Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет21/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттері жалғаулық арқылы байланысумен қатар жалғаулықсыз да байланыса береді. Бірінші түрін Н. Сауранбаев жалғаулықты салалас, екінші түрін іргелес салалас деп атаған болатын. Н. Сауранбаев іргелес салалас деген термин жалғаулықсыз сала- лас деп атағаннан гөрі ұтымды көрінетін себептерін де атап кеткен15. Қазақ





15 Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1948. – 26-33-б.

тіл білімінде жалғаулықсыз байланысқан салалас құрмалас сөйлемдерді өз алдына бөлек конструктивтік тип ретінде қарау орнықты болды16.


Жалғаулық қатыспай ұйымдасқан салалас құрмалас сөйлемдерді құр- малас конструкциялардың өзара типі ретінде бөліп, оны іргелес салалас құрмалас деп арнайы атаудың бірнеше себептері бар:

    1. Іргелес салалас сөйлемдердің өзіне тəн ұйымдасу заңдылықтары, сол заңдылықтарды іске асыратын амалдары бар.

    2. Өзіне тəн функциясы бар.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын амалдар мыналар.

  1. Бұл конструкцияның компоненттерін біріктіріп, оны бір синтаксис- тік тұлға етіп көрсететін фонетикалық амал бар, ол – интонация17.

Конструкцияға тəн интонация З.М. Базарбаева эксперимент арқылы зерттеп, ол жөнінде былай деген: жоғарыда келтірілген салаластардың (ав- тор іргелес салаластарды айтып отыр – (Р. Əмір) жалпы тональды деңгей- лері біркелкі толқынданып, компоненттерінің ара жігінде интонациялық контур болымсыз тональды интервалмен белгіленеді, əр компоненттің бастауышы мен баяндауышы акценттеліп, молырақ интенсивтілікпен ай- тылып тұр18. Өкінбе, əке, атың бар сөнбейтұғын (М. Мақатаев). Бұл – іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің бəріне тəн ортақ интонациялық бейнесі. З.М. Базарбаева бұл салалас құрмалас сөйлемдердің түр-түріне грамматикалық құрылысындағы айырмашылықтарға сай ерекше интона- ция бейне болатынын айтады19.

  1. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыруға анафористік сөздер қатысады. Анафористік сөздер деп отырғанымыз – екінші компо- ненттің құрамына функционалдық мүше ретінде орын алып, ілгері ком- поненттің мазмұнын қатыстыратын сөз. Мысалы, Кім келді, кім кетті, оны біле алмады деген конструкцияның екінші компонентінде тұрған оны

– анафористік сөз. Бұл сөз бірінші компонент хабарлаған оқиғаны объект ретінде қатыстырып тұр. Анафористік қызметті көбіне есімдіктер, есімдікті негіз етіп құрылған сөздер (сөйтіп т.т.) атқарады.

  1. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің басты ерекшелігі оның грам- матикалық құрылысында. Оның грамматикалық құрылысының сипаты компоненттерді байланыстыру үшін жалғаулықтарды қатыстыруды қажет етпейді.

Салалас құрмалас сөйлемдерді жалғаулықсыз байланысуын қамтама- сыз ететін мынандай екі жағдай бар:



16 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. – Алматы, 1995. – 46-б.; Қазақ грамматикасы. – Алматы, 2002. – 695-б.
17 Іргелес салалас құрмалас сөйлемнің интонация ерекшелігін сырт байқау ретінде Н. Сауранбаев ертеде айтқан. Сауранбаев Н.Т. Аталған еңбегі. – 26-б.
18 Базарбаева З.М. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. – Алматы, 1996. – 149-б.
19 Базарбаева З.М. Аталған еңбегі. – 199-б.



  1. Салалас құрмаласқа қатысатын бірінші компоненттің құрамына ар- наулы формадағы финиттік баяндауыштардың қатысуы. Осы баяндауыш- тардың формасы құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы мағы- налық қатынасты білдіріп, оларды байланыстырады. Мысал ретінде бір- екі осындай форманы атайық. «Жедел өткен шақ етістік + бар ғой» түрінде құрылған баяндауыш (айттың бар ғой) іргелес құрмалас салалас компоненттерін байланыстыру қызметін атқарады: Егер аналарға еріп ке- тетін болды бар ғой, онда біз де аянбаспыз (Б. Майлин).

Осы сияқты «жедел өткен шақ етістік + демеулік ме» түрінде құ- рылған баяндауыш та (келді ме) осындай қызметке бейімделген: Күлме қыздар орынсыз. Күлдің бе, ол өкпелейді (Ə. Тəжібаев).
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыруға арнайы бейім- делген баяндауыштық формалар бірқатар. Олар іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық түрлеріне байланысты аталады.

  1. Ендігі бір іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің құрылысы баста- уыш-баяндауыштық құрамы, яғни конструкциясы түгел бейімделген ком- поненттердің қатысуына негізделген.

«Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы осы еді, сол еді, осы еді»: кетуі сол еді. «Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы мұң еді!»: келуі мұң еді болып ұйымдасқан компоненттер қатысқан салалас құрмалас сөйлемдер ылғи да жалғаулықсыз құрылады. Өйткені аталған компонент- тер екінші бір компонентпен синтаксистік қатынасқа түсуге бейімделген.
Ебейсіннің үйден шығуы мұң екен, Құдаймен де қарқылдап үйді басына көтере күлді (Ə. Нұрпейісов).
Бастауышы өткен шақ есімше баяндауышы осы еді (келгені осы еді), Бастауышы өткен шақ есімше баяндауышы мұң еді (келгені мұң еді) бо- лып ұйымдасқан компоненттер де іргелес салалас құрмалас сөйлем құруға қатысады.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер тек құрылыс ерекшелігін ескерген- де екі топқа бөлінеді:

  1. Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

  2. Ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Арнаулы баяндауыштық формалар арнаулы конструктивтік компонент- тер қатысып құрылған конструкциялар тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер тобына жатады.
Бұлардан бөлек жалғаулықты қатыстырып та, қатыстырмай да құрыла беретін салалас сөйлемдер бар. Жалғаулық қатыспай құрылғанда бұлар іргелес салалас сөйлемдер қатарына жатады. Мұндай конструкцияларды ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер деп атаймыз. Тыстағы жел үдей түсті білем, терезеге қиыршық ұрып өтеді (Д. Досжанов). Сөйлем жалғаулықты

қатыстырып та құрыла береді: Тыстағы жел үдей түсті білем, өйткені терезеге қиыршық ұрып өтеді.


Жалғаулықты салалас сөйлемдердің көпшілігі іргелеске айналып құры- ла береді. Өйткені жалғаулық білдіретін мағыналық қатынас компоненттер- дің мағыналық ара салмағынан-ақ білініп тұрады. Жалғаулықтың қатысуы синтаксистік байланысты нақты танытатыны рас. Бірақ оның түсірілуі, қа- тыспауы да лебіздің коммуникативтік мақсатына қызмет етеді. Лебіздің коммуникативтік мақсаты талап еткенде аталған салалас сөйлемдер жал- ғаулықты қатыстырып құрылады, екінші бір коммуникативтік мақсат ту- ғанда жалғаулық қатыспайды.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің өзіне тəн қызметі бар.

    1. Іргелес салалас сөйлемдер лебізді эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалады. Тұрақты іргелес салалас сөйлемдер осы қызметке бе- йімделген.

    2. Іргелес салалас сөйлемдер лебізді үнемді, жинақы құрап айту қажет болғанда жұмсалады. Сөздің осы бағытын ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер өтейді.

Осы аталған коммуникативтік талаптар көбірек орын алатын стильдер, функционалдық аумақ бар. Сондықтан іргелес салалас құрмалас сөйлемдер мынандай функционалдық аумақта жиі көрініп жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу тілі Мақал-мəтел, нақыл сөз
Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш т.т.20
Көз қорқақ, қол батыр. Қорқақ мың өледі, батыр бір өледі. Айналада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.


Кірмембес ауыр қолға бас болып Күңіреніп күн түбіне жортқанмын! Дүниенің басы сайран, түбі ойран, Озар сойды бұ дүние

Азаулының Аймауыт Ер Доспанбет ағадан




Сақ етер тиді саныма, Сақсарым толды қаныма. Жара бір қатты, жан тəтті, Жара аузына қан қатты
(Доспанбет)





20 Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1948. – 29-б.; Амиров Р. Особенность синтаксиса казахской разговорный речи. – Алматы, 1972. – С. 137-178.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер компоненттерді ұзындығы жағы- нан тең құрып, симметрия етіп, əрі жалғаулықсыз жарыстыра қатар келтіру арқылы параллелизм деген экспрессивтік конструкция құрайды.


Сусамыр елдің жайлауы, өмірдің бар ма байлауы.
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер білдіретін мағыналық қатынас əр түрлі. Тұрақты іргелес салалас пен ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер білдіретін мағыналық қатынастары жағынан тең келе бермейді. Сондықтан бұл топтардың іштей грамматикалық-семантикалық түрге бөлінуі дара-да- ра аталғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет