Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені мрsrk 09 ҚР құқық жүйесі модулі


Тақырып бойынша-пысықтау сұрақтары



бет31/65
Дата27.11.2023
өлшемі403,56 Kb.
#130119
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Тақырып бойынша-пысықтау сұрақтары:
1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі және олардың түрлері қандай?
2.Қандай жағдайда кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылады және тоқтатылады?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексі 2014.31-шілде
2.Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
3.Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
4.Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.М.Қызылов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
6.Е.Баянов Әкімшілк құқық -сызба-2003
6 тақырып. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық нысандары


Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Нормативті-құқықтық актілерді шығару және басқа да заңдық маңызы бар әрекетті жүзеге асыруды және мемлекеттік басқарудың аспектілерін көрсету.

Глоссарий: Басқару органы - әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі ретінде адам мен азаматтардың мүддесінде мемлекеттің атынан өзінің биліктік өкілеттігін жүзеге асыратын орган.

Жоспары:
1.Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.
2.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы.
3.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы.


1.Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері. Мемлекеттік басқару дегеніміз -Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Нысан (форма) жалпы ғылыми тұрғыдағы түсінігінде белгілі бір құбылыстың немесе белгілі бір іс-қимылдардың мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады. Құқық шығару дегеніміз: құқықтық нормалар жасау жөніндегі арнайы өкілеттік берілген субъектілердің (органдардың,лауазымды адамдардың) қызметі. Құқық шығару қызметінің өзіне тән сатылары болады:Нормативтік актінің жобасын жасау қажеттігі туралы органның шешімі шығады.Жобаның мәтіні дайындалады, алдын ала талқылау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі.Құқық шығару органында жоба талқыланады. Талқылаудан өтіп, қабылданған нормативтік акт жарияланады. Шығарылған нормативтік акт құқық қолдану сатысына өтеді. Құқық қолдану дегеніміз: мемлекеттік билік органдарының атқарушылық қызметінің аясында құқық қолдану актілерін шығара отырып жекелеген нақты істерді шешуді айтамыз.құқық қолдану процессінде істің нақты мән жайын анықтайды, таңдап алынған норманы түсіндіреді,істің мәні бойынша шешеді, жеке акт қабылдайды, қабылданған шешімді орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет