7-тарау. АРАЛАСТЫРҒЫШТАР 7.1 Жалпы мағлұмат және класқа бөлу
Біртекті (гомогенді) бетондық және басқа құрылыс қоспаларын әртүрлі физика-механикалық қасиеттерімен әзірлеу үшін бетонараластырғыш, ерітінді араластырғыш және т.б. араластырғыш машиналар қолданылады.
Араластырғыш машиналар ішінен бетонараластырғыш негізгі орын алады, өйткені онда құрамы, консистенциясы және маркасы әртүрлі бетон қоспаларын әзірлейді.
Араластырғыштар мына белгілері бойынша келесі класқа бөлінеді:
Жұмыс істеу қағидасы бойынша периодты және үздіксіз әрекеттегі гравитациялық және еріксіз араластыратын болып бөлінеді. Өз кезінде, еріксіз араластыратындар роторлы, қалақты және турбулентті болып бөлінеді.
Араластырғыш сыйымдылығының пішініне қарай: цилиндрлік немесе қос конусты барабанды, астау тәріздес және араластырғыш шәшкелі болып бөлінеді.
Дайын илем шамасына қарай МЕСТ 16349-70 стандартына сәйкес БГЦ 1...3 типтегі гравитациялық бетонараластырғыш сыйымдылығы 65, 165, 330, 500, 800, 1000, 1600, 2000, 3000 л, ал ерітінді, қоймалжың араластырғыш сыйымдылығы 65... 2000 л болады. БПЦ 1...8 типтегі еріксіз араластыратын (роторлы) араластырғыш сыйымдылығы - 65, 165, 330, 500, 800, 1000, 1600, 2000, 3000 л. Ерітінді араластырғыш- сәйкесінше 65, 250, 900, 1800 л. Үздіксіз әрекеттегі бетонараластырғыш өнімділігі 5, 15, 18, 30, 35, 60, 120 м /сағ [16].
Араластырғыштың бірнеше негізгі типтері бар (7.1-сурет): гравитациялық үздіксіз әрекеттегі бетонараластырғышта (7.1, а- сурет) шикізат материалы жүктелу шүмегіне (5) үздіксіз түсіп отырады, ал су құбыр (4) көмегімен беріледі.
Материал барабан (1) ішінде араластырылады. Барабан ішінде қалақтар (3) орналасады. Қалақтың көтерілуі мен ылди болуы салдарынан қоспа көтеріліп, салмақ күші әсерінен төмен түсе отырып араласады. Тіректі роликтерде (7) орнықтырылған цилиндрлік барабан тісті берілісті (6) жетек көмегімен айналады. Бетондық қоспаны барабанның ашық жағынан түсіреді. Осьтік жылжуынан барабан ұстағыш роликтер (2) көмегімен ұсталып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |