85
бұл тəсіл бойынша аударылған мақал-мəтел
мазмұны
жағынан да, түрі жағынан да түпнұсқаға дөп келетін,
сонымен бірге ана тілінің өзіне тəн қағидаларына
сыйымды, лайықты болуы тиіс. Осындай тəсілмен
аударылып,
тілімізде орныға бастаған, тіпті төл мақал-
мəтелдерден айырғысыз көптеген мысалдар келтіріледі.
Мысалы:
қасқырдан қорыққан тоғай араламас; достық
өз жөнімен, қызмет өз жөнімен; от болмаса түтін
болмас; қасқыр да тоқ, қой да аман; еңбек етпеген
ішіп, жемейді; тəтті өтіріктен, ащы шындық жақсы;
аз болса да, жақсы болсын; қойға шапқан батырың,
батырды көрсе қой болар; бетің қисық болса, айнаға
өкпелеме; аңшы алдынан аң жортар (на ловца и зверь
бежит);
жылтырағанның бəрі алтын емес; ұнтақталса –
ұн болар; балықшы балықшыны алыстан көреді; аштың
жайын тоқ білмес; соң күлген жақсы күлер; жақсы
даудан, жаман бітім артық (худой мир лучше доброй
ссоры);
əркім ауырған жерін сөз қылар т. б.
Шынында, бұл аударылған мақал-мəтелдердің ешбір
бөтендігі жоқ. Жұрттың бəріне түсінікті
байырғы
нақылдар сияқты. Ана тіліміздің заңдылығы да мүлтіксіз
сақталған. Ал түпнұсқамен салыстырып қарасаңыз,
оның да бар қасиеті түгелімен қамтылған. Тіліміздің
бейнелеуіш құралдар құрамын байытқан мұндай мақал-
мəтелдер жүздеп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: