Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет76/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
УИЛЬЯМ ТЕЙЛОР (Ұлыбритания)
Уильям Тейлор Біріккен Корольдік –Лондон университетінің педагогика факультетінің директоры.1973-1983жж.-Лондон университетінің Педагогика институтының ректоры.ХЕЧ-ЮНЕСКО сарапшыларының мұғалімдер мәртебесі туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Бірлескен Комитетінің мүшесі.Бұрын Бристоль университетінің педагогика саласындағы профессоры, білім және ғылым министірлігінің ғылыми кеңесшісі болған. Бірқатар ғылыми жұмыстардың “ The Secondary Modern School”, “Society and Education of Teachers”, “Towards a Policy for the Education of Teachers”, “Heading for Change”, “Research Perspectives in Education”, “Teacher Education” авторы.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ
«Ең алдымен мен осы мақаламда педогогикалық білімнің дамуына қатысты бүгінгі заманғы кейбір негізгі үрдістерді атап өткім келеді, содан кейін мұғалімдер даярлау саласында осы үрдістермен байланысты жеке бағыттарды екшеуге және сипаттауға әрекет жасап көремін». «Алданғы еңбектерімде (Тейлор 1974,1979) мен ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттеріндегі педогогикалық білімнің бес деңгейін атап көрсеткен едім: оқушылар орта білім беретін мектепті бітірместеп түсетін қалыпты мектеп (педогогикалық училище), «білім туралы бірінші куәлікке естихандар тапсырудың» нәтижелері бойынша толық ора білім алуды аяқтағанға дейін(әдетте 16 жаста) даярлық басталатын қалыпты
мектеп, педогогикалық даярлықтың орта білімнен кейінгі екі немесе үш жылдық бағдарламасы бойынша оқытатын колледж; дайындық кезектілікпен (диплом, содан кейін мұғалім мамандығын алу) немесе қатар (бір мезгілдегі жалпы және кәсіби даярлық ) жүргізілетін, үш жылдан бес жылға дейінгі оқу курсы өтетін университет, ең соңында баламалы аталатын бағдарламалар – олардың кейбіреулері жаңашылдық сипат алады және мәселен, мектептегі практикалық жұмыстың едәуір көлемін немесе түрлі жобаны жүзеге асыру жөніндегі жұмысты көздейді.
Екіншіден, экономикалық құдыраудың салдарлары, әйелдердің еңбегін анағұрлым кең ауқымды пайдалану, некеге кешірек тұру мен бала туу- осылардың барлығы педогогтар сұрапталуының азаюына септігін тигізеді; демек олардың әлеуметтік жұмылғыштығы мен қызметте өсу мүмкіндігін төмендетеді.
Үшіншіден, «заңдастырылған кәсіпқойлыққа» қатысты сақталып отырған (әйтсе де кейде бұрмаланып түсіндіріледі) үрдіске сәйкес, сондай-ақ мұғалімдер аса тапшы болған кезеңде мектепке келген көптеген педогогтардың даярлық пен шеберлік деңгейінің төмендеуінің салдарынан, педогогикалық оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптар артып, оқу мерзімі ұзартылды және оқу бітірушілерге әлдеқайда күрделі талаптар қойыла бастады.
Төртіншіден, ықпалдары бұқаралық ақпарат құралдары мен қолжетімді көшілікке танымал басылымдар арқылы күшейтілетін түрлі әлеуметтік бағдарды қыруар идеялардың болуы, кең ауқымдағы ғылами зерттеулерге сүенетін ғылыми институттардың өнімінің өсуімен үйлесіде саналуан теориялар мен көзқарастарды (тәсілдер) «жаңғыртады» да,ол оқу бағдарламаларына, педагогикалық ой мен мұғалімдер даярлау курстарына баға беруге әсерін тигізеді.
Бесіншіден, мұғалімнің рөлі өзгереді. Онжылдықтар арасыда мұғалімдердің алдында тұрған міндетдер, оқушылар дамуының- танымдық, эмоциялық, даралық аспектілері туралы айтпағанның өзінде, денсаулығы мен әл-ауқатын, ата-аналармен және қауыммен байланыс орнатуды ойлауды қоса алғанда, ұдайы кеңейте түсті. Осындай көзқарас Батыс Еуропаның негізгі бөлігіне қарағанда, ағылшын тілді елдер үшін көбірек тән болды, бірақ мұғалімдер даярлау проблемасын талқылау кезінде мұндай көзқарас көптеген елдерде көрінді.
Қоғамның мұғалімнің рөлін белгілеуі педагогикалық білім бағдарламаларын әзірлеу мен жүзееге асыруда шешуші рөл атқарады. Осы рөлді белгілеуде өз көзқарастарын қоғамның мүдделерімен жиі ұқсастыратын түрлі діни, саяси, өнеркәсіптік, коммерциялық және педагогикалық орталар ықпал етті.
Экономикалық құлдырау, ғылым, өнеркәсіптік өндіріс сияқты салалардың дамуындағы айтарлықтай алшақтықты, еңбек пен оқу бағдарламаларына қатынасты сезіну, таптық көзқарас пен қоғамдық қатынастардың талдауына қатысты жан-жақты қызығушылықтың жаңғыруы, өнеркәсіптік дамыған және дамушы елдерді,дәулеттілер мен жарлыларды бөлетін проблемаларды тереңірек түсіну, әлем жұртшылығының қоршаған ортаның ахуалына алаңдаушылығы, білімнің тиімділігіне күмән келтіру – осылардың барлығы мұғалімнің рөлін белгілеу кезіндегі ерекшелеулердің ауысуына септігін тигізді.
Алтыншыдан мұғалімдерді оқыту бағдарламасы туралы ескерту керек.Егер осы саладағы мамандар бағдарламаға жы сайын,тұрақты енгізіліп тұратын өзгерістерді байқаса да, ал былайғы жұртқа оның құрылымы мен мазмұны ұзақ уақыт бойы өзгермеген сияқты болып көрінеді.
Қағида бойынша, болашақ мұғалімдердің шағын бөлігінің ғылымның тиісті салаларының дамуына елеулі үлес қосатын оқытушылардың жетекшілігімен өз маманығының пәнін меңгеруге мүмкіндігі бар.
Қалыптасқан көріністі белгілі дәрежеде оңайлатуға тәуекел ете отырып, былай белгілеуге болады, ағылшынша сөйлейтін елдерде «педагогика курсы» (education cource) деп аталатын, мұғалімдерді даярлауға қатысты осындай маңызды пән дамудың үш сатысынан өтті.
Соғыстан кейінгі кезеңде әлеуметтік саласында мамандық алған адамдарды кеңейтілі түскен педагогикалық институттарға қабылдау мынадай өзгерістер әкелді, педагогика курсының жеке элементтері дербес оқу пәндеріне бөлінді, мәселен, педагогиканың тарихы ,білім (оқу )философиясы
білім (оқу )социологиясы, педагогикалық психология, баланың дамуы.Бұл кәсіптік – педагогикалық дайындықтың деңгейін көтерді, бірақ білім көлемінің ұлғаю шамасына қаарй әрбір оқып үйренетін салада оңтайлы мазмұн іріктеуге байланысты проблемалар да өзекті сипат алды.
Жетіншіден, көптеген елдерде педагогикалық дайындық курсын аяқтағаннан кейін мұғалімдердің біліктілігін көтеру проблемасына көбірек көңіл бөле бастады. Осы құбылыстың әр түрлі атаулары бар: үздіксіз білім алу,өндірістен қол үзбестен оқу, кәсіби мамандық бойынша даму.Жаңа мұғалімдер легінің азаюы кезінде, педагогикадапайда болған жаңаның барлығын жұмыс істейтін мұғалімдер іске асырулары тиіс.
«Оқу бағдарламаларын ұтымды жоспарлаудың» күмәнді жетістігі 1960-шы жылдарда оқудың жаңа бағдарламаларын жасаушылардан жаңа көзқарастармен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін анағұрлым мұқият ескеруді талап етті.Педагогикалық оқу орындарына қабылдаудың қысқаруының есебінен босаған қаражаттарды мұғалімдердің білікті арттыруға жұмсауға болады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген елдерде мұғалімдердің біліктілігін арттыру проблемасына соншама үлкен назар аударылады.
Алайда, мұнымен қатар өмір бойы білім алу аясындағы кәсіби даярлықтың түрлі кезеңдерін қарауға ұмтылу жойылды. Қазір жағдай өзгеруде,енді оқуда да озат,сондай-ақ мұғалім дәрежесіндегі жұмыста да жетістіктерге жетуі мүмкін абитуриенттерді іріктеудің тиімді жолдарын іздестіру көбірек көңіл бөлінуде.
Сегізіншіден, бастауыш және орта мектептерден тыс жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби даярлықтарына барған сайын көбірек назар аударылуда.
Қазір көптеген университеттер мен колледждерде оқу – әдістемелік топтар құрылған, олар дайындық сабақтарын жүргізеді және бейресми, ерікті негізде педагогикалық қызметкерлер құрамына кеңестер беерді. Олар жоғарғы оқу орындарында оқытудың әдістемесі бойынша курстарды бітіргеннен кейін дипломдар мен куәліктер береді, бірақ осындай мекемелерге жұмысқа тұрған кезде, әлгі құжаттарды талап етпейді. Бұрын кішкентай жастағы балаларды оқытуда ойдағыдай тәжірибе жинақтаған адамдардың ересектеу оқушылармен жұмыс істеуге құлшынбайтындары педагогикалық колледждерден айқын көрінді, колледждерге оқытушылардың көпшілігі мектептен келді.
Әңгіме тек қызықты және түсінікті мазмұнда дәріс дайындау мен оқуда, студенттердің шағын тобының оқуын басқаруда немее зерттеушінің диплом алуымен аяқталатын зерттеулер бағдарламасын жүргізуде ғана болып отырған жоқ. Үздіксіз білім алудың дамуымен байланысты адамдар қауымдық оқу мен шағын топтардағы өзара іс- қимыл жөніндегі әдебиетпен жақсы таныс, онда мұғалімнің маман ретіндегі емес, ал көбіне шабыттандырушы ретіндегі, өктемшіл емес, «тәлімгерлік» рөлі атап көрсетіледі.
Ең соңында, педагогикалық біілм саласындағы қазіргі заманғы үрдістерге қатысты осы қысқаша шолуда, мұғалімдердің дайындығын жетілдіруге арналған ғылыми еңбектер санының өскені туралы ескерту керек.
Осы салада жіктелім жасау тәуекелдің ісі екеніне қарамастан, осындай ғылыми зерттеулерді теориялық және қолданбалы деп бөлуге әбден болады. Бірінші топқа оқу теориясы жөніндегі зерттеулер, білім философиясы, педагогика, бала дамуының тарихы және көбіне педагогикалық білім бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға байланысты, бірақ осындай бағдарламаларды жетілдіруді нақты мақсат тұтпайтын басқа да арнайы мәселелер бірінші топқа кіреді.
Педагогикалық білімді дамыту тікелей мақсаты болып табылатын жұмыстар қолданбалы ғылыми зерттеулердің екінші тобына жатады. Кейінгі онжылдықта олардың саныерекше өсті.Осы зерттеулер әзірше проблемаға жеткілікті тұжырымдалған емес, жеткілікті деңгейде дәйектелмеген және қорытындылары да жұтаң, сондықтан олар болашақ педагогтарды оқыту бағдарламалары, олардың мазмұны мен сараптық бағасы жағынан сенімді арқау бола алмайды. Педагогикалық білім бағдарламаларын әзірлеу ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне тек ішінара ғана негізделеді. Алайда жағдай баяу болса да, бірақ ұдайы жақсы жаққа қарай өзгеруде «сабақ беру өнерінің ғылыми негіздерін» жасау үшін күш – жігерлер жұмсалуда.
Білім саласында шешімдер қабылдайтын адамдардың алдында тұрған қиын шешілетін проблемалардың бірі жұмыс істейтін мұғалімдердің санымен және даярлауға қажет болатын мұғалімдердің санын ол қандай дәрежеде белгілейтінімен байланысты. Оқушылар санының кемуі мен білімге жұмсалатын мемлекеттік шығындардың азаюы билік басындағыларды нақты жас топтармен жұмыс істейтін «жалпы бейіндегі » педагогикалық қызметкерлер құрамын бұрынғы деңгейде сақтау немесе тіпті қысқарту туралы айтуға итермелейді. Сыныптағы бала санын азайтуға бағытталған кәсіподақтар мен мұғалімдер қауымдастықтарының күш- жігерлеріне қарамастан, бүгінде білім беруді жетілдіру және дамыту ісіне батыстағы елдердің көптеген үкіметтері мен мемлекеттік органдары тарапынан қолдау көрсетілмей келеді.
Бірқатар батысеуропалық елдерде қазір білікті мұғалімдердің тұтас қатары өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Солардың арасында бұрынғы мұғалималар – үй шаруасындағы әйелдер көп, олар жқмыс табудан күдер үзгендер, бірақ егер мүмкіндік берілсе, онда сол әйелдер толық немесе толық емес жұмыс күні бар оқытушылық қызметке тұрар еді.
Сонымен, білікті мұғалімдердің жалпы саны, ішкі мәселеде және салааралық жұмылғыштық жаңа мұғалідерді дайындау мен қабылдау мәселелерін қарау кезінде негізгі өлшем болып қызмет етуі тиіс, әрі еңбек ресурстары мен қаржылай қаражатар тұрғысынан ғана емес. Мұғалім қызметіне тағайындау жауапкершілігі аймақтық немесе жергілкті биліктерге немесе мектеп директорларына жүктелетін елдерде, бір жағынан оқушыларды қабылдау туралы жалпы мемлекеттік шешімдердің, екінші жағынан осы қызметке тәжірибелі мұғалімді қою керек пе немесе жақында ғана оқу бітірген жас маманды қою керек пе, осы мәселенің арасында сәйкессіздік туындауы мүмкін.
Бірқатар шешімдер мектепте, оқу пәндерінің ғылыми негізінде және оқу бағдарламасына енгізуге арналған білімдерді іріктеуді ұйымдастыруда болатын өзгерістерге қарай бағдарламаларды қайта құруды ұдайы қамтамасыз ететін мекемелердің қызметімен байланысты.
Жоғарыда айтылған орта білімнен кейінгі саралау, сондай- ақ кейбір елдерде байқалатын педагогикалық білімнен дербес сала ретінде бас тарту бірқатар жағдайларда жүйелі оқып - үйрену мен педагогикалық оқу бағдарламаларын қайта құруды қамтамасыз ететін күштерді күшейтудің орнына әлсіретуі мүмкін.Дайындық қосарлы емес, ал кезек тілекпен жүргізілген кездегі даярлық қысқа болуы ықтимал және болашақ мұғалімдердің арнайы білімдер мен машықтарды игермеу фактысы педагогикалық білімнің мазмұнын жүйелі зерделеу және оны ұйымдастыру мүмкіндігін әлсіретеді. Мұғалімдердің жетіспеу проблемасы өзінің өткірлігінен айырылған кезде, мұғалімдер даярлаудың барлық ісіне қоғамдық-саяси және кәсіби қызығушылықтың төмендеуі әбден мүмкін. Сондай-ақ тіпті өсу болмаған жағдай да, бұрынғысынша ынтагерліктің, баға мен құнды жаңа енгізулерді енгізудің қажет екенін ұмытады.
Педагогикалық білімнің құрылымы және оны ұйымдастыру көбіне әр елде өз көрінісін мектеп жүйелері мен мұғалімдердің алдында тұрған нақты міндеттердің сипатынан табатын тарихи және мәдени жағдайларға байланысты болады. Педагогикалық білім мәселелері бойынша халықаралық деңгейде пікір алмасу мүмкіндігі осы уқытқа дейін үш фактормен шектеліп келді-тіл,әлеуметтік мәдениет және индустрияландырумен жаңғырту деңгейлері. Еуропалық педагогикалық білім қауымдастығын құру, түрлі еуропалық ұйымдардың, мәдени ынтымақтастық кеңестің экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының және ЮНЕСКО-ның педагогикалық білім саласында ұдайы жұмсайтын күш-жігерлерін, содай-ақ түрлі еуропалық елдердің бірқатар кәсіптік ұйымдпрының арасында байланысты орнату сияқты іс шараларды қолдану керек.
Осындай күш-жігерлер Еуропаның лингвистикалық және мәдени дәстүрлері бойынша әр түрлі елдердің арасындағы педагогикалық теория мен практика саласында ақпарат алмасуға кедергі жасайтын тосқауылдарды жоюмен және еуропалық ынтымақтастықтың негізін нығайтуға септігін тиізумен қатар осы дәстүрлер бұрынғысынша ықпалды болып қалатын еуропалық емес елдерге біріктіруші әсер етеді. Еуропаның да, сондай-ақ, еуропалық елдердің арасында және бүкіл әлемнің де аясында мәдени ынтымақтастықты дамытудың ықтимал жолдарын қарау кезінде педагогикалық білемге үлкен назар аударылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет