Бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістерін түсіндіріңіз.
2. Педагогикалық бақылау жүргізуді түсіндіріңіз.
3. Эксперимент қалай жүргізіледі?
Практикалық сабақ 9 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны.
9.1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері. Жоғарғы оқу орныдарындағы студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орын алады.
Сабақтастық және өзара байланыс принципін сақтау студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері:
Жеке тұлға ретінде қалыптасуын;
Шығармашылық ойлау және теориялық мәселелер мен практикалық мәселелерін шығармашылықпен қарауын;
Студенттерге мамандықты терең және жан-жақты меңгеруіне көмектесуін;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарында студенттердің өз бетінше жұмыс жүргізу жағдайларын;
Теориялық білімді өзінің практикалық жұмыстарға қолдану қабілетін;
Үнемі өзінің білімін және біліктілігін жетілдіруге қажеттелігін табысты шешілуін қамтамасыз етеді.
9.2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістер мен формалары. Студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары формасын әдістемелік мақсатта шартты түрді екі категорияға бөлуге болады:
Оқу үрдісінде ендірілген СҒЗЖ формалары;
Сабақтан тыс уақытта орындалатын СҒЗЖ формалары.
Оқу үрдісі аясында оқу жоспарына ендірілген СҒЗЖ-ның негізгі жұмыс істеп жүрген формасы оқу-зерттеу жұмысы болып табылады.
Бұлар:
Курстық және дипломдық жұмыстарда ғылыми-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау;
Лобараториялық жұмыстар барысында зерттеу элементтері бар сипаттағы тапсырмаларды ендіру;
Педагогикалық практика барысында СҒЗЖ жасау;
Берілген тақырыпта ғылыми рефераттар дайындау;
Оқу-ғылыми семинарлар және тақырыптық оқу конференцияларын ұйымдастыру;
Шығармашылық ізденіс элементтері бар тапсырмалар, баяндамалар дайындау болып табылады.
Сабақтан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар формалары:
Студенттік ғылыми үйірмелердегі жұмыстар;
Шаруашылық-келісімдік, мемлекеттік-бюджеттік, өндіріс орындары мен келісімшарт жөніндегі жұмыстары;
Студенттік конструктор барысындағы жұмыстар;
Техника, ғылым және мәдениет бойынша білімдерді таратуға лекторлық оқулар;
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауға маңызды орынды көпшілік-ұйымдық іс-шаралары алады. Олар:
Студенттердің ғылыми жұмыстар байқауы;
Студенттердің ғылыми конференциялары;
Студенттердің ғылыми-шығармашылық жұмыстары көрмесі;
Әртүрлі пәндер бағытындағы олимпиадалары;
СҒЗЖ жұмыстарының ең жақсы ұйымдастырылған кафедраларының байқауы.