Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері



бет30/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері. Кәсіпорын бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат міндеті мен әкімшілік құқықтық мәртебесі жөнінен әртүрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызмет атқарады. Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңдарға дейін) қызметкерлер ұжымын айтамыз. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына: мемлекеттік кәсіпорындарды құру, олардың қызметінің мақсат -- міндеттерін, сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау, жарғысын бекіту, кәсіпорындарды басқару, олардың басшалыран конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату, белгіленген жағдайларда олардың өніміне мемлекеттің тапсырысын жеткізу, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады.

2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы.
АК сәйкес кәсіпорын әділет органдарында мемлекеттік тіркелу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995ж.17 сәуірдегі заңның негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады.Мүліктік құқықтық режиміне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді: Біріншісі - шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын (АК-тің 103-б).Екіншісі-жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорын (АК-тің 104-б). Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы ( уәкілетті органы) айқындайды, бұл кәсіпорынның жарғысында бекітіледі. Д щ қб Өзінің міндеттемелерін орындамаған кәсіпорын дәрменсіз (банкрот) деп жариялануы мүмкін. Борышкерді дәрменсіз деп танудың тәртібі «Банкроттық туралы» 1997ж. 21- қаңтардағы ҚР заңда негізделгендей жүзеге асырылады. Борышкер дегеніміз заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға. Дәрменсіздігі сот тәртібімен белгіленген борышкер банкрот деп табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет