Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет33/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Еңбек тәрбиесі
А.С.Макаренко біздің мемлекет еңбекшілер мемлекеті,бізде «Кім де кім еңбек етпесе,ол ішіп-жемейді» деген принцип іске асып жатқанда,еңбек тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторына айналуға тиіс деп есептеген.Макаренконың үйретуінше адам еңбек үстінде тек жұмысқа даярланып қана қоймай,басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді,еңбекке бірлесе күш жұмсау,коллективте еңбек ете білу,адамдардың бір-біріне еңбектік көмегі және олардың бір-бірімен еңбек еті жөнінен байланысты болу сезімін тудырады.
Атақты педагог еңбектің ең зор пайдасы – адамның психикалық,рухани дамуына әсер етуінде деп түсінде. «Еңбектен туатын бұл рухани даму тапсыз қоғамның азаматын таптық қоғам азаматынан айыратын адам өзгешелігін құруға тиісті»,-деді ол.Еңбек тәрбиесінің міндеттері:балаларды еңбекті өзінің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету,қоғамдық-өнімді еңбекке қатынасуға даярлау.Бұл тәрбиенің негізгі жолы-балалардың өздерін тікелей еңбекке арластыру.Макаренко ұсынған балалрға қатысты еңбектің негізгі түрлері:өзін-өзі күту,семьядағы үй жұмысы,оқу тапсырмаларын орындау,мектеп және балалар мен жастар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы жұмыс,ауыл шаруашылығындағы,мастерскойлардағы,фабрикалар мен заводтардағы өндірістік еңбек.
Макаренко балалар еңбегін ұйымдастыру үстінде мынадай негізгі ережелерді сақтауды талап еткен:баланың күшіне сай еңбек тапсыру,еңбектің бір түрінде баланы көп ұстамай,оның өсіп дамуына сәйкес жаңа,бұрынғыдан күрделі жұмыстар жүктеу,тапсырылған жұмысты бақылау,оның ұқыпты орындалуын талап ету,балалардың ауыр,ыңғайсыз жағдайларда атқарған еңбегін мақтап отыру т.б.
Горький атындағы колонияда және Дзержинский атындағы коммунада тәрбиеленушілер ауыл шаруашылық жұмысын атқарған,жатақханаларын мәдени жағдайда ұстаған,мастерскойларда,фотоаппарат жасайтын заводта істеген,жергілікті шаруалардың егіс шаруашылығына көмектескен.Макаренко тәрбиеніңбұл түріне баланың әр нәресте атқаруға икемделе бастаған шағынан-ақ баулуды талап еткен.
Семья тәрбиесі
А.С.Макаренконың семья тәрбиесі теориясына қосқан үлесі мол,оның осы мәселе жөніндегі «Ата-аналар кітабы» және «Балаларды тәрбиелеутуралы лекциялар» балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді.Бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық үгіт жұмысынан бастап,оны өрістетуге және бүкіл тәрбие жұмысының құлаш жаюында ерекше рөл атқарды. «Семья-өте үлкен және аса жауапты жұмыс,бұл жұмысты ата-аналар басқарады,бұл үшін қоғам алдында өз бақыты және балалары алдында жауап береді»-деді Макаренко.
Макаренконың пікірінше,семья тәрбиесіне керекті басты жағдайлар:семьядағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы,дұрыс құрылған режим,ата-аналар мен семьяның басқа мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілікжәне сыйластық,ата-аналар мен ересек семья мүшелерінің шын беделінің болуы.Ал шын беделге негіз болатын жағдайлар:семьядағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс,ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоя алуы.Сүйтіп,Макаренконың көрсетуінше, семьядағы тәрбие жұмысының шын мәні балалармен сөз,үгіт жүзінде қатынас жасауда емес, семья мен балалар өмірін дұрыс ұйымдастыруда.
А.С.Макаренконың педагогикалық идеялары мен балаларға коммунистік тәрбие беру жөніндегі тамаша тәжірибесін біздің халқымыз жоғары бағалайды.Себебі социолистік педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері Антон Семенович Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми негізді,бай мазмұнды.Оның еңбектерінде жаңа адамгершілік қатынастардың адамға деген жаңа сенімнің талап қоюға негізделген қатаң тәртіптің, коллективтің ұлы күші айқын көрсетілген.
Макаренконың педагогикалық теориясы-совет педагогикасының өткен кезеңдегі тарихи мұрасы ғана емес,ол қазіргі совет мектебі мен басқа тәрбие орындарының жұмысына творчестволық тұрғыдан пайдаланылатын бағалы педагогикалық ескерткіш.
Макаренконың құнды педагогикалық ұсыныстарын жалпы білім мектебінде пайдалану мен біргее,кеңінен өріс алып дамыған басқа тәрбие орындарында (интернаттар,балалар үйлері,еңбек резервтері училищелері т.б),әсіресе социолистік тәрбие орнының жаңа типі-мектеп-интернарттарда ұқыпты түрде қолданылуда.
А.С.Макаренко өзінің артынан мол педагогикалық мұра қалдырды, оны 100-ге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар. Ата-аналарға арналған кітап» былай дейді: Тәрбие туралы жазудың қиындығы жоқ, тәрбиелеудің жолын көрсетіп, кеңес берсем болар еді. Ондай кітапшада көп нәрселердің бетін ашуға болады. Ал көркем шығарма жазуға оның иллюстрациясына, жазуына, балалардың ойын суреттеуге, түрлі әңгімелерге көп уақыт кетеді және т.б. Мен неге көркем шығарма жазуды қаладым? Бала тәрбиесі - өнер, ол сыбызғы немесе күйсандықты меңгерумен, сурет салумен, жақсы токарь болумен бара-бар. Жақсы суретші, музыкант, токарь болу үшін баланың қолына қажетті бояау, құрал беріп, станоктың жанына тұрғызу керек. Тәрбие өнерінің кемшілігіне келсек, оған үнемі тәжірибе мен мысалдарды қолдану қажет.
Отбасында ұлдар мен қыздар ата-аналарынан болашақ тәрбие жұмысын байқаусыз меңгере бастайды, олар педагогикалық өнерді үлгі, мысал, көрсету арқылы игереді. Сондықтанда мен «Ата-аналарға арналған кітапты» түрлі мысалдарды қолданып, көркем шығарма түрінде жазуым керек деген шешімге тоқталдым.
Мен неліктен осы тақырыптан қорықтым? Өйткені мұндай тәжірибе орыс немесе басқа әлемдік тілдерде болмағандықтан, мен жүрексіндім. Осындай кітапты жазып шығуға менің батылым жете ме?- деген ойда болдым. Сөйтсем де, мен осындай кітапті басқаларға пайдалы болмақ деген оймен жазып шықтым. Мен үнемі ата-аналармен кездесіп, олардан мың жарымдай хат алыстым, онда олар менің кітабымды не мақтап, не сынамады, бәрі өз балаларының жақсы немесе жаман іс-қылықтарын жазады. Неге олай болды? Олар түрлі сұрақтар берді, бұл жазушы мен оқырмандардың хат алысуы емес, бұл ата-аналар мен педагогтың хат алысулары еді.
Міне, осы хаттар мен кездесулерден соң, бұл мәселенің терең және маңыздылығын байқап, өзімнің міндетті екенімді сезіндім. Оқырмандар менің жазуымның қандай екенін келешекте айтып, жаза жатар және менің қолымнан келмесе, басқалар орнын толтырар деп ойлаймын.
Отбасы туралы мен не айтпақ болдым? Ең бірінші айтпақ болғаным, отбасы, ол ұжым, яғни ортақ мақсатқа, ортақ өмір, ортақ еңбек, кейде тіпті ортақ қайғыны бірге кешу үшін біріккен адамдар тобы. Менің айтқым келгені, кеңестік отбасы еңбек ұжымы болуы тиіс.
Екіншіден, менің көрсеткім келгені, осы ұжымның құрамына қатысты мәселе.
Бұл құрылымда мені қызықтырған не? Ең маңыздысы отбасының көлемі. Мен өзім көп балалы отбасыны қолдаймын. Мен кітапта Веткиндердің отбасын сипаттаймын, ол өте күрделі отбасы, - мен ештеңені ойдан шығарған емеспін, айтқанымның бәрі өзім бақылаған көптеген мысалдардан алынды. Веткиндер отбасы, менің досымның отбасылық өмірінің суреттелуі, әрине мен олардың аты-жөндерін өзгертіп алдым, ол маған өз отбасы туралы жазуға рұқсат берді.
Үлкен отбасылар өмірлік күресті, жоғалтуды, келеңсіздіктерді бастарынан өткізсе де жақсы отбасы болып қалыптасады. Ондай отбасылардың ерекшелігі әкесі мен анасының дендері сау, еңбек адамдары болуынан, маскүнем емес, бірінің көзіне бірі шөп салмайды, бәрі бірқалыпты тату-тәтті өмір сүріп жатқан үлкен отбасылар болуынан, бұл өте тамаша құбылыс, осындай отбасылар көптеп кездеседі, ол отбасыларында жақсы адамдар тәрбиеленіп шығуда. Мұндай отбасыларында 12-14 балалар шуылдап, алысып –тартысса да, қиындық-реніш көрсе де, бірімен-бірі тату, қуанышты бірге бөліскен жақсы ұжым болып қалыптасады.
Үлкен отбасын кітапта сипаттау мақсатым, Веткиннің тәрбиелеген балаларына қарап үйрен дегенім емес, үлкен отбасын құруға қызықтыруды көздедім. Менің мақсатым осы – үлкен отбасына қызығушылық тудыру, үлкен отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлу, ал қалай тәрбиелеу керектігін басқа томдарда айтпақпын.
Сол сияқты бір балалы отбасын да сипаттап, бір баланы тәрбиелеудің күрделі тұстарын көрсетіп, бір баламен шектелуге болмайтынына тоқталдым. Көпшілік арасында таралған ой: «бір бала болса жеткілікті, тоқтат!» Оны жақсы киіммен, тамақпен қамтамасыз ету керек. Әрине, бұл дұрыс емес. Ол жалғыз, айналасында нағыз қауым жоқ. Соның нәтижесін көрсеттім. Бұл да отбасы құрамына қатысты нәрсе.
Отбасының құрылымы туралы мәселе, отбасы ажырағанда да пайда болады. Жұбайлардың біреуінің басқа отбасына кетуі, ауыр құбылыс. Мен бұрынғыша қалыптасқандай отбасында ешнәрсеге қарамай-ақ бірге тұрудың қиын екенін жақсы түсінемін. Дәл солай істеңдер! – деп те айта алмаймын. Бірақта кейбір жеке мысалдарға қарап, жеңілтек мінез танытпау қажет. Егерде адамдар ойланып, өздерін сабырлықта ұстаса, ажырасу мүмкін болмаған болар еді. Махаббат та қайта оралар еді. Махаббаты да аялай білу керек, ол аспаннан түспейді. Егерде дарынды ұйымдастырушы болса, онда ол махаббатты да қалпына келтірері сөзсіз.
Біз қоғамдық жауапкершілікті сезінгендіктен сезім мен махаббатты аялап, оны дұрыс ұйымдастыра білуіміз керек.
Отбасы құрамына мен ата-ананың беделін де жатқызамын. Мен ата-ана беделін көтеру үшін ештеңе де айтпақ емеспін. Менің көрсеткім келгені, сіздің отбасында беделіңіз болмаса немесе жалған бедел орын алса, онда сіздің отбасындағы жағдайдың мәз еместігі аян.
Отбасы құрамына отбасылық күштерді дұрыс ұйымдастыруды да жатқызамын. Ана бүкіл отбасының шаруасын өз міндетіне алмауы тиіс, ол дұрыс емес. Мұнан да көп айтуға болар еді, кітаптың көлемі көтермеді. Егерде отбасының анасы өзінің ұлы мен қызының күтушісіне айналса, ал олар өздерін мырза сезінсе, ал екінші қырынан, ана өзінің жеке басына тән өміріне мән бермесе, онда оның толық қанды ана міндетін атқара алмағаны. Нағыз ана болу үшін балаларына үлгі болуы тиіс, балалары оны құрметтеп, балалық махаббатымен сүйіп, оған ұқсағысы келуі - тек нағыз адамшылыққа толы, азаматтық өмір сүргенде ғана болады.
II-III-IV томдар ерік пен мінез-құлықты, сезімді, сабырлылықты, сұлулықты сезінуді тәрбиелеуге арналады, оның астарында, аспанның әдемілігін, киім, сурет, атқарылатын іс-қылықтар көркемдігін, этикасын түсінемін. Іс-қылықтар жақсы немесе жаман болулары мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет