Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет64/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Тест түрлері. Диагностикалау қажет салаға байланысты:
• зияткерлік (интеллектуалды) тесттер,
жетістіктер тесттері,
• арнайы қабілеттер тесттері,
• тұлғалық тесттер,
қызығушылықтар, қондырғылар, құндылықтар тесттері,
• тұлғааралық қатынастарды диагностикалайтын тесттер.
Шетелде кең таралған балалардың ақыл-ой дамуының деңгейін сандық анықтау тесті (IQ интеллект коэффициенті) сұрақтар мен тапсырмалардың белгілі бір санын қамтиды. Дұрыс жауаптар мен шешімдердің саны сыналушылардың үлкен контингенттерінде алдын ала пайдаланылған кестелердің көмегімен тиісті көрсеткішке ауыстырылады. Психологтардың көпшілігінің пікірінше, интеллект коэффициенті интеллект сапасының жалпы сипаттамасын емес, ең алдымен білім деңгейін, тұлғаның мәдениетке тартылу дәрежесін бағалайды.
Мектеп тәжірибесінде жетістіктер тесті кеңінен қолданылады. Мұғалімнің білімді бағалауы – педагогикалық тестілеу, яғни қандай да бір пәнді оқу барысында алынған білім, білік және дағды деңгейін анықтау.
Қабілет тесттері – тұлғаның ерекше идеяларды тудыру, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан ауытқу, проблемалық жағдайларды тез шешу секілді шығармашылық қабілеттерін бағалау және зерттеу әдістемелерінің жиынтығы. Алайда, бұл тесттер үшін сенімді әдістер мен өлшемшарттар әлі табылған жоқ.
Құрылымдық белгілері бойынша тест түрлері:
• жабық тесттер мен жауабы еркін құрастырылатын тесттер;
• альтернативті, көп және айқас жауаптары бар тесттер;
• жылдамдыққа және күрделілікке арналған тесттер (тест тапсырмалары үдемелі түрде күрделене береді);
• машина көмегімен және оның көмегінсіз жауаптарды түйіндеу және өңдеу тесттері.
Ақырында, жеке тұлғаның қасиеттері сұрақтардың тек формальды жауаптарында ғана емес, анықталмаған, ерікті жағдайларға реакцияларында да көрініс табуы мүмкін деген болжамға негізделген тесттердің тұтас сериясы бар. Бұл суреттер, аяқталмаған сөйлемдер, еркін шығармашылық қызмет өнімдері, ойын және т. б. болуы мүмкін. Мұндай тест материалы сыналушы өзінің ой-санасын, қажеттіліктерін, сезімдерін және т. б. көрсететін экран ретінде әрекет етуі тиіс деп болжанады. Мұндай тесттер проективтік деп аталады (мысалы, аяқталмаған сөйлемдер, сурет ассоциациялар, сия дақтары әдістері және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет