Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Физика және математика» ббб мәжілісінде қаралды



бет80/99
Дата14.10.2023
өлшемі6,14 Mb.
#113765
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99
Бақылау сұрақтары:
1. СҒЗЖ-ға не жатады?
2. Сабақтан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар формалары атап көрсетіңіз.
3. Тақырып бойынша реферат жазу
Практикалық сабақ 10
Студенттердің шығармашылық дербестігін қалыптастырудың негізі

Студенттік ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал – тәсілдерін, дағдыларын ғана меңгеріп қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі оқу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады. Студенттердің шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептелінеді. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.


Шығармашылық іс-әрекет – мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
Шығармашылық іс-әрекетті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А. Коменский.«Мен өз шәкіртімнің әрқашан да өз бетінше бақылауын, практикада өз бетінше тұжырым жасауын дамытуды білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын... Заттың не құбылыстың түп-тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және қолдана білу қажет», -деген.
Шығармашылық қызығушылық – жеке тұлғаның жаңа жағдайда өзекті мәселенің шешімін табуда танымдық бағдары негізінде, психологиялық сапаларын дамыта отырып, білімді рухани құндылықтарға жетуге ұмтылысымен сипатталатын және шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта әсерімен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті, рухани қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу-тәрбие үрдісі сондай-ақ өзінің белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен және оның мақсатты бағытымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.
Тапсырма көмегімен оқуышының өзіндік жұмыс арқылы қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруға, оның негізі шығармашылығын қалыптастыру, дамыту бағытында жұмыстар жүргізуге болады. Ағылшын ғалымы Г.Уэллес шығармашылық үрдісінің төрт сатысын көрсетті:
1. Дайындық (идеяның пайда болуы);
2. Саналық түйсіну (білімді «шығару», жетіспейтін мәліметтерді табу);
3. Ой-өрістік шарпу, шабыт (зерттеу нәтижесін интуитивті табу, сезіну);
4. Тексеру.
Танымдық қызығушылықтарды олардың қалыптасу деңгейіне орай ажырату және соған сәйкес оларды жетілдіру жолдарын анықтау маңызды.
Бірінші деңгей – нақты деректер, сипаттау, білімі және үлгі бойынша әрекеттерге назар аударуда байқалады.
Екінші деңгей – тәуелділікке, себеп-салдарлық байланыстарға, оларды өз бетінше жоюға қызығушылық.
Үшінші деңгей – білім меңгеруде күрделі теориялық мәселелерге, шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық. Танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейінің танылуы танымдық қажеттіліктің болғандығы жөнінде айтуға негіз болады. Студенттің жеке тұлғалық қалыптасу үрдісінде оның танымдық қызығушылықтары дамып отырады. Қызығушылықтың даму сатыларын шартты түрде былайша ажыратуға болады: әуестік, білім құмарлық, танымдық қызығушылық, шығармашылық қызығушылық.
Әуесқойлық – адам назарын аударатын сыртқы жағдайларға орай жағымды қарым-қатынастың қарапайым сатысы.
Білімқұмарлық – адамның меңгерінен тыс нәрселерді білуге ұмтылысымен сипатталатын жеке тұлға жағдайы.
Танымық қызығушылық – танымдық белсенділіктен, оқу пәндеріне айқын таңдаулы бағыттаушылықтан, танымдық мотивтер басты орынға ие, құнды мотивациядан көрінеді.
Танымдық қызығушылықтың даму үрдісінің бағыттары бар:

  • Сыртқы ынталандырулар мен оқу жағдаяттарына байланысты қызығушылықтың оқушының ішкі жан дүниесіне ауысуы;

  • Оқуға деген жалпылама қарым-қатынастан білімнің жекелеген саласына қызығушылық танытудан көрінетін қызығушылықтың саралануы;

  • Кездейсоқ әсерлер ықпалымен жиі өзгеруге қарағанда, қызығушылықтың белгілі бір бағыт шеңберінде тұрақтануы;

  • Үстірт назар аударудан ішкі қарым –қатынастар мен заңдылықтарды анықтауға ұмтылатын қызығушылықтың тереңдеуі.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстырын тиімді ұйымдастыру мынандай принциптерге негізделеді:
1. Жоспарлау принципі.
2. Студенттің танымдық белсенділігі
3. Өзектілік принципі
4. Өзіндік жұмыстардың болашақ мамандығымен сабақтастық принципі
5. Шығармашылық жұмыстардың бірізділігі, жүйелік принципі
6. Бақылау, бағалау принципі
Шығармашылық сабақтарда проблемалық жағдаяттар тудырудың бірқатар әдістемелік тәсілдері бар:

  • Мұғалім оқушыларға сұрақ бойынша оның мазмұнындағы қарама-қайшылықтарды көрсетеді және оның өзіндік шешу тәсілін табуды ұсынады;

  • Практикалық әрекеттің қарама-қайшылықтарын танытады;

  • Белгілі бір сұраққа түрлі көзқарастағы пікірлерді жеткізеді;

  • Сыныпқа құбылысты түрлі жағынан қарауды ұсынады;

  • Зерттеушілік тапсырмаларды айқындайды;

  • Проблемалық міндеттер қояды.

Оқу эксперименті оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырып дербестігі мен ізденімпаздығын дамытуда маңызы зор. Оқу экспериментін оқушы жоспарлай отырып, оны жүргізеді және нәтижелерін талдауға үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет