Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет8/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§2. ӘДЕМІЛІК 
 
Әдемілік философиялық-эстетикалық санаттама* сипатында ежелгі Грекияда 
орныққан еді[23]. Ол Платон мен Аристотельден Гегель мен Вл. Соловьевке дейін еш 
өзгеріссіз заттың айшығы мен оның әлдебір әмбебап (
онтологиялық
) кейпінің мәні 
турасындағы сөзсіз және абсолюті жағымды ұғынылым ретінде танылды. Әдемілік 
көбінесе идеяның игі құрылымдық айшықтауы мен сезімдік танылымы болып сипатталды.
Поэтикалық тілге бет бұрсақ, Н. Заболоцкийдің "Ажарсыз қыз" өлеңі ойға оралады. 


13 
"Әсемдік дегеніміз не/Адамдар неге оны ұлықтайды?/Ол іші қуыс құмыра,/ Немесе ол 
құмыра түбіндегі жылтыраған от?" Бұған алып қосарымыз жоқ.
Әдеміліктің тұрмыстық (онтологиялық) негізі түрлінше ұғынылды. Аристотельше, 
әсемдік дегеніміз – ең алдымен белгілілік, өлшемдестік пен реттілік. Осының негізінде 
ұзақ дәуірлер бойы ол үндестік пен симметрия, сәйкестік пен тынымдылық ұғымдарымен 
түсіндіріліп келді. Тап осы концепция христиан эстетикасында да бар. Осылайша, Әулие 
Августиннің әсемдік туралы танымының негізінде тәртіп (огdо) санаты жатыр, яғни, әр 
нәрсе орын-орны және рет-ретімен қиюласып келуі шарт[24].
Сонымен бірге, христиан эстетикасына бағыт ұстанған басқаша ұғыным әдемілікті 
жоғарыдан түскен нұр деп санайды[25]. Осылайша, Николай Кузанский (XV ғ.) әмбебап 
және тұрмыстың кез келген көрініп тұратын бастау көзін мәңгілік тәңірлік нұр және 
аспани шұғыла деп сөз етіп, «шұғалалы форма» арқасында зат әсемдене түседі деп 
түйіндеді[26]. Осы эстетикалық пайымдау өз бастауын византия дінтанушысы Симеон 
Новийдің (XI ғ.) "Құдай дегеніміз – сәуле" деген пайымдауы және де Григорийдің ілімі 
мен 
исихастерші
Фаворсийдің Жарығы жер сұлулығынан артық деген ойларынан 
алады[27]. Осы ойды кейін Вл. Соловьев «әдемілік тек аян алу», ал жарық дегеніміз – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет