыдап жүргенін сездіреді. Батар күннің қиыс түскен шұғыласы даланы қызғылт нұрға бөлепті (М.Әуезов). Екі иығы салбырап, иіні түсіп кеткен. Кең маңдайы, ойлы көзі жігіттің үлкен дарын иесі екенін аңғартқандай. Өтіп жатқан жұрттың қайсысының қандай екенін түсіну де қиын. Биылғы жаз бір ерекше жаз еді. Ойпат, ылдилар шетіне көз жетпес дария, көлдерге айналды.
3-тапсырма. Оқып шығып сөз құрамындағы қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды айтып беріңіздер.
О, балалар, балалар, Өлең боп аққан дарияң,
Қарашығы көзімнің, Домбырасын басуға,
Қуанышы сөзімнің, Жырынан шашу шашуға;
Кеудемдегі жүрегім, Кездесіп көзбен көруге,
Таянышым, тірегім; Халық сәлемін беруге,
Ардақтысы елімнің, Қуанбасқа бола ма,
Гүл-шешегі жерімнің. Жырламасқа бола ма,
Алдыңа келді қарияң, Осы отырған тойымда (Т.Ж.)
4-тапсырма. Дауысты және дауыссыз дыбыстар емлесі жайлы конспект жазыңыз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7:1], 2. [1.7:2], 3. [1.7:4].
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:1], 2. [1.7:2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет