Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет25/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Тұрақты іргелес салаластардың қатарына жататын қарсылықтық сөй- лемдер бар. Олар мыналар:



  1. Бірінші компоненттің баяндауышы бұйрық рай етістік болып кел- ген конструкциялар қарсылықтық қатынасты білдіре алады. Екінші ком- поненттің баяндауышы болып ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ формалы етістік жұмсалады.

Мейлі, маған десе отыз, қырық адам қарсы шықсын, сескену дегенді білмейді (М. Қалдыбаев). Мейлі жас бол, мейлі кəрі бол, романда сурет- телетін Абай мен Əйгерімнің кездесуін осынау ғажайып өмір құбылысын тебіренбей еске ала алмайсың (К. Оразалин).

  1. Бірінші компоненттің баяндауышы өткен шақ көсемше + еді болып келген конструкциялар қарсылықтық қатынасты білдіру үшін жұмсалады.

Сол затты алайын деп келіп едім, иесі жоқ екен (Б. Тілегенов).

  1. Бірінші компонент баяндауышы -атын, -етін тұлғалы есімшеден жасалып, болатын не болған оқиғаны хабарлайды, екінші компонент оған кедергі, қарсы оқиғаны хабарлайды.

Бол, жинал, күтіп тұратын, уақыт жоқ, – деді мұртты адам дау- сын көтеріп (С. Мұратбеков). ... Өзім-ақ сілтей берейін онда, қысылып-


қымтырылатын, бөтен көз жоқ қой мұнда (Ж. Еділбаев). Тепсінетін, бұл сенің кеңсең емес (Д. Досжанов). Тіпті түсінбеймін. Мен əке-шешем неме- се аға-жеңгеммен тұрмаймын ғой, сен күшік күйеу атанатын (А. Алтай).
-тын, -тін формасы қатысып құрылған қарсылықтық салалас құрмалас сөйлем полемика араласқан диалогта жиі ұшырайды. -тын, -тін тұлғалы компонент алдыңғы репликадағы қарсылық тудыратын мазмұнды келтіреді. Бұл полемиканы жақсы танытады.
Ілгергідей қарсылықтық іргелес салалас сөйлем құрауға келгендей, алғандай, келетіндей, алатындай тұлғалы баяндауыштар қатысады. Бұл типтес баяндауыштар да бірінші компонент құрамында жұмсалады.
Ол сонша кейитіндей, бұл сонша, маубас па екен (Д. Досжанов). Екіленіп кеп, кеп кіжінетіндей, сені тонап жатқан ешкімді көрмедім (Д. Досжанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет