Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет73/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81
Филлип Кумбс (1915-2006)
1915жылы дүниеге келген. Амхерст колледжінде оқып,чикаго университетінде дәреже иеленген.
1961 жылы АҚШ президенті Джон Кеннеди мемлекеттік хатшының білім бері мен мәдениет саласы бойынша бірінші көмекшісі қызметіне тағайындайды.
1962 жылы АҚШ-тың мемлекеттік департаментінен кетіп,1963-1968 жылдар аралығанда яғни 1963 жылдан бастап парижде ЮНЕСКО-нің бастауымен құрылған Халықаралық білім беруді жоспарлау институтының директоры болды.
1992 жылға дейін экономикалық дамудың халықаралық кеңесінің директоры және вицце-президенті қызметін атқарған.Білім беру саласы бойынша Форд Қор бағдарлаимасының диреторы да болды.
Білім берудегі дағдарыс:жүйелі талдау
New Vork – London – Toronto Oxford University Press, 1968
I БӨЛІМ.МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Білім берудегі дағдарыстың сипаттмасы.Оның пайда боуының негізгі себептері.дағдарысты жеңу үшін не талап етіледі. «Жүйе» ретіндегі – «жүйелік талдау» пәні ретінде.кейбір тұжырымдар.

Өткен ғасырдың елуінші жылдарының басында әлемнің барлық елдерінде білім беру қатты қарқындап дами бастады.Көптеген елдерде білім алушылардың саны екі еседен асып соның салдарынан ағарту саласының шығындары да артып,барлық жерлерде білім беру саласы экономиканың ірі салаларымен теңестіріледі.Мұндай қарқынды даму үдерісініен білім берудің алдыға шығуы келешекте де сақталатынын көрсетті.


Қазіргі кезде осы істің жағдайы қалай?
Бұл сұрақтың жауабы ретінде қанда да өлшемі ретінде мына қарапайым фактіні алып қарауға болады.Білім беру арқылы қарқындап дамығанына қарамастан сол кездегі тұрғындардың санының күрт өсуінен әлемде сауатсыз ересек адамдардың саны өсті.ЮНЕСКО-ға мүшелдерде бұл 460 миллион адамға артса немесе олардың 60 %-ы өнерпаздық тұрғындарын құрайды.Ал оған толықтай жауапты өздерінің алаңдаушылықтары мен дабылдарын ары қарай жасыра алмайтын болғандықтан білім беру қызметкерлері берді.Олар білім беру жүйесіндегі дағдарыс көріністері барлық жерде көрінуде ал көптеген елдер тіпті дағдарыста отыр деп мәлімдейді.Осы кітаптың авторы да олардың алаңдаушылықтарына толықтай қосылады.
Ұлттық білім беру жүйесі шындығындп дағдарысты құбылыстарға душар болған.Оқушылардан басқасы- мұғалімдер,мекемелер,оқу құралдары қаржының жеткіліксіздігін жиі сезініп отырды.Шындығында білім беру жүйесінде өздеріндегі қалыптасқан жеткіліксіздікке көбіне жол тауып оған бейімделіп отырды.Бірақ та қазіргі кезде,бұрынғыларға қарағанда жағдайлардың айырмашылықтары өте көп.қазіргі кезед біз өнеркәсіп немесе әскери дағдарыстар сияқты айқын емес бірақ та нақты қаупі бар әлемдік білім беру дағдарысын бақылаудамыз.
Әртүрлі елдердегі жағдайларға байланысты дағдарыс түрлі формада,яғни,әлсіз немес ауқымды көрініс тапты.Бірақта оның ішкі серпіні барлық елдерде бірдей-өздерінің оқу мекемелерімен мақтанатын немесе қазіргі кезедгі қиыншылық арқылы дамыған және дамушы бай және кедей болып бөлінеді.
Осы дағдарыстың негізін «өзгерту», «бейімделу» және «ажырату» деген сөздермен сипатауға болады.1945 жылдан бастап әлеуметтік жағдайдың дамуы мен өзгеруінде ауқымды өзгерістер байқалды.Бұл барлық әлемді жаулап алған ғылым мен техниканың экономика мен саясаттың демография мен әлеуметтік жағдайдағы «революцияның» жаулап алуынан туындады.Осы алшақтықты туындатқан көптеген арнайы себептер бар олардың бастылары төртеу.Біріншісі-халықтың білім алуға деген ынтасының күрт артуы-оны бұрыннан бар мектептер мен университеттер қанағаттандыра алмайды.Екіншіден-қаржы қорының қатты жетіспеушілігі салдарынан білім беру жүйесі жаңа талаптарға толықтай жауап бере алмауда.Үшіншіден-білім беру жүйесіне тән салғыртттықтың себебін жаңа сұранысқа төтеп бере алмайды,тіпті бұл жерде қаржылық ең басты себеп емес.Төртіншіден-бұл қоғамның өзінің салғырттығы деуге болады.
Дағдарыстан шығу үшін қоғам мен білім берудіңт өзара бейімделуі қажет сияқты.Бұл бейімделусіз яғни олардың арасындағы алшақтық «міндетті түрде білім беру негізін жояды».Ұлттық дамудан туындаған білім берудің талаптары өсуде әрі өзгеруде ал білім беруге деген сұраныстар күннен күнге өсуде,қаржы бөлуді өсіруде шек болмағандықтан бұл мәселені бұл жағдайда шешу мүмкін емес.
Дағдарысты артқа тастау үшін әрбір білім беру жүйесінде елдің ішіндегі көптеген қайнар көздерден көбінесе елеулі көмек сырттан қажет.Көп қаржы керек ал ол қаржыны табу өте қиын себебі білім беруге бөлінетін ұлттық кіріс пен бюджеттің қаржысы қазіргі кезде оның даму мүмкіндігін шектеуге айналды.Бірінші кезекте осы салаға жетекшілік ететін адамдардың өзінеқойылған сынды қабылдай алуын айту керек.Бұған мысал ретінде ересек адамның балалық шағындағы киімді кимейтіні сияқты білім беру жүйесі де уақыт талабына сай жан-жағындағы өзгерістерге қарсы тұра алмайды.
Әрине білім беру біздің әлемімізде болып жатқан кеселдің барлығын емдеуі мүмкін емес және оған жауапкершілікті де өз мойнына алмайды.Білім беру жеке тұлғалар мен толықтай қоғамның басқаратын уақытпен қорларға шектеу қоя алуы мүмкін.Білім беру адам мен қоғам үшін тек қана жақсылық әкеледі және білім беру жүйесі өзінің шектеулі қаржысы мен адамдардың уақытын шығындамайды деген сенім бар.
Біз «білім беру жүйесі» деген ұғымды пайдаланғанда білім берудің бірнеше формальды баспалдақтары мен түрлерін ғана емес сонымен қатар оған жүйелендірілген бағдарламалар мен білім берудің формалары оның дайындықтары да жатады.Әрине оқытуды кең мағынасында қарастыратын болсақ,онда білім беру саласыының қызметінің көптүрлілігіне ілімді толтыруды көптеген қайнар көздері бар мысалы кітаптар,газеттер журналдар соынмен қатар қазіргі кездегі тұрмыстық заттар фильмдер радио және теледидардағы бағдарламалар және ең бастысы-отбасындағы күнднлікті оқыту болып табылады.Бірақ та біз өзіміздің талдауымызды білім беру мен мамандарды даярлау саласындағы нақты көзделген міндеттерді орындау саналы түрде ұйымдастырылатын қызметтердіқарастырумен шектелеміз
Әрине білім беру жүйесі «жүйе» ретінде адам ағзасынан немесе әмбебап дүкендерден ерекшеленетіні сөзсіз.Сонымен қатар қызмет түрінен тәсілі мен оларды жүргізіетін өзінің ішкі заңдары мен де ерекшеленеді.Сондықтан білім беру жүйесінің қандай да бір жағдайын анықтау үшін оын үнемі жетілдіріп және оның даму жолдарын ақылмен жоспарлау оның негізгі құрамының арасындағы өзара байланысты толығымен қарастыру қажет.Бірақ та біз ереже бойыншабілім беру жүйесін басқа жақтан қарастырамыз.Біз оныжүйе деп атаймыз,ал практикада оны аты талап етіп тұрғанда йемес,басқаша қолданамыз.Ол осы мәселелердің бір-бірімен шатасып кешегі немес бүгінгі күнгі мәселелердің бір-бірімен байланыста екенін ойлануға уақытын жұмсамай-ақ біресе ана мәселені біресе мына мәселені шешуге ұмтылады.
1-суретте білім беру жүйесінің маңызды деген кейбір бөліктерінің өте қысқа әрі оңайтылған түрдегі формасы берілген.Олардың қалай өзара ықпалдасуын келесі екуі мысаплдан көруге болады:жүйенің бағытына кейбір өзгерістерді қабылдау-орта мектептің бағдарламасына жаңа пәндер енгізу,жоғары білімге жаңа техникалық бағыт беру және шығару талаптарына кәсіптік бағыты бар жаңа бағдарламалар қосу керек болды.Соынмен қатар егер жүйеніңибағыты сол қалпында қалып оқу бағдарламаларында түбегейлі өзгеріс болғанда жағдай қайталанады,мысалы дәстүрлі математиканың орнына «жаңа»математиканы енгізетін болса,онда оқытудың әдістеріне кәдімгідей өзгерсітер алып келіп ,олар уақытты жаңаша есептеуге жаңа техникалық бейімделу мен құралдарды жаңа оқытушыларды талап етеді.Сонымен бұл жалғамалы реакция білім беру жүйесінің салымына өнімнің санынаижәне сапасына да елеулі өзгеріс алып келуі мүмкін.
Біз осы көзқарас дұрыс деп есептейміз.Сонымен қатар,бұл түйіндер әрекетке көшуде жетекшілік етуге көмектеседі.Білім беру жүйесін жүзеге асырушы тұлғалар нақты жағдайға қолдануға болатын білім берудің талаптары оқу бағдарламаларын жасаулары қажет;сонымен қатар,олар сапаның ішкі және сыртқы шарттарына сәйкес жасауға тырысуы керек.Бұл оқу бағдарламаларында міндеттерді барынша жүзеге асыру көзделеді.Керісінше,бұл ілімнің деңгейінің өсуін білдіреді және бұл әртүрлі елдерде түрлі формада болуы мүмкін.Сонымен қатар,ілімнің деңгейінің жалпы шарттары білім берудегі оқушылардың нақты қажеттіліктері мен құндылықтары осы елдің қазіргі және болашағын есепке ала отырып,қазіргі жағдайына сай келуі қажет.
Басқа көзқарастар бар ма және олар неден тұрады?Әрине,ондай бағыттар бар,олар білім берудегі ескі оқу бағдарламалары мен талаптарын мықты ұстап,қолдай отырып,оларды шексіз деп қабылдайды,сонымен қатар,олар шындықты жағдайға байланысты анықтайды.Ең сорақысы,олар басқа елдерде ескіріп (жарамсыз болған)және басқа елдердің жағдайларына жарамсыз оқу бағдарламалары мен шарттарын қарастырады.Білім берудегі "халықаралып талаптар"идеясы керек және әмбебап нормалар болған жағдайда тиімді болып табылады,мысалы,қатты денелер физикасы немесе коммерциялық әуекомпаниялар үшін ұшқыштар аясында мамандарды дайындау үшін әмбебап нормалар бар.Біріншіден,кез келген жақсы көрсеткіштерге жетпеген мамандарға жұмсалған ақша желге ұшса,екіншіден,әуе жолындағы апатқа ұшырауы мүмкін.Егерде (маңызды жағдайларды есепке алмағанда)бастауыш және орта білім беруде өз бағдарламаларын басқа елдің үлгісінде жасаса немесе "прогресс"үшін,әлде осы елдердің оқушылары университетке түсудің бір тәсілі ғана емес пе?Бұндай әрекеттер нәтижесі осы елдің білім беру жүйесін нақты қажеттіліктерінен,оның қоғам жағдайы мен ұмтылуынан алшақтатып,абстракцияның жетегіне еріп,ұлттың дамуына көмектесетін педагогикалық стратегиядан алыстатып,шектеулі қорлардың өзіне өтемсіз шығындар әкелуі мүмкін.Бұлардың барлығы да ұлттық дамуға шығындатуы мүмкін.
Барлық осы айтқандардың барлығы көптеген дамушы елдерде,әсіресе,бұл жақында тәуелсіздік алған мемлекеттерде орын алған.Олар өздерінің қазіргі жағдайы мен болашақтағы перспективаларына білім беру мәселелерін шешуде өздерінің ерекшеліктерін қажетті тұрғыдан есептемегеннен туындайды.Мұның орнына олар басқа елдердің доктриналарын,формаларын,мазмұнын,ғұрыптарын,сапа мен талаптардың көрсеткіштерін өздеріне алады.Әрине,мұндай саясатта дұрыс және тиімді болғанын көрсеткеннен гөрі,не дұрыс емес және қауіпті екенін көрсету оңай болып табылады.Дұрыс жолды табу әрине үлкен зерттеуді және тәжірибелік жұмыстарды қажет етеді.Сонда да бұл елдер білім берудегі өз жүйесінің тәуелсіз декларациясын тарата алмайды,ал,соңғысы,дағдарыс жағдайынан шыға алмайды,ал білім берудегі өндірістік қаржы құру болуға тиіс деңгейінен де төмен болып қала береді.
Бүгінгі таңда,Африка мен Азия дамушы елдерінің алдында еуропалық жүйелердің үлгісіндегі өз білім беру жүйесін құру,сонымен қатар,еуропалық елдердің өзінде де-оқытудың мазмұны мен сапасы мәселелерін шешу тұр.Жоғарыда атап өткен бұл мәселелер,жастар оқуының көп сананы қамтуы және оқу мекемелері үшін білім беру жүйесінің барлық жүйесіне ұмтылуына байланысты пайда болып,төменгі қоғам өкілдеріне-материалдық,мәдени және әлеуметтік деңгей көзқарасы бойынша есігін айқара ашты.
Оқушылар контингенті мәдени және әлеуметтік қатынас жағ ынан біркелкі және барлық оқушылар бірнеше рет "академиялық електен" өтіп,ең жақсыларын сұрыптағанда мектептер мен университеттер көптеген қиындықтарды сезінбейді.Ал тек шектеулі орта тұлғалар үшін "жоғары сапалылардың"білім беру жүйесіне ғана тән жағдайларда,әсіресе,өзінің түлектерін қоғам элитасынан толтырып,өз институттарының желісін қайтадан жасауға мәжбүрлеп,түрлі деңгейдегі оқушыларды барлық қатынаста оқытуда қиындық тудыруы мүмкін.Мұны қалталы қауымға арналған сыйлықтардың арнайы дүкендерінде түрлі талғамдағы және құралдарды сатылатын бөлімнің ішіндегі кедейлерге арналған арзандатылған бөлімдермен салыстыруға болады.
Тар мағынадағы "жоғары сапалы"элиталық білім беру жүйесінде жұмыс істейтіндер үшін кеңіту және демократизациялау міндеті тұр,олар қатып қалған талаптарды және ескі бағдарламаларға жабыспаулары керек.Егер оларды жаңа талаптарды ескере отырып,түбегейлі өзгертпеген жағдайда онда жүйе өзінің тиімділігін жоғалтып,ал оқушылар контингенті тез өседі.Зерделенген пайыздық көрсеткіштер және қанағаттандырмайтын бағалар өсіп,білім берудің сапасы төмендеп (ескі шарттар бойынша да)жастар арасында көңіл күйлері түсіп және барлық жүйелер екі жақтан да:реформаны жақтаушылар мен оның қарсыластары,әсіресе,студенттердің өзі талауға түсті.Мұндай жағдай ғасырдың жаңа сұраныстарына сәйкес құрылмаған,өз білім беру жүйесін еуропалық үлгіге сәйкес кедейлерге тең дәрежеде білім алуға ұмтылып,білім беруді демократизациялағанмен,бұрынғы уақыттың жүзжылдық нормалары мен канондарына қалып отырды.
Білім берудегі қажетті өзгерістерді қалай және қандай формада жүзеге асыру қажет?Бұл сұрақ әлі де көптеген жылдар бойы өнеркәсібі дамыған елдерді мазасыздандырады.Оның толық шешімдеріне бізде педагогикалық ілім де,не ғылыми зерттеулер де жетіспейді.Бірақ та,дамушы елдердің білім беру жүйесінің жетекшілері алдына қойылған міндеттердің қиындығын сезіне отырып,оған өз алаңдаушылықтарын білдіреді.Олардың білім беру жүйесі қоғамның орта ғасырлық уақыттан соңғы жиырмасыншы ғасырдың жарты жылдығына ауысуы қажет.Білім беру жүйесіндегі міндеттердің қиындау түсуінің өндірісі дамыған елдерден айырмашылығы қоғамның өзінен қолдау ала алмаған жағдайда тереңдей түседі.Олар жасы үлкен тұрғындардың арасындағы жалпы сауаттылыққа тірек бола алмайды,оларда бұқаралық ақпарат құралдар жүйесі толық тарамаған,мәдениет элементтері мен қазіргі ғылыми идеялар жаңа ғана енгізіліп,олар тек атмосфера арқылы дамиды.Ауылды жерлердің мектептеріндегі маңызды миссиясы –баланы кедейлік пен артта қалушылықтан алып шығып,оны жарқын өмірге қазіргі идеялар,көзқарастар,ілім мен жайлылыққа жеткізеді.Бірақ та,мұнымен мектепте баланы өзінің туған еліндегі мәдени мұралар мен оның елінің дамуына қайшылық келтіретін қызығушылықтар болмауы қажет.Түрлі және жиі қарама-қайшылықты міндеттерді қандай жолдармен шешуге болады?Мұндай жағдайдан адами құндылықтары мол,көрегенділігі жоғары,ақылды және талантты педагогтар ғана бұдан жол таба алады.Әрине,мұндай адамдарды дамыған елдердің ауылдық жерлерінен кездестіру өте қиын екені бәрімізге белгілі.
Барлық көрсетілген қиындықтар білім беру саласында оның мазмұны мен сапасына әсер етіп,дағдарыс тудыруы мүмкін еді,бірақ соған қарамастан тағы да бір қиындық кездеседі.Ол алғаш қарағанда жай ғана мәселе болып көрінуі мүмкін.Ол мектептің білім беру мазмұнын адам ілімінің көлемінің үздіксіз өсуін қалай бір деңгейде ұстауды қолдау қажет?
Теориялық тұрғыдан мектепте адам ілімі қорының барынша кеңейтілуіне еркін қол жеткізуге болады.Бірақ,тәжірибе жүзінде мектеп пен осы ілімнің арасында кедергі бар.Ал сол кедергіден өткеннің өзінде де ол бізге кешіктіріліп жеткізіледі және олар оқушыларға негізгі екі арна арқылы-оқулықтар мен педагогтар арқылы жеткізіледі.
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан ғасырда әрбір он жылда адам ілімінің көлемі екі еселенеді,оқулықтар ескі,оқытушылар ескірген іліммен оқып отырады.Сонымен қатар,барлық ескірген ілімдер білім берудің мазмұнында ғана емес,оқыту әдіснамасы мен тіпті архитектуралық оқу ғимараттарында да түбегейлі орнығып алады.Ал осы уақытта мектеп қабырғасынан тыс жерлерде,өмір қарқынды дамып,адам ілімінің ара қашықтықтары кеңейіп,техника дамып,жұмыс күшінің біліктілік талаптары өзгеріп,халықтар арасында нақты алға жылжулар болады.
Жоғарыда,біздің мына тез өзгеретін әлеміміздегі білім беру жүйесіне қандай талаптар қажет екендігін бірнеше рет атап өттік.Білім берудегі жаңа бағдарды анықтау үшін білім беру жүйесі тек білімді адамдарды ғана емес,сонымен қатар,өзінің ілімін өмір бойына жаңартып және ұдайы өзгеріп отыратын жағдайға жеңіл бейімделетін адамдар болуы қажет.Егер білім беру жүйесінің өзі өзгермелі өмірге бейімсіз болып жатқан жағдайда,одан түлеп ұшып жатқан түлектер туралы не айтуға болады?
Осыған байланысты біз оқытушы мамандар туралы мәселелерге қайта ораламыз,өйткені,олар білім берудің мазмұны мен сапасына тікелей араласады.Білім беру жүйесі өз істеріне берілген адамдар,шығармашылық ойлаумен айналысатын адамдарға көп көңіл бөледі.Бірақ та көптеген оқытушылар алған өз білімінің деңгейінде,яғни,өз түлектерінің дәрежесінде қалады.Осындай оқытушылардан жаңалықтар мен ашылымдарды алып келетін қандай шығармашылық жолдарды күтуге болады,әсіресе,егер олардың жұмыс жүктемесінде ойлануға немесе дайындалуға,өз қызметіндегі эксперименттер мен олардың нәтижесін талдауға аз уақыт берілген жағдайда еш нәтиже шықпасы анық.Сондықтан мектеп жүйесінде оқытушылар құрамын,уақыт қоры мен әдістерін заманға сай ұйымдастыруда таңғажайып етіп жасауы мүмкін емес.
Білім беру жүйесінің әлеуметтік құрылымы мен беделді иерархия ілімнің жаңа салаларында,әсіресе,арнайылындырылған және техникалық бағдар ламаларға бейімделген орта білім беруде оқытудың жоғары сапасына қол жеткізуге кедергі келтіретін,соңғы уақыттардағы кейбір өзгерістерді басынан өткізген,мекемелердің әртүрлі түрлері мен мектептердің түріне бағытталған.Бұрынғы,университеттің алдындағы классикалық курстар әлі күнге дейін жоғары мәртебеге ие.Оған көптеген үздік педагогтар,үздік оқушылар,тіпті олардың ішкі түйсіктері басқа таңдаудың қажеттігін сездірсе де олар осы таңдауды алады.
Соңғы жылдары орын алған және әртүрлі түрлері мен орта мектептердің типтерін құруға бағытталған білім берудің сәтсіз реформаларын талдау барысында білім берудің мазмұны мен сапасының мәселелері дамушы қоғамның қоюымен ,білім беру жүйесінің құрылымдық бетбұрыстарына бола формальды жолмен шешуге болмайтынын көруге болады.Оқушыларды жаңа ағым бойынша және жаңа бағдарламалар бойынша жаңа пәндерге орын беру бағыттары жеткіліксіз.Бұл мәселелерді түбегейлі шешу үшін оқытушы мамандарға және оларды оқытудың әдіснамасына өзгерістер енгізу қажет.Сонымен қатар,жаңа білім беруге қатысты мәселелердің барлығы екінші дәрежелі деген ойлардан арылған жөн.
Сындарлы стратегияның элементтері
Бұл қандай стратегия болуы мүмкін?Оған жаттанды жауап бермес бұрын,ол екі міндеттің қасиеттері болуы қажет.Біріншіден,ол көріністердің өзара байланысын басты нысанға алуы қажет.Өзара байланыстардың барлық жиынтығын:білім беру жүйесінің өзінің ішін,оның әртүрлі деңгейлері арасын және жеке бөлімшелерін,сонымен қатар,білім беру жүйесінің арасындағы және оның сыртқы ортадағы оқушыларды қабылдауы,сонымен қатар,бітіру кезеңіндегі жағдайларын жақсарту қажет.Ал қазіргі кезде мұндай байланыстар үлкен өзгерістерге ұшыраған,сондықтан оларды міндетті түрде қайта теңдестіріп және оларды дамудың келісілген қарқынына келтіру қажет.Өзара байланысқа басты назарды салып және оларды бірегей кешен ретінде қарастыруы стратегияны жасау үшін маңыздысы жүйелік амал тұрғысынан келу қажет.
Екіншіден,стратегия білім беру жүйесі қызметінің барлық аясындағы жаңалықтарға нақты назар аударуы қажет;бірінші кезектегі мақсат-өзгерістер болуы қажет,әрине кез келген өзгерістер емес,яғни,білім беру үдерісін реттеуге және жетілдіруге бағытталып,електен өткен өзгерістер болуы қажет.Қоғам мен экономикадан біржақты білім беру жүйесіне бейімделуін күту мүмкін емес.Білім беру жүйесі өзіне тән бастамаларымен жаңа жағдайларға және талаптарға тезірек бейімделуге барынша күш салуы қажет.
Бірақ та білім берудегі жаңа ашылымдар өз өзінен пайда болмайды.Егер де солай болғанның өзінде де ол бірден сыртқа ашпайды.Егер де жаңа ашылымдар білім беру жүйесінен тыс пайда болса,оларды сыпайы қабылдап,ал содан кейін оны «жылы жауып»қоюы мүмкін.Стратегия табысты болуы үшін ол жаңа ашылымдар білім беру жүйесінің «өмірлік бейнесі»ретінде,ажырамас бөлшегі болуы қажет.
Бұл екі негізгі жағдайларды орындауды талап етеді.Білім беру мен тікелей байланыстағылардың бәрі жаңа ашылымдарды енгізу білім беруді ары қарай дамытуға және дағдарысты жеңуге әсер етеді деген сеніммен енулері қажет.Басқаша айтқанда,педагогтар да,оқушылар да және олардың ата-аналары да өзгерістерге жаңа қатынаста болулары тиіс.Ғылымда Нобель сыйлығы ескі тамыр жайған көзқарастар мен жаңа шыңдықтың ашылуына беріледі.Бұндай ескі шындықтарға,арпалыс рухы,Нобель лауреаттарына тән қатынастар білім беру жүйесінде де норма болып қалыптасуы қажет.Бұл міндет білім беру жүйесінде маңызды мақсаттардың бірі болып табылады және бұндай шешім үшін тез арада күресуі қажет.
Жаңа ашылымдарды кеңінен енгізудің басқа шарттары-ол қажетті қордың болуы болып табылады.Ол зерттеулер мен тәжірибелердің пайдалы нәтижелерін тез әрі орынды таратуға –тиімді танымалдау қызметін қажет етеді.Барлығын тез,асығыс жасауға болмайды.Білім берудің дағдарысына талдау жасағанда жаңа ашылымдарды енгізудің келесі талаптарын ұсынады.
Білім берудің басқарудың модернизациясы.Білім беру жүйесіне жақсы дайындалған басшылар,қажетті ақпараттарды білетін,қазіргі құралдарға,зерттеулер мен есептеулерді талдай алатын,сонымен қатар,кеңесті пайдалана алатын жетекші мамандардың қолдауы қажет.Білім беруді шаруашылықтың мардымсыз салаларынан заман талабына сай білімге айналдыру әзірге тек ынта-ықылас күйінде ғана қалып отырады.Басқаруды жетілдірусіз білім беру дағдарысы тереңдей түседі.Білім беруді басқарудың модернизациялық жүйесі үшін басқа салалардан (ұғымдарды және жүйелік талдаудың әдіснамасы қабылдау мен оның перспективалық жобалауға қатыстылығы)көптеген пайдалылықтарды ала тұруы мүмкін.
Педагогикалық мамандарды модернизациялау .Қазіргі педагог уақытпен бірге жүруге:еңбектің өнімділігін арттырып,ғылым дамуы мен педагогикалық тәжірибелердің жаңа ашылымдарының жетістігін қадағалауға мүмкіндіктері жоқ.Оның бұған дейін де мұндай мүмкіндігі болған жоқ. Оның ілімдері мен біліктілігі болашақтың емес,артта қалған,өткен шарттарға жауап береді.Егер оның басқаларға қарағанда дайындалуына көп жағдай болсада,өзінің ілімін пайдалану мүмкіндігі шектеулі екендігіне көз жеткізуіне болады.Оның кәсіби өсуі көптеген қиындықтарға толы,әсіресе ол жалғыз орналасқан ауылдық мектептерде туындайды.Өйткені,оның кәсіби шеберлікте өсуі,шындығында,ешкімді алаңдатпайтыны сөзсіз.Ерекше назар аударылған жағдайда мұғалім анда-санда келіп тұратын инспектордан және тура өзі сияқты қоғамдағы «біліктілікті жетілдіру курстарыны»қатысатын шеттетілген әріптестердің ескі идеяларды уайымдауы мен алақандарын жиі-жиі үйкелеуінен қолдау табуы мүмкін.Осымен бітеді.Уақыт өте келе ол баруды тоқтатып,бұрынғы өзінің ұйқылы ояу және қызықсыз өміріне қайта оралып,өз оқушыларын бұрын өзін қандай әдістермен оқытса,ол соған қайта оралары сөзсіз.
Педагогикалық мамандықтарды дайындау жүйесіне,педагогика аясындағы зерттеулерге жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейінше,түбегейлі өзгерістер жасамайды,ол интеллектуалдық тұрғыдан бай әрі батыл болмаса,әрі бастапқы дайындықпен шектелмесе және барлық оқытушылардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру жүйесін білім беру жүйесіндегі модернизацияға айналдырмай,ол туралы айту да және армандау да мүмкін емес екені анық.Осы талаптарды ескере отырып жүргізілген білім берудегі реформалар білім беру аясындағы талантты мүшелерді тарту үшін жақсы мүмкіндіктер ашып,оқытудың ішкі жүйесінің міндеттерін жаңаша бөлуге жол ашып,педагогикалық таланттарды өсіруге және оқыту үдерісінде оларды тиімді пайдаланады.
Егер де осындай күн туған жағдайда мұғалімдер мен оқушылар жүйенің төлемін ақтамайтын педагогикалық таланттарды таптау немес аластатып екі факторлардан өздерінің күнделікті қазіргі және өткен бірқалыпты жұмыстарынан қуана қоштасар еді.
Білім беру үдерісін модернизациялау.Білім берудің ежелгі жүйесінің құрбандары болатын бірінші кезекте,мұғалімдер емес,оқушылар болып табылады.Оқушы мектепке келгенде өмірдің барлық құбылыстарына оның табиғи қызығушылығы басым болады.Оның барлық сұрақтарына жауап беруге үздік оқытушылардың,жоғары білімді ата-аналардың ілімдері,тіпті Сократтың ақылдары да жетпес еді.Сондықтан бала ақырындап өз сұрақтарының барлығына мектеп қабырғасынан жауап ала алмасын түсінеді.Егер де өз сұрақтарына қандай да бір жауабын тауып жатса,ол жер,балалардың ойын алаңының бұрышынан табылуы мүмкін,ал жауапты «нағыз оқытушы» немесе өзінен бір жас қана үлкендігі бар оқушы беруі де мүмкін.Сондықтан мектеп өзі сұрақ қойып,ал оқушының өзі «жақсы оқушы»болуы үшін дұрыс жауапты беру қажет екендігі анықталды.Егер ол өз құрдастарынан жауапты жылдам,тез беріп үйренсе,кейінірек,оған тартымсыз бола бастайды.Ал егер бала оны жай меңгере бастаса,онда ол құрбыларының артында қалып қояды.
Бірақ та,дәстүрлі әдістердегі оқыту мен меңгерудің қанағаттанбауына қарағанда,өзінен-өзі жақсы нәтижелер беретін қандай да бір тәсіл,әдіс немесе құралдың бар екендігі күмән тудырады.Кез келген жұмысты жақсы орындау және шығынсыз болуы үшін оқытудың жаңа жүйесін жасау және үйлесімділікте барлық әдістер мен қорларды пайдалануды меңгеру қажет.Африкалық ауылды мекендерінің есептеу машиналарының пайдалы екендігін білсе де оқытуда алуға мүмкіндіктері жоқ.Мұндай жағдай,америкалық ауылды мекендерде де уақытша эксперимент жасамаған жағдайда кездесуі мүмкін.Жағдайларға байланысты тіпті ескі бөтелкенің тығыны,түймелер және арқанның үзінділерінің өзі де тиімді оқу құралдары болуы мүмкін.Оқыту үдерісінің педагогикалық және экономикалық тиімділігін көтеру үшін қаржылық қор мен ең өздік мұғалімдер санының көп болуы,білім беру жүйесінде болуы міндетті емес екендігі күмән тудырмайды.Тіпті кейбір жағдайларда қарапайым жетілдіру күнделікті оқыту машинасында-оқулықтар-істі түбегейлі түрде өзгертуі мүмкін.Әрине,мұнымен тоқтап қалуға болмайды.Сондықтан мұғалімдерді дайындау мен жетілдірудің жаңа орталықтары,мекемелердің болуы тек қана тиімді болып,оқытудың жаңа жүйесі жасалынып,осы жетілдірілген жүйені енгізуге қажетті оқу және басқа құралдар жасалынады және шығарылады.
Білім берудің қаржылық жағдайын бекіту.Осы кезге дейінгі біздің ұсыныстарымыз қосымша қаржы жұмсаудың қажеттілігі туралыц және өнімділігіне байланысты болса қазіргі кезге қарағанда,болашақ білім беру жүйесі қандай әрекетті болса да,олар өздері ала алатын қаржыдан да жоғары ақша қорын талап етеді.Өте қымбат білім беру дұрыс емес (сапасыз)болуы мүмкін,ал жақсы (сапалы)білім ешқашан арзан болмасы анық.Ал әлем жақсы білімд адамдарға зәру болып келеді.
Білім беру жүйесінің саны көп мөлшерде ассингті мүмкіндігінің шегіне келіп,бұл олардың қаржылық жағдайын жақсартуға болмайды деген сөз емес.Білім беру жүйесінің бүгінгі таңдағы қиындықтары бар әдістер мен оларды қаржыландыру көздеріне байланысты болуда.Оқытудың әдіснамасы оқытудың бір немесе екі әдістерімен шектелмейді,сонымен қатар ,қаржылық саясатта қажеттіліктің өсуі мен білім берудің дамуына байланысты ұлттық қордан ақша алу үшін қорлардың жиынтығы үлкен әрі жинақы болуы қажет.Сондықтан стратегияның тағы бір элементі ретінде білім беруді қаржыландырудың қосымша көздерін іздеуді ұсынуға болады.Ең алдымен шаруашылықтың кейбір салаларында қолданылатын түрлі әдістер мен қаржылық тәжірибенің тәсілдерін үйреніп алу қажет.Болашақтағы аса ауқымды дерек көздерінен қаржы тарту қоғамның кейбір дәстүрлі тыйымдарын мансұқ етуі талап етуі анықталды.Егер де біз жоғары ұстанымдарды басшылыққа ала отырып әрі қаржылық қиыншылықтарды ескермей жоғары білім беруді қамтамасыз ететін болсақ,онда біздің оған төлейтін өтеуіміз де сол болмақ.
Мектептен тыс білім беруге басты назар.Мектепке барған адамды білімді деп,ал бармағандарды білімсіз деп таралған және қызық көзқарасқа келісуге болмайды.Мәліметтер мұндай шектеулерді жоққа шығарады.Сонымен қатар,егер мемлекет ұқыпты салынған және әдемі сырланған мектептерде балаларға жартылай,ал ақталмаған үміттер мен құрметсіздікке көңіл аударатын жоғарыдағы айтылғандармен келісуге болмайды.Егер де кім шындап оқығысы келсе,оқушылар мен сынып тақтасы ғана бар жай сыныпта жетуге бола ма?Ұшқыр ой және жеке тәжірибелер,бұлай болуы мүмкін емес дейді.Бірақ та,бұндай көңілге қонымсыз негізде барлық елдердің білім берудің практикасы мен саясаты қалыптасуда.
Мектеп пен мектептен тыс оқытудың шекараларын қайта қарастыру қажет,бұл дағдарысты жеңуге ықпал етері сөзсіз.Көптеген елдерге танымал үлкендерді оқыту түрін дамыту қажет.Бірақ та бізді қызықтыратын мәселе,оқытудың жаңа формасын іске асыруда осылар жеткілікті ме әлде жаңа ашылымдар мен тәсілдерді талап ететін құрметсіздікті жою бойынша шешуші қадам жасау болады.
Осы уақыт пен ынтаны талап етеді;миллиондаған жеткіншектер мен ересектер осы уақыт пен ынтаның жеткілікті болмауы себепті мектепке түсе алмайды.Сонымен қатар оларға оқу үшін де материалдар қажет.Қазіргі кездегі байланыс пен көбейтуші құралдар оқуға сусындағысы келген адамдардың білім беру жүйесінің талаптарын қанағаттандыруы мүмкін.Әрине барлық адамдарды оқу қызықтырмайды.Күшті еркі мен энергиясы жеткілікті адамдар ғана өзін өзі оқытумен айналысуы мүмкін.Бірақ та,өткен көптеген атақты тұлғалар «бір шырақтың жарығымен»оқып,өз күштерімен таңғажайып нәтижелерге қол жеткізгенін есімізден шығармауымыз қажет.
Алдыңғы беттерде,біздің көзқарасымыз бойынша білім беру дағдарысын жеңуге бағытталған стратегияның қамтылуы тиіс негізгі мәселелерге тек жанамалай түрде тоқтадық.Мамандар осы айтылып кеткендерге ұсыныстар жасап,іске қатысты пайдалавр немесе оның практикалық емес деп кейбірінен бас тарттық.Әрине осы ұсыныстарды жүзеге асыру оңай емес.Егер де бұған қол жеткізу мүмкін болмаса,біз оған неге ұмтыламыз?
78бет соң кездесетін негізгі пәндерден тұруы қажет. Егер елдегі үлeci басым ауыл шаруашылығы жайында сөз қозғалса, онда бағдарламада оқушыларды біршама мүмкіншілік бар болашак мамандыққа дайындайтын материалдьң басым болуы аса маңызды. Егер де мұндай елден білім беру жүйесі тек дәстурлі классикальқ білім беретін болса, онда олар тек жұмыссыздар қатарын толықтырады.Өнер кәсібі дамыған елдерде оқушыларды өздері өмір сүріп, жұмыс icтeyiнe тура келетін өнеркәсіптік әлемін барлық күрделі мәселелерше тарту маңызды. Барлык елдерде олардың даму шамасына карай арнайы білімге сұраныс арта түсуде, дәстурлі классикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларға арнайы курстарды көбірекенгізіп, өзгерту керек. Алайда, оқудың кәсіби бағытына әуестенуден сақтанған жөн. Әpбip оқушы танысуға тиісті аналитикалык құралдардың белгілі бip минимумы және интеллигентті, білімді және өзi мен қоғам туралы анык ойы бар адам болуы үшін білуі тиіс білімнің белгілі бip минимумы бар.Өзге де мәселелер сияқты арнайы және жалпы білім мәселесі - бұл дұрыс карым-катынас мәселeci, дегенмен мұнда оқу бағдарламасының оқушылар мен қоғам сұраныстарына сай болуының маңызы зор.
1. Оқу мазмұны мен әдістері тығыз байланыста жәнебір біріне әсер етеді.Жаңа техникалық кұралдардың оқу әдiстepiciне тартылу шамасына қарай жаңа әдістер пайда болып отырады. Көрсетімді мектептерді мек¬теп жуйесіндегі жаңа оқыту әдітерін пайдалану жолдарын керсетуші ретінде карастырған жөн. Оқу курсы мен техникалык кұралдарды өзара бейімдеу жолында жұмыс істеушілер ушін арнайы дайындық бағдарламалары және жаңа байланыс және ақпарат алмасу кұралдарының әлемдегі оқушыларды жақсы оқыту ушін жаңа перспективалар ашуына карай оқу жоспарлары мен әдістерін осы жаңа оқыту құралдарына бейімдеу қажет болады.
2. Педагогикалык үдерісті жетілдіру қиындыктар қатарының маңыздылығын бірінші кезекке шығарады. ЮНЕСКО-ныц бас директоры Рене Майо ағарту icінің бюджетінің 2% зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жұмсауды ұсынған. Ағарту icінің қолөнерлік өндіріс ретінде калуына мүмкіндік жок, ал оны дамыту және жаңарту үшін ғылыми зерттеулер керек. Жоғарыда атап өткеніміздей, білім беру - өз тәжірибесін пайдалануы жоққа тән жалғыз сала. Соның өзінде жетістікке жеткендердің өз тәжірибесін өзгелерге тапсыруы ушін бұл тәжірибе халықаралық ауқымда зерттеліп, таратылуы тиіс.
Әрине, мұнда ұсынылған жетістіктер білім беруге бөлінетін қосымша қорлардың көмегінсіз қолданысқа енуі екіталай. Мүмкін болатын кейбір түсім көздерін зерттеген дұрыс.
1. Атап өткендей, білім беруге каржы бөлу ұлттык бюджеттерге жан-жақтан қойылатын талаптарға карсы шығатын саяси шешімдер та¬лап етеді.Қaзіргі кезде әлемдегі барлық елдерде ұлттық бюджеттен қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 150 млрд құрайды. Яғни, осы мақсатқа бөлінген қордың бір бөлігі білім беруге бағытталса, білім беруге бөлінетін каржының айтарлықтай артуы мүмкін еді.Тіпті, қаржының 10% білім берудің пайдасына қайта бөлінсе, мұнда айтылған ұсыныстардың бірталайын icкe асыруға болар еді.Өкінішке орай, мұн¬дай қайта бөлулерге жол берілмейді Мұның өзі әлемде қандай жұмыс саласының әлі күнге дейін басты екенін анық көрсетеді. Мүмкін, оқу орнының басты міндеті - көптеген халыкаралық қақтығыстардың негізінде жатқан қорқыныш, үрей, түсінбеушіліктен арылту ушін оқуды осындай кызықты және әсерлi ету болар.
Барлық дерлік аса дамыған елдер қару жасауға орасан қаражат жұмсайды. Бұл елдердің бірінші кезектегі сұраныстарын қайта қарастыру дамушы елдерге ресурстар бөлу қажеттілігіне назар аударуды шыңдар eдi. Рене Майо дамыған елдерден дамушы елдердегі ағарту iciнe бө¬лінетін 1 млрд долларды екі еселеуді ұсынған болатын. Бұған қазірдің өзінде қол жеткізуге болады.
2. Білім беру саласын тiкeлeй қолдауға арналған жеке қаражат көздері бүгінгі күнге дейін негізінен қозғаусыз қалып келеді.Әpбip елде осын¬дай көздер мұқият зерттелуі тиіс, сонымен катар олар жеке қаражаттар ағымын білім беруге жұмсауы ушін заңдарды қайта қарастыру қажет.
Көптеген елдерде өнеркәсіптен немесе оқу орындарының бұрынғы түлектерінен көмектердің түсу мүмкіндіктерін зерттелмеген, техникалық оқыту бағдарламаларын және жастарды оқытуды қаржыландыру ушін кәсіпкерлерге салық төлету керек. Оқу ушін ақы төлеу тұрмысы төмен адамдарға бөлінетін шәкіртақымен үйлесімді өтпелі шара ретінде қол- данылуы мүмкін. Мұндай қаражат көздер қосымша қор ретінде ғана емес, сонымен қатар мемлекет тарапынан білім беруді аса қатаң қадағалауға қарсы тұру үшін де аса маңызды.
3. Қолда бар қаражат байыппен,тиімді қолданылуы тиіс. Шектеулі қорлар мен шексіз қиял болғанда көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Орталық үкіметтің каржы бөлуi тұрғындар көмегімен жаңа мектептердің салынуын мадактай алады.Үй шаруашылығында, заводтарда,тіпті түрмелерде қолданылмай қалған энергия мен білімді салыстырмалы аз ғана шығынмен білім беру саласын дамытуға болады.Кішігірім және әлсіз институттардың көпшілігін біріктіріп, бipнeшe толыққанды оқу орнын кұруға, соның нәтижесінде біршама қаражат үнемдеуге болады.
Қымбат кітапханалар мен зертханалар санын қыскартуға мүмкіндік беретін техникалық құралдар жасап шығару қажет. Алайда, қорлардың саны артуына қарамастан, білім беру жүйесінің қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға ақша жеткіліксіз болады. Тек ақшаға үміт артуға болмайды, ceбeбi мұның соңы білім жүйесін нығайту шараларын мәнсіздендіруге, даурығуғанегіз болуы мүмкін. Нәтижесінде біз қалыптастыруға тырысқан білім беру негіздері бұзылуы мүмкін. Саяси қызметкерлер сайлау алдындағы өздерінің білімге қатысты уәлделерінде ұстамды және шынайы болулары тиіс.
Е. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
80-81бет Сырттай қаржылай көмек халықаралық мәдени ынтымақтастықтың бip бөлiгін ғaна құрағанымен, оның жоғары дәрежелі мәні маңыз¬ды. Дегенмен, дамушы елдер шетелдік қаржылай көмекке зәру болып отырған кезде, оның көлемі біршама азая бастады. Келер үш-бес жылда сырттан білім беруге бөлінетін сырттай көмек қaзipгi деңгейден ең кемінде екi есеге артуы аса қажет. Донор елдер қосымша көмек беруге келіскен жағдайда, бұл қаражатты оларға бөлген жағдайда, мұндай шараға қол жеткізуге болар еді. Дегенмен, шетелдік көмек көлемін ғана арттыру жеткіліксіз. Оны біршама тиімді ету қажет. Бұған төрт шартты сақтағанда қол жеткізуге болады:
1. Көмек көрсетуші және оны қабылдаушы тараптар көмек стратегиясын бipгe мұқият қалыптастыруы және жеке жобаларды каржыландыру кезегін белгілеуі тиіс.
2. Көмек көрсетудің перспективалы жоспарының негізгі бағыттарын жасау үшін тараптар сырттай қаржыландыруды талап ететін түрлі жобаларды жүйелі бағалауды жүзеге асыруға болады.
3. Көптеген қаражат көздерінең көмек ұйымдастырған жөн.
4. Көмек алған елде білім берудің дамытудың мұқият жасалған жоспары болуы тиic.
Әрине, сыртқы көмекті қолдану тәртібі әр елде әртүрлі. Дегенмен, барлық жерде жоғарыда аталған жоспарлы білім беру, жаңалықтар енгізу, оқу жоспарларын және бағдарламаларын қайта қарау, білім беру басшылығын нығайтып, жетілдіру, педагогикалық кадрлар даярлау жүйесін, оқу материалдары мен зертханаларды реформалау, ауылдарды өзгертіп, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, халықаралық мәдени алмасудағы білімнің ролін күшейту сияқты факторларды есепке алған дұрыс. ЮНЕСКО, Дамудың халықаралық ассоциациясы шеңберінде негізгі халықаралық бағдарламалар, БҰҰ бағдарламалары нақты бағасын алуда және олар нақты стратегиялар жасауға әсер ете алады. Жалпы көмек көлемінің 90% жуығы білім беруге бөлінген қаражаттан тұратын көптеген екі жақты бағдарламаларды өзге әлеуметтік, экономикалық және әскери көмек түpлepiнeн ажырату мүмкін емес. Текжалпы көмектің құрамындағы білім беруге бөлінген көмек дербес бап ретінде бөлінген жағдайда ғана рационалдың стратегияны қолданып, донор елдердің қоғамдық қолдауымен қамтамасыз етуі мүмкін болады.
Көмектің екіжақты және көпжақты каналдарының жетістіктерімен қатар кемшіліктер де бар. Алайда, үшінші, қолданылмаған, мұқият зерттелуі тиіс жол да бар.Әңгіме кейбір ipi дамушы елдердің немесе кiшігірім елдердің жекелеген топтарының сұраныстарын қанағаттандыру үшін халықаралық және ұлттық ұйымдардың күшін координациялауға көмек көрсету бойынша оларды біріктіретін консорциумдар немесе консультациялық топтар кұру жайында болып отыр.
Кітапты неден бастасак, сонымен аяктай отыра, білім беруді дамыту халықаралық сипатқа ие болғанын баса айтқымыз келеді. Бұған барлық елдер мүдделі. Бұл жерде әрқилы әрекеттер көмектесе алмайды. Тек барлық елдердің біріккен күштерінің көмегімен білім берудің әлемдік дағдарысын тізгіндеуге болады.
Қорытынды ретінде бұл жолы соңғы сөйлемді жазуымызға болады.
Қазіргі замандағы әлем XXI ғасырға аяқ басқандықтан, ағарту iciнiң халықаралық жылын жариялағанымыз жөн болар еді.Әрине, бүкіл әлемнің назарын аударған күнде де жыл бойында білім беру саласы дағдарысының бар мәселесін шешу мүмкін емес. Дағдарыс әлi де көп¬теген жылдар бойы жалғасын таппақ. Дегенмен, осы жолда күш біріктipy әлемдік қоғамның энергиясына қозғау салып, білімнің лайықты орын алуына көмектесетін бастамаларға түрткі болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет