Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары



бет33/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары: Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Ұйымдастырушылық шаралар қалай жүзеге асады? Басқару актілеріне қойылатын талаптар және олардың сақталуының нәтижелері қандай? Басқару қызметінің құқықтық нысандары мазмұны бойынша қалай бөлінеді? Баскарудың құқықтық актілерінің түрлерін жіктеңіз.

Ұсынылған әдебиеттер:
1. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі 2014.31-шілде
2.Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
3.Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
4.Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.М.Қызылов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
6.Е.Баянов Әкімшілк құқық -сызба-2003
7 тақырып: Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық әдістері


Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару әдістерінің түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мен жанама басқаруға әсер етуші әдістердің мемлекеттік басқарудағы аспектілерін көрсету.

Глоссарий: Басқару органы - әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі ретінде адам мен азаматтардың мүддесінде мемлекеттің атынан өзінің биліктік өкілеттігін жүзеге асыратын орган.

Жоспар:
1.Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі.
2.Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері,мәні.
3.Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері, мәні.


1.Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі. Атқарушы органдардың басқарылатын объектілерге тікелей басқарушылық ықпал жасаудың тәсілдері мен әдістері-басқару әдістері болып саналады. Басқаша айтқана, басқарудың әдісі атқарушы биліктің тиісті субъектісінің алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты тәсілдері, осы биліктің өзін іске асырудың құралы болып табылады, Бұл әдістердің сипаттамасындағы ең маңыздысы мынада, олар басқарудың субъектісі мен объектісі өзара әрекеттескендігінде көрініс табады, олардың арасындағы байланысты білдіреді. Басқарудың әдістеріне мыналар тән: -олар мемлекеттік-басқарушылық қызметтің процесінде іске асырылады, мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының мақсаты қызметімен табиғи байланысты; - оларды атқарушы билік субъектілері өздеріне бекітліген құзіретін іске асыру құралы ретінде пайдаланады; -оларда атқарушы билік субъектілерінің заңдық-биліктік өкілеттіктері тікелей көрініс табады; - басқарушылық ықпал жасаудың нақты әдістерін таңдап алу басқару объектісінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің нормативтік немесе жеке-дара заңдық биліктік ерік білдіруі ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан, басқарудың әдістері нақты әдресаттар үшін міндетті, кейде жалпы міндетті болатын мінез-құлық ережелерін белгілеудің немесе нақты объектілерге қатысты және нақты мәселелер бойынша жеке-дара нұсқамалар тұжырымдаудан өзінің көрінісін табады; басқарудың әдістері өздерін тікелей білдіретін құқықтық нысанды қажет етеді, ол әдістерге міндетті болатын сипат береді, әдістер өзінің ең айқын көрінісін басқарудың құқықтық актілерін табады. Сонымен, басқарудың нысандары мен әдістері сияқты санаттардың тығыз арақатынас, олардың арасындағы тікелей байланыстьы айқын болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет