Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет24/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63

Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер мезгіл жағынан қатар болған оқи- ғаларды атайды.


... теңкиген ақ жастықтар төрге қатарланды, төсек салынды, тө- релер жатты (Ғ. Мүсірепов).
а) Мұндай қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемнің компоненттерінің баяндауыштары бірыңғай шақтық формада келеді.
ə) Ілгергі компонент баяндауышы + «көріп отыр едім» типті болып (көсемше формадағы негізгі етістік + отыр еді); «көсемше формадағы негізгі етістік + еді» түрінде, екінші компоненттің баяндауышы жедел өткен шақ болып құралған құрмалас сөйлем де мезгіл жағынан қатар кел- ген оқиғаларды атайды.
Болыс алақанын жайып еді, қағып, тырналап оған да бір атым тапты (Ғ. Мұстафин). Хамит сол жақтағы бір теректердің қып-қызыл болып қызарған жапырақтарына қарап келе жатыр еді, аты қымсынып қалды (С. Сейфуллин).
б) Бірінші компоненттің баяндауышы «жедел өткен шақ етістік + болды (кірді болды), шартты рай етістік + болды» (кірсе болды), «шарт- ты рай етістік + болғаны» (кірсе болғаны) түрінде құрылып, мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер ұйымдасады.
Кесе толы қымызды бердің болды, өңешке сылқ еткізіп құя салады (Б. Соқпақбаев). Ең ғажабы – солардың біреуімен кездесе қалсаң болға- ны, қай-қайдағы ойға түсіп, не бір қызық хикаялар маздап қоя береді (Қ. Жұмаділов).
в) Жедел өткен шақ етістік -ақ (сөйледі -ақ) түрінде құралған баян- дауышы бар сөйлем бірінші компонент болып қатысқан құрмалас сөйлем де оқиғаларды қатар болған етіп хабарлайды.
Мен сөйледім-ақ, аузыма қақпақ қояды.
г) «Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы сол еді» (келуі сол еді), «бастауышы есімше баяндауышы сол (еді)» (келгені сол еді) болып құрылған сөйлем бірінші компонент ретінде қатысқан құрмалас конструк- ция мезгілдік қатынасты білдіреді.


Аяғымыздың бортқа іліккені сол еді, машина селкілдеп қозғала берді
(Б.Тілегенов).
Үңгірдің аузына енгеніміз сол, жаңбыр жауып, құйып кеп берді.
д) «Бастауышы қимыл есім етістік баяндауышы мұң еді» (жетуі мұң еді), «бастауышы есімше – баяндауышы мұң еді» (жеткені мұң еді) түрінде құрылған компонент бірінші позицияда қатысып, іргелес салалас сөйлем қатар болған оқиғаларды хабарлайды.
Селдір сұйық қамыстары селтиіп, ащылық сораң өскен алқап еді. Соған жету мұң екен, əлгі сұр құйын лезде аппақ болып, ұзарып шыға келді (Ə. Нұрпейісов).
Екінші компоненттің құрамына сол-ақ екен, сол сол-ақ екен, сөйткенше болмады деген анафористік сөздер қатысып, мезгілдік қатынасты білдіретін құрмалас сөйлем құрылады: бірінші компонент бір оқиғаны хабарлайды да, екінші компонент соған ілесе болатын оқиғаны хабарлайды.
Шеткі үйдің бірінен сақ құлақ ақ қаншық шəу етті, сол сол-ақ екен əр үй- ден он-ондаған ит қаптап шығып, аттылы кісіге ұмтылды (Ə. Нұрпейісов). Бозбаланың ішінен бірері Нағиманы қайрап, Жүсіпке салуға кірісті, сөйт- кенше болмады екі əйел қарама-қарсы отыра қалып өлең бастады (Б. Майлин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет