Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет200/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   322
Сабақтың 
ортасы 
1-
тапсырма. 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін 
оқу. Мағынасын ашу. Тақырыбы мен идеясын анықтау. 
Сөздікпен жұмыс: 
Қансонар - жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі
Ғанибет - қызық, тамаша 
Томаға - бүркіттің екі көзін жауып тұру үшін кигізетін бас 
киімі 
Қырымнан - алыстан 
 
2-
тапсырма. 
«Ашық микрафон» әдісі
 
Оқушылар өлеңнің желісі бойынша сұрақтар құрастырып 
жауап береді. 
1.Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндің?
2.Өлең мазмұнынан бүркітпен аң аулаудың қандай 
ерекшеліктерін байқадыңдар?
3.Өлеңдегі аңшы, қағушы, оның достарының көңіл-
күйі, сезімі қай жолдар арқылы беріледі?
3-
тапсырма. Әр қатар өздеріне тиесілі тақырыпқа
салт-дәстүрмен байланыстыра отырып, мәтін жазады.
1-
қатар. Аңшы 
2-
қатар. Бүркіт
3-
қатар. Кәсіп 
Тақырыбы 
Идеясы 
Қима қағаздар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А4 беттегі 
сурет 
 
 
Сабақтың 
соңы
 
«
Жасырын сөздер» әдісі. 
Қажетті сөздер: 
Аңшы, бүркіт, томаға, түлкі, салт-дәстүр. 
 
РЕФЛЕКСИЯ: 
«Аралдар» әдісі 
Бүгінгі сабақта қай аралда болғандығыңызды білдіріп, 
себебін түсіндіріңіз. 


247 
ҚОСЫМША 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» 
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға. 
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, 
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. 
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, 
Сағадан сымпың қағып із шалғанда. 
Бүркітші тау басында, қағушы ойда, 
Іздің бетін түзетіп аңдағанда. 
Томағасын тартқанда бір қырымнан, 
Қыран құс көзі көріп самғағанда. 
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, 
Қандыкөз1 қайқаң қағып шықса аспанға, 
Көре тұра қалады қашқан түлкі 
Құтылмасын білген соң құр қашқанға. 
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап, 
О да талас қылады шыбын жанға. 
Қызық көрер, көңілді болса аңшылар, 
Шабар жерін қарамай жығылғанға. 
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, 
О дағы осал жау емес қыран паңға. 
Сегіз найза қолында, көз аудармай
Батыр да аял қылмайды ертең таңға. 
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады, 
Көктен қыран сорғалап құйылғанда. 
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, 
Жеке батыр шыққандай қан майданға. 
Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы, 
Адам үшін батысып қызыл қанға. 
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, 
Ұқсайды хасса2 сұлу шомылғанға. 
Қара шашын көтеріп екі шынтақ, 
О да бүлк-бүлк етпей ме сыйпанғанда, 
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. 
Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, 
Және ұқсар тар төсекте жолғасқанға. 
Арт жағынан жаурыны бүлкілдейді, 
Қыран бүктеп астына дәл басқанда. 
Құсы да иесіне қоразданар, 
Алпыс екі айлалы түлкі алғанда. 
«Үйірімен үш тоғыз» деп жымыңдап, 
Жасы үлкені жанына байланғанда. 


248 
Сілке киіп тымақты, насыбайды 
Бір атасың көңілің жайланғанда. 
Таудан жиде тергендей ала берсе, 
Бір жасайсың құмарың әр қанғанда. 
Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, 
Аң болады кеңесің құс салғанда. 
Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген 
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда. 
Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға 
Бәрі де анық тұрмай ма ойланғанда. 
Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, 
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң. 
Көлеңкесі түседі көкейіңе, 
Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң. 
Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, 
Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң. 
1 - 
Қандыкөз – бүркітті айтады. 
2 – 
Хасса, қаса (арабша) – өте сұлу, кемелге жеткен сұлулық. 
Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы»,
ІІ том, Алматы, «Жазушы» 2002 ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет