Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет61/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   99
Байланысты:
umkd gpz

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпаратты жинау жоспары қалай құрылатынын түсіндіріңіз

  2. Ақпаратты жинау тәсілдерін түсіндіріңіз.

Практикалық сабақ 4
Сауалнама әдістері
4.1 Әңгіме, сұқбат
Қолданылатын әсерлер туралы қатысушылардан ауызша пікір алуға негізделген педагогикалық процестерді зерттеу әдістерін сауалнама әдістер деп атайды. Педагогикалық проблемаларды зерттеудің сауалнамалық әдістері ұйымдастырылуы бойынша салыстырмалы түрде қарапайым және спектр деректерін алу құралы ретінде бірегей болып табылады. Олар ерекше тәсілдер (зерттеу құралы) – әңгіме, сұхбат, анкета, тест арқылы жүзеге асырылады.
Сауалнамалық әдістердің артықшылықтары:
• ақпарат алу жеделдігі,
• берілген тақырыптың кең шегінде ақпарат алу мүмкіндігі,
• алынған ақпаратты математикалық өңдеу мүмкіндігі,
• көптеген деректерді алу салыстырмалы түрде жеңілдейді.
Түрлері:
тұтас және ішінара,
• жеке және топтық,
• іштей және сырттай,
• ашық және жасырын сауалнамалар.
Сауалнамалық әдістерге қойылатын жалпы талаптар:
• сұрақтардың зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
• сұрақтардың мазмұнында өлшенетін сипаттамалардың барабар бейнеленуі;
• жауаптардың барынша объективтілігін қамтамасыз ететін сұрақтардың бейтараптылығы және бір мағыналылығы;
• сұрақтардың қолжетімділігі мен түсініктілігі;
жауаптардың дербестігі;
• сауалнама кезіндегі сенімді психологиялық жағдай.
Әңгімелесу – бұл экспериментатордың сыналушымен белгілі бір тақырыпта еркін диалог түрінде ауызша қарым-қатынас жасауы негізінде ақпарат алу әдісі. Әңгімені жүргізудің жалпы ережелері: Құзыретті респонденттерді таңдау, сыналушылардың мүдделеріне сәйкес келетін зерттеу уәждерін негіздеу және хабарлау, сұрақтардың вариациясын құрастыру.
Әңгіме ерекше шеберлікті талап етеді: икемділік пен сезімталдық, берілген арнада бір мезгілде тыңдай және әңгіме жүргізе білу, әңгімелесушінің эмоционалдық күйлерін түсініп, олардың өзгерістеріне жауап бере білу.
Сұқбаттың әңгімелесуден айырмашылығы – мұнда эксперимент жүргізуші тек сұрақтар қояды, ал экспериментке алынған қатысушы тек сол сұрақтарға жауап береді.
Әңгімелесу немесе сұқбат барысында ақпаратты жаза алу шеберлігіне үлкен мән беріледі. Жауапты толық (тіпті сөзбе-сөз) тіркеуге ұмтылу керек (қысқартулар, стенография арқылы); алайда микрофонды пайдаланбаған дұрыс, өйткені бұл сұралушылардың ашылып сөйлеуіне кедергі жасайды.
4.2 Сауалнама
Сауалнама – бұл сыналушы жазбаша жауап беретін арнайы сұрақтар жиынтығы арқылы ақпарат алу әдісі.
Анкетаны құрастыру – зерттеу мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсете отырып, экспериментатордан әдістемелік шеберлікті талап ететін күрделі міндет.
Формасы бойынша анкета сұрақтары ашық және жабық, тікелей және жанама болып бөлінеді.
Жабық сұрақ кезінде, сыналушы ұсынылған жауаптар ішінен (мазмұнның вариациясын, осы вариациялардың сапалық белгілерін, қарқындылық дәрежесін, қанағаттанушылығын немесе комбинациясын қамтитын) біреуін таңдауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет