Әдістемелік нұсқаулар: Дауысты және дауыссыз дыбыстарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Жаттығу жұмыстары бойынша берілген мысалдарды талдап, тапсырмада берілген жұмысты орындаңыз. Әрбір дыбыстың ерекшелігін түсіндіріңіз, оны фонемамен салыстырыңыз. Фонетикалық талдау жасаңыз.
№ 2 семинар сабағы тақырыбы: Дыбыс үндестігі және олардың түрлері.
1 сағат. 2-апта Сұрақнама: 1. Буын үндестігінің (сингармонизм) қарастыратын мәселесі.
2. Ілгерінді ықпал деген не?
3. Кейінді және тоғыспалы ықпал дегендерге түсінік.
4. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар деген не?
Тапсырмалар: 1-тапсырма. Сөздің соңғы буынының жуан не жіңішкелігінің ықпалы тимей, өзінің қалпын сақтап жалғанатын қосымшаларға ауызша мысал келтіріңдер: -мен, /-бен, -пен/, -паз, -қор, -кер, -кеш, -гөй, -хана, -нікі, /-дікі, -тікі/. 2-тапсырма. Берілген мысалдардың түбірлерін айқындаңдар. Қосымша жалғанғанда түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіріңдер. Еңбегі аздың өнбегі аз. Ердің атын еңбек щығарар. Жердің сәні – егін, рдің сәні – білім. Жоқ табылмайды емес, қарауы жетпейді. Арқанды ат қазығына оралар. Түзде бұзауы жамырағанның үйде айраны төгіледі. Еңбек түбі – береке.
3-тапсырма. Ерін үндестігінің буын, дыбыс үндестігінен өзгешелігі неде.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 7], 2. [1.7: 8], 3. [1.7: 9].
Қосымша әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
Әдістемелік нұсқаулар: Дыбыс үндестігі және оның түрлеріне қатысты мәліметтерді орындағанда негізгі тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындаңыз. Сингармонизм ерекшеліктеріне түсінік беріңіз. Фонетикалық талдау жасаңыз.
№ 3 семинар сабағы тақырыбы: Сөз мағынасы және оның түрлері.
1 сағат. 3-апта Сұрақнама: 1. Сөз, ұғым, мағына дегендерге түсінік.
2. Сөздің тура және ауыспалы мағыналарының айырмашылықтары қандай?
3. Сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарына түсінік.
4. Семасиология дегеніміз не?