Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет67/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

3-тапсырма. Мағынаның .берілу тәсілдері жайлы не білесіз?
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 10].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 3], 2. [1.7: 8].
Әдістемелік нұсқаулар: Сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін, негізгі сипатын білу үшін әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1, 2-тапсырмалардағы сөздерді жеке тұрып ұғымды білдіре алатын сөздерді бір бөлек, ұғымды білдіре алмайтындарды бір бөлек жазып ерекшеліктерін көрсетіңіз. Лексикологиялық талдау жасаңыз. Тапсырмаларды орындау барысында сөздіктерді пайдаланыңыз.
4 семинар сабағы тақырыбы: Омонимдер, антонимдер, синонимдер және көп мағыналы сөздер.

1 сағат. 4-апта
Сұрақнама:
1. Омоним туралы түсінік.
2. Мәндес сөздер туралы не білесің?
3. Антонимдердің стильдік қызметіне талдау жасаңыз..
4. Көп мағыналы сөздерге мысал келтір.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін пайдалана отырып, төменде келтірілген сөздерге омоним болатын сөздерді тауып жазыңыздар, оларға түсінік беріңіз.
Барыс, бақ, бақыр, баспа, безеу, би, блок, бөген, бұршақ, дана, жады, жазу, жару, жастық, жете, қию, өлең, сал, салт, булық, сырттан, тап, еңбек, парла, түбек, ұшық.
2-тапсырма. Төмендегі үзінділерден қолданыс үстінде антоним болып тұрған сөздерді тауып, олардың мағынасына және жасалу жолдарына талдау жасаңыздар.
1. Ақын жаны оңай жараланады, оңай жазылады, емі көп (Ғ.М.). 2. Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан мынау қиянаты мен күнәсі мол дүниеде күнәһар болмай, тал бойын таза алып жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты (Ә.Н.). 3. Енді бұрынғыдай біреудің иығын паналамай, жауласқан жерде бойын көрсетіп қап жүр (Ә.Н.). 4. - Сізді тыңдап тұрған кезекші кіші лейтенант Ақәділов, айта беріңіз, - деді де, өңі бір қуарып, бір қызарып, даусы дірілдеп шықты (Ә.Ш.). 5. Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды, Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды (мақ.). 6. Аттының несібесі – алтау, жаяудың несібесі - жалқы (мақ.). 7. Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар (мак,.). 8. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді (мақ.).
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін түгелдей келтіріп, синонимдік қатар құраңыздар, оларға ұйтқы болып тұрған тірек сөзді (доминант сөзді) көрсетіп түсінік беріңіздер. Талдау үшін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін», «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігін» пайдаланьңыздар.
Абайлау, аласа, алыс, араз, асығу, ауру, бала, барлық, бет, дардай, епті, зат, кездесу, кенеттен, қорқу, мезгіл, реті, сотқар, тәрізді, уайым.
4-тапсырма. Төмендегі көп мағыналы сөздер мен омонимдердің мағынасына талдау жасап, олардың әрқайсысының мағынасына синоним болып келетін сөздерді анықтаңыздар.
Үлгі: жол көп мағыналы сөз, бір мағынасы – соқпақ, оған сурлеу, із сөздері; екінші мағынасы – әдіс, оған тәсіл, айла, есеп сөздері синоним болып тұр.
Кем, жақын, дүние, қалау, жай, сал, үй, сана, салт, сасу, тану, тартпа, таю, көрші, шабу, там, тек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет