Тұрақты іргелес салалас сөйлемнің қатарында себептік қатынасты біл- діретін сөйлемдер былай құрылады:
Бірінші компонент «бастауышы есімше – баяндауышы сол» болып құралып, бір оқиғаны хабарлайды да екінші компоненті соған себеп болған оқиғаны хабарлайды.
Сатып алмағаным сол, машина ескіріп қалған екен. Есеп шықпайды дейсің, шықпайтыны сол, көп қате жібергенсің.
Бастауышты етістікті сөйлем баяндауыш ретінде солсөзін қатыстырып тұр. Сол анафористік қызмет атқарып, оқиғаның себебі екінші компоненттегі оқиға екендігін сілтеп көрсету үшін жұмсалған.
«Бастауышыесімше–баяндауышысол»болып құралған компонент соңғы позицияда жұмсалып, ілгергі сөйлемде хабарланған оқиғаның се- беп екенін нұсқап көрсетеді. Себеп болып тұрған бірінші компонент атаған оқиға. Екі компоненттің арасындағы мағыналық қатынасты білдіріп тұрған
– анафористік сөз сол. Құнанбайбұлүйінекөпқонғанемес. Олбіртопүлкендерменеларалап, жолаушылапкеткенеді,ҰлжанныңДулаттыжібермегенісол(М. Əуезов).
...селтетіпояныпкетті.Ендіұйқыболмасынбілді,іштүйнекболғанадам- шашөмпиіпотырғаны соледі(Д. Досжанов).
Дəл осы үлгімен құрылған іргелес салалас сөйлемдерде анафористік сөз ретінде сондықтан жұмсалады. Сондықтан сөзінің былай жұмсалуы оның генезисіне байланысты.
Алдашөпбар.Естіалардай,масқылардайжұпараңқыған,əлібүрлері үгілмегенкөкжауқазын,құрғақшөпбар.Сонысезіпкеледі,безектепалып ұшатыны да сондықтан (С. Мұратбеков).
-Тын, -тін тұлғалы есімше себептік мағыналы баяндауыш ретінде бірінші компонент құрамында тұрып себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем құрады.
Жазасынберетін,жолықсамбаекен(М. Қабанбаев).
Бірінші компоненттің баяндауышы көргендей, көретіндей тұлғалы сөздерден болып, себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем құрылады21.
Тілімбайланыпқалғандай,үншығараалмаймын.Біреукелсеекендеген- дей, балалары да елегізеді (С. Мұратбеков). Үнемі Москвада тұрып, сон- да тірлік еткендей, Москва ой-түсімнен неге шықпайды (М. Мақатаев). Ақбілек, жан-жағынан жау қуып келе жатқандай, елегізіп, қымтырыла береді (Ж. Аймауытов).
Аталған конструкциядағы – ғандайтұлғалы сөзді тиянақты формаға ие (verbum finitum) баяндауыштар жасалады. Жəне бұл тұлғадағы баяндауыш- тар дара коммуникативтік тұлға ретінде жұмсалатын жай сөйлем де құ- райды: Алма жаңа үзілгендей.
Есімшелер -дай,-дейжұрнағын жалғап, баяндауыш қызметін атқарған- да, олар модальдық мағынаға (оқиғаны жорамал болжам ретінде хабарлау) ие болады.
Іргелес салалас сөйлем құрамына осы ретпен құрылған компонент (бі- рінші компонент) себеп оқиғаны хабарлайды, екінші компонент содан ту- атын оқиғаны хабарлайды.