6.1 Мөлшерлегіштердің түрлері және оларды пайдалану
Белгілі бір үлестегі шикізат қоспаларын жасау үшін мөлшерлегіштерді пайдаланады. Араластырғышта бетон қоспасын араластырудың алдында оның құраушыларын мөлшерлеуде кеңінен мөлшерлегіштер пайдаланылады. Материалдың үлесін белгілі бір дәлдікпен өлшеу операциясын мөлшерлеу деп атайды. Материал үлесінің берілген дәлдігінен ауытқуын мөлшерлеу қателігі пайыз деп атайды.
Әрекет сипатына қарай мөлшерлегіштер циклді және үздіксіз болып бөлінеді. Циклді мөлшерлегіште үлесті өлшеу көлемдік немесе салмақтық сыйымдылықта-бункерде жүргізіледі. Материал үлесін өлшеп алғаннан кейін, ол сыйымдылықтан босанады да, мөлшерлеу циклі қайталанады.
Үздіксіз әрекеттегі мөлшерлегіштер берілген көлемдік немесе массалық өнімділікпен материал ағынын үздіксіз өлшеп беріп отырады.
Әрекет қағидасына қарай, мөлшерлегіштер көлемдік және массалық болып бөлінеді. Көлемдік мөлшерлегіш материалды көлемі бойынша, ал массалық мөлшерлегіш салмағы бойынша өлшеп береді. Аралас әрекеттегі мөлшерлегіштер кездеседі. Қоспа құрушыларының біреуі көлемі бойынша, ал басқасы массасы бойынша өлшемі алынады, ал екі құраушының жалпы массасы берілген мәнге сәйкес келуі керек. Мұндай тәсіл, мәселен, керамзитбетон жасауда керамзит пен құмды өлшеп алуда пайдаланылады, көлемі бойынша керамзит өлшенеді.
Сусымалы материалға арналған көлемдік мөлшерлегіштер конструкциясы қарапайым, бірақ бетон қоспасы құраушыларын мөлшерлеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз етпейді. Стандарт бойынша дәлдік мынадай болуы керек: қоюлатқыш, су және т.б. қоспалар үшін-±2%, ал толықтырғыш үшін - ±2, 5%.
Көлемдік мөлшерлегіштің төмен дәлдігі сусымалы материалдың физика-механикалық қасиетінің (тығыздығы мен ылғалдылығы және т.б.) тұрақсыздығынан болады. Одан басқа циклді мөлшерлегіштің дәлдігі мөлшерлік сыйымдылықтың толтырылу тәсіліне, материалдың толтырылу биіктігіне, материалдың ағу жылдамдығына байланысты, ал үздіксіз әрекеттегі мөлшерлегіште астыңғы бункер ішіндегі материал мөлшеріне байланысты. Көрсетілген себептерге қарай, бетон қоспаларын дайындауда көлемді мөлшерлеуді тек қана су мен химиялық қосымшаларымен ерітінділер үшін пайдаланады. Олар дәлдігі жағынан барлық талаптарға жауап береді. Су мен химиялық қоспа қосымшалары мен ерітінділердің физика-механикалық қасиеттері қоршаған ортаның температурасы 10...25°С болғанда тұрақты болады. Ондай температура бетонараластырғыш бөліктерде берілген температураның өзгеру аумағын қамтамасыз етеді.
Салмақтық мөлшерлегіштер автоматтық реттеу жүйесімен жабдық-талған және конструкциясы жағынан күрделі. Бірақ олар стандарт талаптарын қанағаттандыратын дәлдікпен сусымалы материалдарды мөлшерлейді. Осы себеппен заманауи бетонараластырғыш құрылғыларда қоюландырылған және толықтырғыштарды мөлшерлеу тек қана салмақтық мөлшерлегіштерде жүргізіледі.
Басқару тәсіліне қарай мөлшерлегіштер қолмен, қашықтықтан және автоматты түрде басқарылуы мүмкін.
Қолмен басқару кезінде циклді мөлшерлегіш жапқышының ашылып жабылуы қолмен жүргізіледі. Материалдың қажетті мөлшері салмақ өлшеу құрылғысы көмегімен өлшеп алынады, жапқыш қолмен ашылады да, материал бункерге түсіріледі.
Үздіксіз әрекеттегі мөлшерлегіштің өнімділігі қолмен реттеледі, ол үшін қоректендіргіштегі материал қалыңдығы өзгертіліп отырылады немесе материал қозғалысының жылдамдығы өзгертіледі.
Қашықтықтан басқаруда барлық үдерістер басқару пультінен жүргізіледі. Циклді мөлшерлеуде қажетті мөлшер немесе үздіксіз мөлшерлеудегі қоректендіргіш өнімділігі массаның циферблатты көрсеткіші бойынша бақыланады.
Циклді мөлшерлегіштерде автоматты түрде мөлшерлеуде барлық операциялар бункерге материалды тиеп түсіруі де оператордың қатысуынсыз жүргізіледі. Автоматты, үздіксіз әрекеттегі мөлшерлегіштерде тасымалданатын материал қабатына немесе оның қозғалыс жылдамдығына әсер ету жолымен қоректендіргіш өнімділігін реттеу жүргізіледі. Ондай қоректендіргіштер бір немесе қос агрегатты болуы мүмкін. Біріншіден, өлшеу және өнімділігін реттеу бір қоректендіргіште жүргізілсе, ал екіншіден өнімділікті реттеу бір қоректендіргіште, ал салмагын өлшеу- басқасында жүргізіледі.