Пәннің міндеттері: -Білім алушылардың шеттілдік білім беру әдістемесінің дамуының әлеуметтік-тарихи шарттарының заңдылықтарын және іпгелі парадигманың ауысуын түсінуін қамтамасыз ету;
- Білім алушылардың бойында әдістемеге ғылыми теориялық-қолданбалы ғылым ретінде, онық қазіргі жай-күйі және даму перспективасы туралы түсінігін қалыптастыру;
-Шеттілдік білімнің тұжырымдамалық базисі болып табылатын когнитивтік лингвомәдениеттанымдық әдіснама туралы, құзіреттілікке бағдарланған жаңа типті шеттілдік білім беру туралы біртұтас ғылыми негізделген түсінік тудыру;
- Әдістемелік жүйенің негізгі категорияларын (мақсатын, мазмұнын, ұстанымдарын, әдістерін т.б.) олардың жаңа ұғымдық мәнін түсіне отырып меңгеруін қамтамасыз ету;
-Шеттілдік білім беру үрдісінде қолданылатын инновациялық педагогикалық және коммуникативтік-ақпараттық технологяларды меңгеруді қамтамасыз ету.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы):АҚ22-Шет тілін оқытатын мектептерде шет тілі мұғалімінің кәсіби қызметінің сипаты мен ерекшелігін түсінеді және шет тілін үйретудің заманауи негізгі принциптері мен үрдістерін меңгереді.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: ПОЖН1-Шет тілін оқытудың негізгі бағыттары мен принциптерін біледі.
ПОЖН2-Шетел тілінде білім берудің жаңартылған әдіснамалық ұстанымдарының болмысын түсінеді. Қазіргі заманғы орта мектепте шет тілінде оқу процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін сипаттайды.
ПОЖН3-Мектепте шет тілін оқыту үдерісіне әсер ететін барлық факторларды анықтайды.
ПОЖН4-Мектептерде шет тілін оқытудың заманауи әдістемелік жүйесін және баламалы бағдарламаларын сыни түрде талдайды және білімнің барынша дұрыс мақсаттары мен шарттарын таңдайды.
ПОЖН5-Озық педагогикалық технологияларды шығармашылық түрде пайдаланады және қазіргі заманғы орта мектепте оқитын оқушылардың шеттілдік дағдыларын белгілі деңгейге жетілдіру жолдарын іздейді.
І. Пәннің технологиялық картасы