Мысалдар. I. Сабақта сені бәрінен де не қызықтырады? Мазмұны бойынша жауаптардың вариациясы.
1. Материалдың жаңалығы;
2. Қызықтылығы;
3. Өмірмен байланыстылығы;
4. Тәжірибелер мен іс-жүзінде көрсету арқылы түсіндіру;
5. Диа- және кинофильмдерді көрсету.
ІІ. Мен сыныпта кімдерді сыйлаймын (сапалы қасиеттер вариациясы): 1. Менен артық білетіндерді;
2. Барлық проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылатындарды;
3. Оқытушылардың назарын аудармайтындарды.
III. Сен бейнебарға барасың ба? Қарқындылығы бойынша жауаптардың вариациясы: 1. Әрқашан;
2. Жиі;
3. Сирек;
4. Ешқашан.
IV. Әр түрлі іс-шараларға көзқарасың қандай? Аралас жауаптар (мазмұны мен қатынасы бойынша) (4-кесте):
4-кесте
Іс-шаралар
Оң
Бейтарап
Теріс
Сынып сағаттары
...
...
...
Жиналыс
...
...
...
Жорықтар
...
...
...
Еңбек десанттары
...
...
...
...
...
...
...
Ашық жауап кезінде жауап беруші жауапты өзі еркін түрде тұжырымдайды. Мұндай анкеталарды өңдеу қиын, бірақ есесіне олар кейде жабық ақпараттан гөрі көп ақпарат береді.
Ашық және жабық сұрақтар комбинациясы бар анкеталар қолданылады.
Кәсіби жасалған анкеталарда (сенімділік мақсатында) бір сұрақты әр түрлі нұсқада (тікелей және жанама сұрақтар) қайталау көзделеді. Егер жауаптар бір-біріне қайшы келсе, олар сенімсіз ретінде жойылады.
Алынған деректердің сенімділігін арттыру үшін, өлшеуіш ақпаратты салыстыруға, бір құбылысқа бірнеше баға алуға ұмтылу керек.
Сауалнамалық әдістер сараптамалық бағалаудың түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді: орташаланған сараптамалық балл, педагогикалық консилиум, тәуелсіз сипаттамаларды жалпылау, іскерлік ойындарда, пікірталастарда, кеңестерде, жиындарда ұжымдық бағалар мен пікірлерді жасау және т. б.