Негізгі ұғымдар:жанұя, әлеуметтік орта, жанұя мүшелері. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Жеке тұлғаның қалыптасуында жаңұяның тәрбиесінің ролі қандай?.
Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиеттер: Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003
Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988
Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006
Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері. А., 1991
Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. А., 1991
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А., 1991
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. А., «Санат», 1995
Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А., «Мектеп», 1987
11-тақырып: Оқушылардың ғылыми дүниетанымның мәні Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымның мәні.
Тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары.
Дүниетаным – адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы.
Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді. Ол ғылымда ашылған әртүрлі құбылыстардың заңдылықтарын пәндер негізінде таниды.
Дүниетанымында адамның сенімі мен мұраты үлкен роль атқарады. Сенім деп – терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Сондықтан да адам өмірін тұтас түгел қамтиды, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптастыру оларды осы замаңғы ғылыми біліммен қаруландыру. Бұған мектепте оқылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.
Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мекпеттің оқу-тәжірибе учаскелерінде оқушылардың өңдірістік бригадасында жұмыс істеп жүріп өсімдіктердің даму процесін меңгереді.
Физика, химия пәндері бойынша дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтары бойынша табиғаттың сырын танып біледі.
Тарих пәні бойынша қоғамның даму заңдарын түсінуге болады; әдебиет – адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, жаңа өмірге табанды тәрбиелейді.
Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар:
1. Адамның материалдық жағдайы.
2. Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары жатады.
3. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
4. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу.
Бұлар жас өспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесі.
1. Тұлғаның қалыптасуында адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.
2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.
3. Адамгершілік тәрбиесінің ұйымдастыру және оның тәсілдерін қолдану.
Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттерімен қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдың принциптері адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.
Адамгершіліктің жиынтығы – борыш болып табылады:
ата-аналардың балалары алдындағы, балалардың ата-аналар алдындағы борышы;
жеке адамның алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы т.б.
Адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз.
Адамгершілік тәрбиесінің негізі:
1. Өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат-міндетіне сай, адамгершілік қасиеттердің тұтастығына сай тәрбиелеу, қамтамасыз ету.
2. Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу.
3. Жас ұрпақты Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту.
4. Ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері:
1. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру.
2. Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу.
3. Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету.
4. Адамгершілік нормаларын аутқуға жол бермеуді қалыптастыру.
Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өңімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты. Ол баланың мектепке барған алғашқы күнінен басталады. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындаудан басталады. Оқу бала үшін – еңбек, қоршаған ортаны танып-білу, жаңа ғылыми білімдерді адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралдары болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның жанұясынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады.
Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың сана-сезімі мен мінез құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адамгершіліктәрбиесінің әр түрлі ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері қолданылады. Оларға адамгершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу лекция, пікір-талас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.