4.4 Социометриялық әдістемелер
Педагогикалық зерттеулер әдістерінің арасында социометриялық әдістер кеңінен таралған. Олар серіктестері бір-бірін білетін ұжымдағы жасырын тұлғааралық қатынастарды зерттеу және өлшеу құралдары ретінде қызмет етеді. Социометриялық әдістердің көмегімен бірнеше проблемаларды шешуге болады. Олардың бірі – ұжымдағы жеке адамның социометриялық индексін анықтау. Ол үшін белгілі формула қолданылады:
мұнда S – индекс шамасы, R+ – оң таңдаулар саны, N – ұжымдағы серіктестер саны. Ұжымдағы жеке индексті анықтаудан басқа, социометриялық әдістер өзге де проблемаларды шешеді. Мысалы, социограмма арқылы ұжымдағы жеке тұлғаның орнын анықтайды, көшбасшылар мен «шеттетілгендерді» анықтайды. Социограмма әдетте іштей сызылған тіктөртбұрыштар түрінде ұсынылады.
Орталық іштей сызылған тіктөртбұрышта ең көп оң таңдау алған адамдардың тегі орналасады. Екінші тіктөртбұрышке таңдау саны аз адамдардың тектері қойылады. Үшіншісіне – ең аздары. Тіктөртбұрыштардың сыртына бірде-бір рет таңдалмаған сыналушылардың тегі жазылады. Сондай-ақ, ұжымдағы өзара тартылыс пен серіктестерді таңдау социосхемасы пайдаланылады. Егер индексті есептеу және социограмманы құру үшін, сыналушылар өздерін сауалнама парақтарында көрсетпейтін болса («сіздің кіммен бірге бір үйде тұрғыңыз келуші еді, шығармашылық тапсырманы кіммен бірге орындағыңыз келеді, кіммен бірге жорыққа қатысар едіңіз және т.б.»), әлеуметтік схеманы (социосхема) құру үшін сыналушылар өзінің аты-жөнін сауалнама парақтарында көрсетеді және осылайша зерттеуші өзара тартылыс пен кері итеру сызықтарын анықтауға, тіркеуге мүмкіндік алады.
Осы мақсатта, әдетте, сыналушылардың тектерінің тізімі бойынша реттік нөмірлері орналасатын шеңбер нысаны пайдаланылады.
Сыналушылардың тектерінің нөмірлерін қосатын сызықтар әріптестердің ұжымда өзара орналасуын көрнекі түрде көрсетеді. Социометриялық әдістемені қолдану нәтижесінде деңгейдің іздестірілетін көрсеткіштері мен топтың даму процестері анықталады. Даулы проблемалардың бірі ретінде сыналушыларды социометриялық түрде шеттетілгендер мен көшбасшыларға жатқызу саналады. Тәжірибе көрсеткендей, көшбасшы да, шеттетілгендер де социометриялық көрсеткіштер белгіленетін гипотетикалық немесе шынайы жағдайға байланысты таңдаудың ең көп немесе ең аз санын ала алады. Мысалы, қауіптілік жағдайында көшбасшылыққа бір адам, ал шетелдік әріптестермен кездесу жағдайында екінші адам шыға алады.
Достарыңызбен бөлісу: |