Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет27/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Іргелес салаластардың қатарына шарттық қатынасты білдіруге арнал- ған конструкциялар бар. Ол конструкциялардың құрылысы мынандай.



  1. Бірінші компоненттің баяндауышы «жедел өткен шақ етістік + бар ғой» (айтты бар ғой) типті болып құралады да, шарттық қатынасты білдіретін конструкция ұйымдасады.

Атқанға жығылмай, тек жараланды бар ғой, машинаның тас-талқаны шығады (С. Мұқанов). Егер оларға еріп кететін болды бар ғой, онда біз де аянбаймыз (Б. Майлин).

  1. Бірінші компоненттің баяндауышы келер шақ есімше + бар (айта- тыны бар, айтары бар) типті болып құрылып та, шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем ұйымдастырады.




21 Сауранбаев Н.Т. Осы құрамдағы конструкцияларды салыстырма бағыныңқылы сабақтас құрмалас деп таныған болатын. Т. Қордабаев та кейін осы пікірге қосылған; Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1998. – 83-б.; Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. – Алматы, 1995. – 123-б.


Апырмай, қызға бірауыз жылы сөз айтып, көңіл бүрлей алмайтыны бар, жайына отырып, жұрттың аужайын аңдаса қайтеді (Д. Досжанов). Қорқатыны бар қосқа неге қонады.
Шарттық конструкцияны ұйымдастыратын баяндауыштық форма кел- месі бар (болымсыз формадағы қимыл атауы + бар) түрінде де құралып, жұмсалады.
Бермесің бар, ол кедейді неге əуре қыласың (Б. Майлин). Бұл қолыңнан келмесі бар, уəде бермеу керек еді.

  1. Ілгергі компоненттің баяндауышы «жедел өткен шақ етістік + екен» (келді екенсің) типті болып құралады да, шарттық қатынасты білдіретін са- лалас құрмалас сөйлем ұйымдастырады.

Өкімет бер деді екен, бересің (Б. Майлин). Келді екенсің, қондырмай жібермейміз (С. Мұратбеков). Айтқаным орындалмайды екен, малыңа ие бол деймін... (Қ. Мұхаметжанов)

  1. Бірінші компоненттің баяндауышы «жедел өткен шақ етістік + ба» (айттым ба) типті болып құралады да, шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем ұйымдастырады.

Жеңгеңнің мінезі нашарлау. Кесірленді ме, құдай аулақ қылсын (Қ. Мұхаметжанов). Біз осыған жол беріп алдық па, онда шаруа бітті («Жас алаш»). Қылмыс істеді ме, жазасы лайық болсын (Айманбет).
«Ауыспалы осы шақ етістік + ме» (келе ме), «жақтық тұлғадағы есім сөз + ма (ме)», (мұғалімсің бе) қалыпты баяндауыштар бірінші компонент құрамында тұрып шарттық (мезгілдік) қатынасты білдіретін іргелес сала- лас сөйлем ұйымдастырады.
Бұлар мұжықтың бір қаласына келді ме, қаланың əкімі жетіп келеді.
«Жоғары ұлықтан қағаз бар, маздемге (цыган) жайланып жатуға жол жоқ» – дейді («Жұлдыз»).
Елдің ыңғайымен жүре берудің қажеті жоқ. Керісінше, сен музы- кантсың ба, құдай берген талантың, талабың, алған ілімің кəсіби деңгейге жетті ме, сол халыққа өзің үйрет (Б. Қажымұқанов).

  1. Ілгергі компоненттің баяндауышы бұйрық рай етістікпен жасалып, шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем ұйымдастырады.

Ертең жеңсінші, не көрер екенсің сен (С. Мұқанов). Осыдан келіп көр, жазаңды менен аласың (С. Мұқанов).
Мені ракетаға мінгізсінші, жер түгіл, ай-күнді айналып келейін (А. Нұрманов). «Мақұл, құда болдым» деген сөз шықсыншы, бар жиғанын поезға артып, қызын Астанаға өзі-ақ апарып тапсырмақшы (Д. Досжанов). Шарттық қатынасты білдіретін конструкция құруға бұйрық рай етіс-
тіктің болымсыз түрінен жасалған баяндауыш жиі жұмсалады.
Колхоздың наны болмасыншы, аштан өлер еді (С. Мұратбеков). енді
Еңбек ері деген атақ əпермеңдер, сонда болсын сөзім (С. Мұратбеков).

Бұйрық рай формасы бастапқыда келер шақтық мағына білдірген, бұйрық мағынаға соны негізге алып қалыптасқан. Шарттық іргелес құр- малас сөйлем құрауда бұйрық рай формасының бастапқы мағынасы жаң- ғырып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет