Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет117/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

4-
топтың мәтіні 
Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны 
адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып 
жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің 
мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады: 
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, 
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып, 
Шаруа қуған жастардың мойны босап, 
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, - деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық 
байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз 
келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы 
алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді. 
Сондықтан да ол осы өлеңінің екінші бір жерінде: 
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, 
Диханшылар жер жыртып, егін егер. 
Шаруаның бір малы екеу болып, 
Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер, - дейді. 
Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен 
бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің 
қайнар көзі деп таниды. 
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, 
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер. 
Қара тастан басқаның бәрі жадырап, 
Бір сараңнан басқаның пейілі енер. 
Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне, 
Бойың балқып, ериді іште жігер, - деп, жаздың суретін өзі де сүйеді және оны 
жалпы жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін туғызатын маусым деп ұғады. 


145 
Абайдың тағы бір өлеңі - жазғы шілде кезін суреттеген өлеңі. Ақын бұл 
өлеңінде жаздың дәл кемеліне келіп тұрған кезін көрсетпек болады. Жаздың әдемі 
көрінісін: 
Жаздыгүн шілде болғанда, 
Көкорай шалғын, бәйшешек 
Ұзарып өсіп толғанда, 
Күркіреп жатқан өзенге, 
Көшіп ауыл қонғанда, 
Шұрқырап жатқан жылқының 
Шалғыннан жоны қылтылдап, 
Ат, айғырлар, биелер, 
Бүйірі шығып ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап, 
Арасында құлын, тай, 
Айнала шауып бұлтылдап, - деп суреттейді. 
https://abai.kz/index.php/post/17580
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет