2. Пәннің қысқаша мазмұны.
Курстың мақсаты – ежелгі және орта ғасырлардағы шығыс елдерінің тарихи дамуының негізгі мәселелерін, құбылыстарын және заңдылықтарын оқыту. Ежелгі және орта ғасырлар кезеңіндегі шығыс елдерінің елдерінің қоғамдық дамуының негізгі процесстерімен, заңдылықтарымен таныстыру; Жеке елдер мен аймақтардың даму ерекшеліктерін көрсету; Ежелгі және ортағасырлық шығыс қоғамының адамзат тарихында алатын орнын, маңызын, ерекшелігін айқындау. Мамандық бойынша мемлекеттік стандарт, типтік бағдарлама негізінде курсының негізгі мазмұнын білу; Тарих ғылымындағы ежелгі және орта ғасырлар кезеңіндегі шығыс елдерінің тарихын зерттеу барысы, жетістіктерін игеру; Тарихи материалдарды аталған елдер тарапынан ұғып алу;
«Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс тарихы» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- Шығыстық өркениеттердің басталуын жан-жақты талдап, Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс тарихы пәнінің дерек көздері мен тарихнамасына тоқталып оның мәнін аша алуынан көрінеді;
- Шығыстың тас, қола, темір дәуіріндегі мәліметтер туралы дерек көздер мен еңбектеріндегі мәселелі тұстарды ашып көрсетуге дағдыланады;
- пайымдауды қалыптастырып, өткен тарихтың жеке құбылыстары мен оқиғаларын сыни талдау, салыстырмалы тарихи, ретроспективті және басқа ғылыми әдістер арқылы адамзат қоғамының әлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасы жөнінде мағлұматтар алады;
- тарихты оқыту барысында кәсіби міндеттерді шешу және аргументтерді тұжырымдау, алынған теориялық білімдер негізінде ғылыми негізделген болжам жасау және тарихи оқиғаларды дербес түрде талдау негізінде қажетті білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |