Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет274/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 
 
 
ҚБ. «Құс тұмсық»
(топ басшылары ) 
Қарасөзден автордың 
көзқарасын, пікірін білдіретін 
үзінділерді табуы
 

 
Осы үзінділердегі автордың 
көзқарасын түсіндіруі
 
 
Автор бейнесін анықтауы
 
 
Хат құрылымын сақтауы 
 
 
3-
тапсырма 
«515» 
әдісі. Ж 

минут ішінде тақырыптан меңгерген 15 
жаңа сөз жаз, жаңа тақырып бойынша 
түсінгеніңді бір сөйлеммен қорытып жаз. 
ҚБ
. «
Көңілді гүл шоғы». Орындалған 
тапсырманы жұп өзара тексеріп,бір-біріне 
гүл шоғын береді 
Сабақтың соңы 
 

минут 
 
 
 
 
Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» 
әдісі 
Ақпарат--------алдық,талдадық 
--------------------
дамыттық 
------------------ 
көрсеттік,айттық. 
«
Білім пирамидасы»
бойынша сабақта 
алған білімдерін қысқа үш сөйлеммен 
жазу. 
1.
Мен не білдім? 
2.
Маған не қиын болды? 
3.
Маған не қызықты болды? 
Оқушыларға үй тапсырмасын бер 


330 
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан 
«
Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, 
француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет 
Абай Құнанбайұлының жиырма жетінші қарасөзі 
(Сократ хакімнің сөзі) 
Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа 
тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға 
күлуші еді. 

Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам 
таңырқауға лайықты? - деді. 
Ол айтты: 
Толып жатыр, қазірет. 
Бірінің атын аташы, - дейді. 
Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің 
сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын,-деп, соған 
ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты. 
Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр 
пішінді жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма? - 
дейді. Соңғысы лайықты, - дейді, - бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, 
солай болып кетпей, басынан біліп істеген хикметімен болса, - дейді. Жә, пайдалы 
нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы 
анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің? - деді. Әрине, әшкере пайдаға 
бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін, - дейді. 
Жә, олай болса, адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде, тахқиқ 
ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп 
бергендігі әшкере тұр ғой. Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, 
дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік? Ол көз өзі 
нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін қабақ беріпті. Желден, 
ұшқыннан қаға берсін болуы үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қағып 
тұруға керек болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып қас беріпті. Құлақ 
болмаса, не қаңғыр, не дүңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән-ешбірінен ләззаттанып 
хабар ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты не дәмдінің 
қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе? 
Көзді, мұрынды ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын 
көріп, иісін біліп, ішіп-жесін деп. Бізге керегі бар болса да, жиіркенерлік жері бар 
тесіктерді бұл бастағы ғазиз білімді жерімізден алыс апарып тесіпті, мұның бәрі 
хикметпен біліп істелгендігіне дәлел емес пе? - депті. Сонда Аристодим тахқиқ 
ойлап тексергенде, адамды жаратушы артық хикмет иесі екендігіне һәм 
махаббатыменен жаратқандығына шүбәсі қалмады. Олай болғанда және не 
ойлайсың, һәмма мақұлыхатты жас балаларына елжіретіп, үйірілтіп тұруын 
көргенде уа һәмма мақұлыхаттың өлімін жек көріп, тіршілікте көп 


331 
қалмақшылығын тілеп, ижтиһад қылуын көргенде, өсіп-өнуінің қамында болудан 
басқа істі аз ойламақтары - бұларының бәрі жұрт болсын, өссін, өнсін үшін. 
Солардың бәрін жаратқанда көңілдерін солайша ынтықтандырып қойғандығы һәм 
мұның бәрі жақсы көргендігінен екенін білдірмей ме? - дейді. 
Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп 
ойлайсың? - еді. - Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас 
емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, 
сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді 
де, сонан соң ие болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті 
көрімдігіне һәм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның 
ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне таңғажайып қаласың һәм 
ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендікпен бір нәрседен жаралған ба, 
яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша 
бұл есебіне, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола жаратылып 
һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын 
мықты көркем законге қаратылып жаратылды, - дейді. 
Ол айтты: 

Тахқиқ бұл айтқаныңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екендігі мағлұм 
болды. Ол құдайдың ұлықтығына іңкәрім жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің 
құлшылығыма не қылып мұқтаж болады? - деді. 
Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды 
жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе? - деді. 
Аристодим айтты: 
Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білем? - деді. 
Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де 
беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам 
алдын, артын, осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы 
күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген 
денеге қара, адамға берген денеге қара. Адам екі аяғына басып тік тұрып, дүниені 
тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты һәм өзге хайуандарды құлданарлық, 
пайдасын көрерлік лайығы бар. Хайуанның бірі аяғына сеніп жүр, бір өзіңдей 
хайуанды құлданарлық лайығы жоқ. Адам өзі өзіне сенбесе, адамды да хайуан 
секілді қылып жаратса, ешнәрсеге жарамас еді. Хайуанға адамның ақылын берсе, 
мұнша шеберлік, мұнша даркарлік, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік 
салахият ол денеге лайықты келмейді. Қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше 
түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар? 
Бірақ адам баласы болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге 
кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан 
қылғандығына дәлел емес пе? Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын 
әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының 
құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? - депті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет