144
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін
береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та,
сол кездің
суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған
жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің
мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.
Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын
қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң -
қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды.
Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде,
Абайдан
басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл
шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға,
жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады.
Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың
суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері -
ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: