8.2 Бункерлік және қоректендіргіш құрылғылар 8.2.1 Жалпы мағлұмат және класқа бөлу
Бетондық қоспаны әзірлеуге арналған технологиялық үдерісті жобалау кезінде және жабдықты таңдау кезінде материалдар қозғалысының барлық кезеңдерін үйлестіру керек. Атап айтқанда, бункерлік құрылғының сыйымдылығы мен конфигурациясын, қоректендіргіш конструкциясы мөлшерлегіштер мен белгілі бір өнімділік пен қоспа сапасын қамтамасыз ететін араластырғыш типтерін таңдау қажет.
Бункерлік құрылғылар белгілі бір мөлшердегі себілетін немесе пластикалық материалдарды қабылдап жинап сақтауға арналады да, ол материалдардың бір қалыпты бункерден шығуды немесе технологиялық ағым бойынша үйлестіруін қамтамасыз етеді.
Бункерді табақтық болаттан жасап, жапқыштармен жабдықтайды. Кейде жаман себілетін материалдардың бункер қабырғасына жабысып қалуын болдырмау үшін бункердің ішін полимерлік пленкамен қаптайды немесе жабысып қалған материал массасын бұзуға арнап, вибратормен (дірілдеткішпен) жабдықтайды. Бункерді арнайы құрылыс конструкциясына орнықтырып қояды.
Араластырғыш қондырғыларда бөлінген секциялы бункерлерді бірнеше әртүрлі материалдарға арнап қолданады. Бункерлер (8.2 - сурет) пішіні әртүрлі болуы мүмкін, жүксізденуі бүйірінен (8.2, а-сурет) немесе ортасынан (8.2, ә, в-сурет) болуы мүмкін.
Бункерлер арнаулы, сыйымдылығы, геометриялық пішіні және конструкциясы бойына жіктеледі (8.1- кесте).
Бункерлер жапқыштармен, негізінен, секторлық (8.2, г-сурет), шиберлік (8.2, д-сурет), қолмен электрмеханикалық немесе электрпневматикалық жетекпен және қашықтықтан басқарылатын түрімен жабдықталады.
Бункерлерден кез келген себілетін, ірі кесекті және ұнтақ тәріздес құрғақ және ылғал материалдарды, сонымен қатар, бетондық қоспаны біркелкі беру үшін қоректендіргіштер пайдаланылады. Кейде қоректендіргіш материал көлемін мөлшерлеу үшін де пайдаланылады.
8.2 - сурет – Бункерлер сұлбалары. Жапқыштар конструкциясы:
а- бүйірлік жүксізденетін бункер; ә, в- ортасынан жүксізденетін бункер;
г- секторлық жапқыш; д- шиберлік жапқыш; е- клапанды жапқыш
Оның мөлшерлеу дәлдігі аса жоғары болмайды. Қоректендіргіштерді, материалды еріксіз беретін түрлері үздіксіз, жұмыс органы айналатын немесе тербелісті болуы мүмкін.
Құрылыс материалдарына арналған қоректендіргіштердің негізгі типтерінің конструктивтік сұлбалары; 8.3, а-суретте беріліп, тал олардың пайдалану аясы 8.2 - суретте келтірілген.
8.3 - сурет - Қоректендіргіштер сұлбалары:
а-шынжырлы, ә-пластинкалық конвейерлі, в-ленталық конвейерлі, г-шнекті,
д-тербелісті, е-вибраторлы, ж-барабанды, з-секторлы, и-тәрелкелі
Достарыңызбен бөлісу: |