Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет43/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

-са, -се формалы етістік баяндауыш болып байланыстырған бағыңқы, басыңқы компоненттер оқиғаларды, іс-əрекетті өзара сəйкес екенін білдіріп хабарлайды.

Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Ғ. Мүсірепов). Көкте күн күрілдесе, жерде колхоз мүшелерінің алақаны дүрілдетеді (Ғ. Мүсірепов). Қостанайда жаңбыр жауып тұрса, Ақмола да солай. Қара жібектен тігілген ұзын қара көйлек киген əйелдері қандай ибалы болса, жұқа ақ жібектен тігілген кең ақ шалбар, ұзын ақ шапан киген ерлері де сондай ізетті (Досанов). Менің шешемнің кісілігін Əуезов та, Мүсірепов те барын- ша мəртебе тұтатын. Ащы мысқылды адам Мүсірепов шешем отырған жерде сырбаз қалпынан айнымаса, Əуезов өзінің зор мəдениетімен ілтипат көрсететін еді (Қ. Ғабиденұлы).

    1. -са, -се тұлғалы етістік баяндауыш болып құрылған құрмалас сөйлем қарсылықтық қатынасты білдіріп жұмсалады. Бағыңқы компонент бір мақсатқа, мүддеге бағытталған іс-əрекетті хабарлайды, ал басыңқы компо- нент оған қайшы келетін оқиғаны, іс-əрекетті хабарлайды.

Жұрт жалғыз қызына жете алмай жүрсе, бұларға ойын керек (Қ. Мұхаметжанов). Біз оны уайымдап жүрсек, ол қалада сайрандап жү- ріпті (М. Тиесов). Қазақтың баласы дейін десе, шашы, бұрымы алтындай алтын сары (Д. Досжанов).
Қарсылықтық қатынас компонентте қарсы мəнді сөздер қатысқанда айқын көрінеді.
Жем сұрасам, шөп жіберіпті. Тəттімбет сары жазды, Саржайлауды сағынады. Жазының санына көзі жетпесе, жайлауының саны көкейінде (Т. Əлімқұлов).
Қарсылықтық қатынасты білдіретін конструкцияларды -са, -се жұр- нақтары мезгілдік мағынасына сүйеніп құрған.
Қарсылықтық қатынасты білдіруде жиі жұмсалатын конструкция мына үлгідегі баяндауыштың қатысуымен жасалады.
«Шартты рай етістік + демеулік да (де)» -се де (айтса да).
Сол кезде колхоз жүгері егетін. Төрт жарым жылғы соғыс əне-міні аяқталса да, жүдеулі жұрт еңсесін жинап, жадырап кете алған жоқ-ты

(Д. Досжанов). Бала ғой, у-шуы көп ауылды сағынады білем, қайта жас та болса, шыдайды (О. Бөкеев). Інім болсаң да, айтайын (Т. Иманбеков).


Мысалдан көрініп тұр, есімді күрделі баяндауыш құрамында демеулік негізгі сөз бен көмекші етістіктің арасына түсіп, лебізді түрлендіреді: Ей, көп халық, көп те болсаң, шөп халық (Ш. Құдайбердиев). Беріп кет-ау сақинаңды, мыс та болса (халық əні).
Етістіктің -са да формасы қарсылықтық қатынастың анықталуына се- беп. Сондықтан бұл құрылыстағы конструкция қарсылықтық қатынасты білдіруге арналған амал ретінде аталады37.
Тілдегі фактілерге қарағанда -са да, -се де тұлғалы баяндауыштар мезгілдік, шарттық қатынасты білдіретін конструкция да ұйымдастырады. Талдан талға қонған құстар бұталарды шайқап, жапырағын сыбдыр- латса да, қайраңнан балық шолп етсе де, қамыс арасынан серігін іздеген үйрек қарқылдаса да, күткенің келіп қалғандай, селт етесің, жүрегің алып ұшады, бірақ ешкім жоқ, айнала тыншығып, суға төнген қамыс, тал үнсіз мүлгиді (А. Нұрманов). Сұраса да, беріп жіберетін едім ғой (Т. Иманбеков).
-са да, -се де формалары арқылы құрылған конструкциялардың қар- сылықтық мағынасы да, компоненттердің мазмұнындағы қарсылықтық- қа, олардың құрамындағы қарсы мəндес сөздерге байланысты. -са да, -се де формалары қарсылықтық қатынастың анық, бадырайып көрінуіне, та- нылуына себепкер.

    1. Шартты рай етістіктің қатысуымен құрылған сабақтас құрмалас сөйлем мынандай қатынастағы оқиғаларды, іс-əрекетті хабарлайды: ба- сыңқы компонент сөйлеушінің тұжырымын, қорытындысын хабарлайды, бағыңқы компонент қорытындыға, тұжырымға дəлел болатын оқиғаны, іс-əрекетті хабарлайды. Бұл қатынасты мына схемамен көрсетуге болады:

«дəлел ретіндегі оқиға, іс-əрекет – қорытынды, тұжырым».

  • Үйден қандала деген бəле шығып, екі күн болды, мазамды алып, ұйықтатпай жүргені.

  • Қандалаға мазаң кетсе, əлі де қытығың басылмаған-ау, сайтан (Ə. Асқар). Асқар осындай икемі жоқ балаға үй салуды тапсырса, оның жағдайы мəз болмағаны (Ə. Асқар). Бұйрық шығарса, бастық қаһарына мінген болды ғой (Ə. Ақпанбет). Күлəш мейірлене қарады:

  • Қызғансаң, əлі мені жақсы көреді екенсің ғой онда (Т. Иманбеков). Осыған жуық мағыналық қатынаста мына құрмалас сөйлемдер құ-

рылған.
Əл-ауқаты жақсы, ішкені алдында, ішпегені артында болса, кигені үс- тіне қонса, бұл да азамат көркі, ел тыныш болса, ол да алаңсыз көңілге дəт (Ə. Асқаров). Сен сатқындық жасасаң, мені ұстап берсең, мысалы, ол дəл сол жерде өлгенің, ар-намыстан жұрдай болғаның (А. Нұрманов).



37 Қазақ грамматикасы. – А., 2002. – 720-б.; Қазақ тілінің грамматикасы. – А., 1971. – 292-294-б.


Хайуан арыстан, жолбарыс болмай, бəрі бір қасқыр немесе маймыл боп жаралса, оның несі қызық.
Шынында да жер бетіндегі төрт-бес миллиард адам түп-түгел бір адамнан туған сияқты туса, ол да жаман-ау (Ə. Ақпанбет).
-са, -се тұлғалы баяндауышы бар компонент келешекте болатын оқи- ғаны хабарлайды, -са, -се келер шақ мағынасын білдіреді. Басыңқы сөйлем сол келешек оқиға туралы сөйлеушінің бағасын, орны жөнінде пікірін білдіреді. Компоненттің құрамында ол деген есімдік анафористік қызмет атқарып, ілгергі оқиғаға қатысын көрсетіп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет